10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»



бет3/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#22689
1   2   3   4

Мектеп құраушысы 10-сынып Химия


Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері
Мақсаты: а) білімдік - химиялық реакция типтері жайлы білім беру.
б) тәрбиелік – ғылыми - саналылыққа тәрбиелеу
в) дамытушылық - оқушылардың ерік пен дербестігін дамыту
сабақтың типі: жаңа материалды игерту
түрі: лабораториялық, «Лагун» құпиясын зерттеу
әдісі: проблемалау, демонстрациялау, жұмбақ ойын
Техникалық құралдар:электрондық диск (тәжірибелер); интерактивті тақта.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, «Лагун» картасы
Пән аралық байланыс:Математика, география
Сабақтың жүру барысы: I Ұйымдастыру (амандасу,кезекшімен жұмыс)
II Кіріспе «Елестету стратегиясы» Балалар! Сіздер саяхатқа шығуға, құпия сырын ашуға қызығасыздар ма?Әрине, кез-келген адам жасына қарамастан саяхатқа 7шығуға, құпияны ашуға құмар келеді. Ендеше, «Химия» кемесімен білім әлемінің көкжиегіне шарықтап көрейік.Мен, кеме капитаны, сіздер жолаушылар. Кездейсоқ «Химиялық Лагунге» тап болдық . Құпия «Лагун» - біздің мекеніміздегі суқоймасы.Біз білетін қандай қосылыс бізге серік бола алады? Ашық мұхитта қалып қойдық.Бізге су серік болып, Лагун тұрғыны қарсы алды.Судың әңгімесін тыңдайық және үйге қайтар жолды көрсетуді сұрайық.
Келісім шарт: - бір - бірімізді тыңдаймыз
- ойымызды ашық, еркін айтамыз.
Су: Біздер химиялық қосылыстар, «Лагун» тұрғындары.Біз бір кезде қандай едік? Бір-бірімізбен туыс едік, тату тәтті өмір сүріп жаттық. Біздің өміріміз өте қызықты еді.Бірімізге - біріміз бауыр басқан ағайын, тума-туыс болатынбыз. Айналамызға жылу таратып, түрлі-түсті өзгерістерге ұшырап, химиялық айналулар жүргізіп, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз.Бір күні Пері сиқыршы біздің туысқандық есімізді ұрлап алды.Содан бері бір туғанымызды, атымызды ұмытып, есімізден айырылдық. Біз кімбіз? Біз бір-бірімізбен қалай қарым-қатынас жасаймыз, қонаққа қалай барамыз, бәрін ұмыттық. Қосылыстарды сиқырлап тастаған. Нәтижесінде бәріміз бөлек-бөлек тұрамыз, ауылдарымызда бөлек.Бірақ әлі үміттенеміз . Туысқандық жақындығымызды қайтадан қалпына келтіргіміз келеді. Ол үшін бізге Пері сиқыршының 3 тілегін орындап, көмек берсеңіздер екен. Бізге көмектесетін қайырымды жандар табылар ма екен? Біз сіздерге адаспайтын білім жолын көрсетеміз. Іске сәт!
балалар, енді біздің шығар жолымыз жоқ.Білімдерімізбен «Лагун» тұрғындарына көмек берейік. Келісесіздер ме? Ендеше, Пері сиқыршының бірінші тілегін тыңдайық.Су «Лагун» су қоймасының картасын көрсетеді.Мына сұрақтарға жауап беріңдер.«Зат мөлшері» деген не?
«Молярлық масса» деген шама нені өрнектейді?
III Жаңа білім беру Ауылдың аты неге өзгеше?
Алгоритмі:
1.Қосылу реакциясы
2. Айырылу реакциясы
3.Орынбасу реакциясы
4. Алмасу реакциясы
Fe+S=FeS; CaO+H2O=Ca(OH)2; Cu(OH)2=CuO+H2O;
CaCO3= CaO+CO2
Fe+CuCl2= Cu+FeCl2
Zn+2HCl= ZnCl2+H2
CuO+H2 SO4= CuSO4+H2 O
IV Екінші тілегі: Картадағы қосылыстарды шешу
Мына реакция теңдеулерін теңестіріңдер, коэффициенттерін қойындар, типтерін анықтап, теңдеуден сол жанына жазып қойындар:
C +2 H2→CH4: 2HgO →2 Hg+ O2
2KOH + H2 SO4→ K2 SO4+ 2H2 O алмасу
V Үшінші тілегі: Сиқыршы әр ауылға карточка қалдырып кеткен.Соны шешу керек.
Мынадай реакция теңдеулердегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер, әрі реакция типтерін анықтаңдар:
1.Mg+ ? → MgO:
2.Fe(OH)3 → Fe2 O3+?
3.Zn+ ?→ Cu + ZnCl2
4.?+ HCl→ ZnCl2+ ?
Су:Химиялық «Лагун» тұрғындары сиқыршының қоршауынан босады.Біз қайтадан бір-бірімізбен табысып, химиялық байланысқа түстік. Мен сіздердің жолдарыңызды көрсетейін, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлығым бар.

VI Бағдарламалық тапсырма код құру. Сабақты қорытындылау 8 7 1 2 2


Химия пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (8)
Валенттілік саны (7)
Сутек неше валентті (1)
НО формуласындағы валенттілікке сәйкес қандай индекс қойылады? (2)
Оттек неше валентті (2)

VII Үй тапсырмасы . №8,9


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Күні: Мектеп құраушысы Химия

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Оқушыларға зат мөлшері. Моль. Авогадро саны бойынша алған білім

білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруды

үйрету.Оқушылардың интеллектуалдық

деңгейін арттыру;

Дамытушылық Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

Тәрбиелік Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сызбынұсқалар.Ә.Е.Темірболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы.

Реактивтер:Сынауықтар, спирт шамы,қысқыш, құрғақ спирт,сіріңке..

Сабақ әдісі:

жарыс, деңгейлеп оқыту, мәселелік оқыту, дамыта оқыту технологиясы..

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларда түгендеу.Оқушыларды ұйымдастырып, екі топқа бөліп

(сутегі және

оттегі) топ аттары және топ басшылары сайланады. Оқушыларға сабақтың

барысы мен мақсаты түсіндіріледі.

Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру.

«Миға шабуыл»

Бұл кезеңде оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қ

ойылады.Уақыт есептеліп,

әрбір дұрыс сұраққа 1ұпай беріледі және ол ұпай топ пайдасына шешіледі.

1.Химиялық таңбалардың дұрыс оқылуын тексеру.

2.Химиялық таңбаларды және атомдық массасын уақытпен жарыса жазу.

3.Химиялық реакция теңдеулері бойынша жаттығул

ар орындау химиялық тілде оқу,

Тапсырманы 4 оқушы жазбаша орындау:

Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:

«Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік

массасын және зат мөлшерін есептеу»

Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Моль бұл құрамында 0,012кг(12г) көміртекте болатын

атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер.Көміртектің әрбір атомының

массасын(1,993*10-23)біле отырып, 0,012кг көміртектегі атомдар санын NAесептеуге болады.

NA= 6,02*1023

Авогадро саны; өлшемі

мольдеп белг. Ол кез келген заттың 1молінде 6,02*1023бөлшектер болатынын көрсетеді. Авогадро саны өте

үлкен сан.Қазақ халқы өте көп нәрсені «адамның шашындай» екен деп сипаттайды.Авогадро

саны жер бетіндегі барлық адамдардың шашының санынан да көп. Сөйте тұра, ыстық күнде

1моль су ішсең шөліне қана қоймайды, өйткені ол небәрі18г, яғни18мл болады. Химияда

заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады, ол г/мольмен өлшенеді және оны

М әріпімен белгілейді. 1) М= , мұндағы v(ню)-зат мөлшері. Мыс: Судың салыстырмалы

олекулалық массасы: 2) Мг(H2O) =2*1+16 = 18г;

Судың 1молінің молярлық массасы: а)М (H2O) = = 18г/моль ;

Қорытынды

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келді?

Бағалау.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Күні:


Химия пәні 10 сынып Мектеп құраушысы
Сабақтың тақырыбы Газдардың мольдік көлемі. Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы, химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары
Сілтемелер Оқулық, БББ кестесі, үлестірме қағазы
Тренинг Бүгінгі сабағымызды жақсы көңілмен бастау үшін бір-бірімізге қарап өз аттарыңның бірінші әріпі бойынша жақсы сөздер айтыңдар.
Сабақтың мақсаты 1.Авагадро заңы, газдардың молярлық көлемі тығыздық жайлы ұғым беру.
2. Алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, химиялық есептер шығару, тәжірибелер жасау, химиялық реактивтерді дұрыс пайдалану дағдаларын дамыту.
3. Оқылған затты талдай білуге,салыстыраотырып қорытынды жасауға, өз білімінкөрсете білуге тәрбиелеу.
Міндеттері Пәнге қызығушылығын ояту; Анықтама айтып беру дағдысын дамыту; 7 модульді қолдануға дағдыландыру.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Элемент таңбалары арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару психологиялық дайындық жасау. Оқушылар кездейсоқ 4 топқа бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру:
1 - тапсырма: Мына реакциялардың типтерін ата, экзотермиялық, эндотермиялық теңдеуді анықта.
4P + 5O2 = 2P2O5 + 3010 кДж
N2 +O2 =2NO+G
2NO + O2 =2NO2- G
2SO3 = 2SO2 + O2 –G
H2 + Br2 =2HBr -62,6кДж
Жаңа сабаққа қосымша: Ал, Зат мөлшерінің бірлігі –моль –сол заттың бір молекуласы 6,02∙1023 бөлшек саны болса оны Авогадро саны деп атайды. Егер Авогадро санына моль-1 бірлігін қосып жазса, онда Авогадро тұрақтысы деп аталатын (NА) әрпімен жазылады. Олай болса NА = 6,02∙1023 моль-1 атом болады. Авогадро санын есте сақтау керек. Авогадро санын заттың молекуласын табу үшін қолданады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол Авогадро санын зат мөлшеріне көбейткенге тең.
Формуласы N = ν ∙NА Барлық формулаларды немесе тұрақты санды есептер шығару үшін қолданады.
1811 жылы италия ғалымы А.Авагадро газдар жайлы заңды ұсынды.
Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлеміндегі Молекулалар саны бірдей болады. Кез келген газдың 1 моліндегі молекула саны тұрақты 6,023 *1023 тең. Ол сан NА деп белгіленеді.
Қалыпты жағдайда кез келген газдың 1моліТұрақты көлем алады.Кез келген газдың 1молі 22,4 литр көлем алады.Молярлық көлем – VМ Қалыпты жағдайда берілген газдың көлемі - V деп белгіленеді , өлшем бірлігі: литр
Молярлық көлем деп, берілген газ көлемініңзат мөлшеріне қатынасын айтамыз.
Vм = V/ Y(нью) одан Y=V /Vм
1-ші газдың 2-ші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы D әріпімен белгіленеді. D =Mr1 / Mr2
Заттың тығыздығы: p( г/мл. г/см3).
Ауаның орташа молярлық массасы: 29
М=D(H2)* М(H2) М =D(O2)*М(O2) М= D(ауа)*М(ауа)
P=m /Y P=M /Vм

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Газ күйдегі заттардың молярлық массасын анықтау
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін ең алдымен оның молярлық массасын (г/моль) есептеп алады. Газ күйіндегі заттың молярлық массасы Авогадро заңы бойынша табылады.
Бұл заң бойынша бірдей температура мен қысымда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны да бірдей болады. Бұдан екі газдың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молекулалық массаларының қатынасындай болады:
m1 / m2 = М1 / М2мұндағы, m1 және m2 газдардың белгілі көлемдерінің массалары, М1 және М2 бірінші және екінші газдың молярлық массалары.Бірдей жағдайдағы бір газдың белгілі көлем массасының екінші газдың сондай көлемінің массасына қатынасы бірінші газдың екінші газбен салыстырғандағы тығыздығы деп аталады. Олай болса, тығыздықты D әрпімен белгілеп, теңдеуді былай жазамыз.D = М1 / М2 , бұдан М1 = М2 . DГаздың молярлық массасы басқа газбен салыстырғандағы оның тығыздығын екінші газдың молярлық массасына көбейткенге тең.Көбінесе газдардың салыстырмалы тығыздығын ең жеңіл газ сутек арқылы анықтайды. Сутектің молярлық массасы 2 г/ мольге тең. Олай болса, молярлық масса есептеуге келесі формуланы қолданамыз:
М1 = 2 . Dн2 , бұдан Dн2 = М1 / 2Газдың молярлық массасын ауа арқылы да анықтайды. Ауа газдар қоспасынан тұрса да оның орташа молярлық массасы 29 г/моль. Онда теңдеуді былайша жазамыз:
М1 = 29 . Dауа, бұдан Dауа= М 1/ 29Газ күйіндегі заттардың молярлық көлемі туралы мағлұматты қолдана отырып, заттың молярлық массасын (салыстырмалы молекулалық массасын) анықтауға болады. Ол үшін газ күйіндегі заттың берілген массасының қалыпты жағдайдағы көлемін табады. Кейін 22,4 л осы заттың массасын анықтайды. Алынған мән осы заттың молярлық массасы деп аталады. Мысалы, 0°C және 101,325 кПа қысымда 0,7924 г хлор 250мл көлем алады. Хлордың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. 22,4 л көлемдегі хлор массасынын анықтаймыз:22400 мл /m = 22400 мл . 0,7924/250 ≈ 71 г.Демек, хлордың молярлық массасы 71 г/моль, ал салыстырмалы молекулалық массасы 71 – ге тең. Газдардың көлемін қалыпты жағдайдан өзгеше жағдайда өлшеуге болады. Газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру үшін Бойль – Мариотт және Гей – Люссактың газ заңдарының біріктірілген теңдеуін қолданамыз:
РV / Т = Р0V0 / Т0 ,мұндағы V — р қысым мен Т температурадағы газ көлемі, V0 — P0 (101,325 кПа) қысым мен Т0 (273,15 К) температурадағы газ көлемі.Газдардың молярлық массасын идеал газ күйі теңдеуі,яғни Клапейрон – Менделеев теңдеуімен есептеуге болады:РV = mRT / М ,мұндағы Р – газ қысымы, Па; V – оның көлемі, м3; m – зат массасы, г; М – оның молярлық массасы, г/ моль; Т – абсолютті температура, К; R – универсалды газ тұрақтысы – 8,314 Dж/ (моль • К)Егер газ көлемі мен қысымы басқа өлшем бірлікпен берілсе,онда Клапейрон – Менделеев теңдеуінің мәні өзгереді. Қалыпты жағдайдағы заттың 1 молінің газ күйіндегі біріктірілген заңы бойынша келесі формуламен есептеледі:
R = (P0 . V0 / T0 ) газдың 1 молі үшінМысалы, көлемі 100 л 10 атм қысымда алынған газ параметрін есептеу үшін, қандай газ тұрақтысының мәнін қолдануға болады. Газ тұрақтысы мәнін қалыпты жағдайға сәйкес табамыз Р0 ≈ 101,3 кПа ≈ 760 мм сын. бағ. ≈ 1 торр ≈ 1 атм. 1 моль газдың қалыпты жағдайдағы көлемі V0 ≈ 22,4 л, температурасы То = 273 К. Демек, R = 1• 22,4 / 273 = 0,082 атм• л/ (моль• К)
Парциалды газ қысымы. Газдардың молекулалық массасын анықтағанда су және қаныққан су буы үстінде жиналған газ көлемі өлшенеді. Осы жағдайда газ қысымын өлшегенде су буының парциалды қысымына түзету енгізіледі. Қалыпты жағдайда әртүрлі газдар кез – келген қатынаста араласады. Олай болса қоспа құрамына кіретін әр газ өзінің парциалды қысымымен сипатталады.
Дальтон ұсынған парциалды қысым заңы—қоспа құрамына кіретін бір – бірімен химиялық әрекеттесетін газдар қоспасының қысымы газдардың парциалды қысымының қосындысына тең. 20°C температурада және 104,1 кПа қысымда су бетінде 570 мл газ жиналады. Мұндағы қысым газдың парциалды қысымымен қаныққан су буының қысымынан тұрады. 20°C температурадағы қаныққан су буы қысымы 2,34 кПа. Демек, газдың парциалды қысымы 104,1 – 2,34 = 101,76 кПа тең болады. Өлшенген газ көлемін қалыпты жағдайға келтіріп, келесі мәнді анықтаймыз:
V0 = P • V • To / Po• T = 101,76 • 570 • 273 / 101,325 • (273 + 20) = 533 мл
Барлық газ заңдары – Дальтон заңы, Гей – Люссактың көлемдік қатынас заңы және Авогадро заңы жуықтандырылған заңдар. Бұл заңдар өте аз қысымда, молекулалар арақашықтығы олар мөлшерінен көп болғанда және молекулалар бір – бірімен әрекеттеспеген жағдайда іске асады.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Сабақтың тақырыбы. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Сандық есептер шығару


Сабақтың мақсаты: термохимиялық (экзотермиялық және эндотермиялық) реакциялар бойынша алған білімдерін бекіту, қорыту.
Білімділік: Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын еске түсіріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық:Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру.
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару дағдысын, ойлау қабілетін,
белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға байланысты іс-шараларды қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығара алу.
Сабақтың типі: Аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ –жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: үлестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар,
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./
І деңгей: Химиялық диктант
Жылу мөлшері ... арқылы өлшенеді. Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері .... деп аталады. 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың ... деп аталады. Затты ауада жағу үшін оны белгілі бір температураға дейін қыздыру керек, ол заттың .... болып табылады.
ІІ деңгей:Төменде термиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіп, реакция теңдеуін теңестіріңдер:
A) С+O2=CO2 +Q
B) N2+O2=2NO - Q
C) P+ 5O2= P2O5 +Q
D) H2O →H2 +O2 – Q
ІІІ деңгей:
1) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: С+O2=CO2 +393 кДж,
Массасы 5 кг көмірді жаққанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.
2) Азот пен оттекті әрекеттестіріп 14 г азот (ІІ) оксидін алу үшін 45 кДж энергия беру керек. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.
2). «Тәжірибелер сыр шертеді»
IV. Қорытындылау. Кез келген химиялық реакция кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакциның жылу эффекті болады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген теңдеу –термохимиялық теңдеу деп аталады.
1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың меншікті жану жылуы деп аталады.
Химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға байланысты:
1) Әректтесуші Заттардың табиғатына
2) Температураға
3) Реагенттердің мөлшеріне
4) Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне
V.Үйге тапсырма:


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен.

Күні: 10-сынып Мектеп құраушысы Химия

                                       Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

  Сабақ тақырыбы:                Оксидтердің жіктелуі,аталулары мен алу жолдары.

Оқыту мақсаты:          Оксидтер жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін,  аталуын,кейбір оксидтердің алу жолдарын қорытындылау.

Реактивтер мен құралдар:           Темір(ІІІ)оксиді,сутек оксиді,магний оксиді, фосфор(V) оксиді,хром(ІІІ)оксиді,мырыш оксиді,кальций оксиді,мыс(ІІ)оксиді,т.б.

Көрсетілім:    Оксидтердің үлгілерімен танысу.

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсіру. Оқушылар бейорга- никалық заттардың жіктелу кестесін бұрын алған біліміне сүйене отырып жасайды. Ол  келесі сабақта толықтырылып, жалғасын табады.

                                                                            Бейорганикалық заттар

                        Жай зат                                                                                                               Күрделі зат

 

        Металл           Бейметалл                                                                          Оксид         Қышқыл          Негіз         Тұз



 

                                                                                                  Негіздік     Екідайлы    Қышқылдық

 

Жай және күрделі заттардың ережесін еске түсіреді. Күрделі заттардың негізгі кластарының ережелері сұралады. Содан кейін оксидтерді жіктеуді жалғастырады. Негіздік, екідайлы, қышқылдық болып бөлінеді, оларға мысалдар келтіру. Оксидтердің құрылымдық формулалары жазылып көрсетіледі.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыптағы мазмұнды білу. Оксидтердің алынуы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.


Оқушыларға қысқа мерзімдік өзіндік жұмыстарын ұсыну:

                  1-нұсқа.  Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-2, 4-4, 4-17.

                   2-нұсқа.  Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-3, 4-5, 4-18.

Өздік жұмысты талдай отырып, түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады және тапсырмалар беріледі:

1.      Оксидтер деп нені айтады?

2.      Негіздік және қышқылдық оксидтердің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңдер?

3.      Суда еритін және ерімейтін оксидті атаңдар?

4.      Күкірт(IV)оксиді,калий оксиді,темір(ІІІ)оксидтеріне сәйкес келетін гидроксидтердің формуласын жазыңдар?

Есептер мен жаттығулар жинағынан орындау (71-72бет):

4-1. Формулалары келтірілген заттардың ішінен: KOH,H2S,H2O,CO2,AICI3,AI2O3,FeO,  ,,,,,,,,,Fe2Oтек қана оксидтердің формулаларын теріп жазыңдар.

4-19. Мына қосылыстар:BaO,CuO,AI2O3,FeO,SO3,SO2,ZnO,P2O5,K2O,SrO оксидтердің қай түріне жатады. Төмендегі үлгі бойынша жіктеп,тұстарына аттарын жазыңдар.

 

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид

 

 

 

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар оксидтердің жіктелуі,аталуы мен алу жолдарын жоспарлы түрде айтып бере білуі керек. Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін айта білу.

 

 Үйге тапсырма:  Есептер жинағынан 4-10,4-11, Жұмыс дәптері.



 

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
 

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері.

Уақыты

Мақсаты

Қышқылдардың жіктелуі, алыну жолдары, тиісті реакция теңдеулерін дұрыс жазуға баулу.

 

Міндеттері

Оқушылардың қышқылдар туралы білімідерін одан әрі дамыту.Химиялық реакция теңдеулерін жазуға, сөйлеуге баулу,Оқушылардың қызығушылықтарны арттыру мақсатында, қышқылдар жайлы ақпарат қабылдай отыра, білімдерін саралау.Қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу.Ізздемпаздыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топтық, жекелей, зерттеу,есептеу

 

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ

 

Көрнекіліктер және құралдар мен реактивтер:

Сызбалар, слайд-шоу, электронды оқулық  , бейнефрагменттер

 

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Критералды бағалау жүйесімен таныстыру



1-2




-Бейорганикалық қосылыстар қаншаға бөлінеді?

-Қышқылдар несімен қызық?Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе?



 

Қышқылдар дегеніміз-металл атомдарының орын алмастыруға бейім  сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі заттар.

Бірнеше химиялық элементтердің формулалары беріледі.





3-4

Жаңа сабақты түсіндіру

1.Қышқылдардың жіктелуі : оттекті және оттексіз

Бір негізді, екі негізді, үш негізді қышқылдардың формулаларын жазу.

2.Қышқылдардың құрылымдық формуласын жазу

3.Қышқылдардың алынуы: Қышқылдық оксидтерден алу тәжірибесін қарастырайық. Суы бар стақанға қатты фосфор (Ү) оксидінің 1-2 түйірін салса, жылу бөліне отырып реакция жүреді.Нәтижесінде ортофосфор қышқылы түзіледі.

P2O5+H2O-H3PO4

Зертханада кейбір қышқылдарды алу үшін қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді

NaNO3+H2SO4-NaHSO4

3.Оттексіз қышқылдардың кейбіреуін сутекпен бейметалды тікелей әрекеттестіріп алады

H2+S-H2S

Қышқылдарға тән ортақ қаиеттерді сызбаснұсқасына сәйкес реакция теңдеулерін жазу:

 Қышқылдар+ негіздік оксидтер—-тұз+су

+металдар——- тұз+сутек

+негіздер——- тұз+ су

+карбонаттар—— тұз+су+газ

Қышқыл ерітіндісін анықтау үшін лакмус пен метилоранж индикаторлары пайдаланылады.

Зертханалық жұмыс көрсетілім №6

Сарамандық жұмыс №4

 


 15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағаныны алғашқы тексеру кезеңдері

Берілген реакция теңдеулерін жазу

Na2CO3+HCl-

K3PO4+H2SO3-

Au+H2SO4—

NaOH+HCl-

Есеп шығару: Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі.?

Массалық үлесі: 2,4% сутек, 39,1% күкірт,58,5 % оттектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар


6-7

Білімді қорыт ындылау және жүйелеу

ВЕНН диаграмасы ортақ қаиеттері мен айырмашылығын жазу

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен


 

10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Сабақтың тақырыбы: НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың мақсаты: 1.білімділігі. Жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жетілдіру.

2.дамытушылығы. Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және білімге деген ынтасын арттыру.

3. тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұқыптылыққа, инабаттылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, Менделеевтің периодтық жүйесі, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік кестесі.

Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, биология

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Сабақты қорыту

Үйге тапсыма беру.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.

Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.

1. Оксидтер дегеніміз не?- 4.Сутек атомдарынан және қышқыл

қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

2. Негіздер дегеніміз не?- 1. Екі элементтен тұрып оның біреуі

міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.

3. Тұздар дегеніміз не?- 2. Металл атомымен және бір немесе бірнеше гидроксотоптардан құралған күрделі заттар.

4. Қышқылдар дегеніміз не?- 3. Металл атомдарымен және қышқыл қалдықтарынан құралған күрделі заттар

1. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?- 2.тұз түзеді.

2. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде 1. негіз (сілті)

не түзеді?-



Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері

Негіздер дегеніміз-молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын күрделі заттар.



Негіздер Суда еритін Суда ерімейтін

LiOH,Ca(OH)2,Ba(OH)2, Cu(OH)2,Fe(OH)2, Fe(OH)3,

Екідайлы

Zn(OH)2,Al(OH)2, Be(OH)2,Cr(OH)3,Pb(OH)2, Sr(OH)2,Fe(OH)

Үйге тапсырма. Есептерді шығарып келу.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

10-сынып Химия Мектеп құраушысы




Сабақтың тақырыбы:«Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы »

Сабақтың мақсаты:


Оқушыларға тұздар, олардың құрамы, жіктелуі және химиялық қасиеті жайлы түсінік беру, оларда химиялық формула мен теңдеуқұру ,есеп шығару дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бейімдендіру, танымдық , ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу мен қатар алған білімдерін бірлескен топтық оқуда, өмірде пайдалануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер :
Тұздардың құрамын біледі.
Тұздардың жіктелуін меңгереді;
Тұздардың алыну жолдарын үйренеді;
Тұздардың формулаларын талдап, басқа күрделі қосылыстардан ажырата алды.
Тұздардың физикалық қасиеттеріне назар аударады;
Тұздардың химиялық қасиеттерін зерттейді, нақтылы тәжірибелер арқылы қорытынды жасайды;
Химиялық сауаттылықтарын, химиялық тілдерін және химиялық дағдыларын дамытады.
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Сыни оқыту технологиясы элементтері,
Тапсырмалар: Химиялық диктант, өздік,жұппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар , постер қорғау, сәйкестендіру тапсырмалары , бағалау.
Керекті жабдықтар: АКТ, үлестірме парақшалар, электрондық оқулық, плакат, маркерлер, ас тұзы, әк.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды тексеру, назарларын сабаққа аударып, психологиялық ахуал туғызу үшін оқушыларды ортаға шақырып «Жылы тілек» айтқызу, «Қайырлы күн болсын, сабағымыз сәттілікке толсын!»
Жана сабақ. Түсіну
Себебін түсіндіріп жаз және бір-біріңе түсіндір «Жигсо» әдісі бойынша «Тұздар» тақарыбын өздері талқылап, өздері ашу. Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды. Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек.
Тұздар
Орта тұз Қышқыл тұз Негіздік тұз
NaNO3 NaHSO4 MgOHCI
K2SO4 KH2PO4 AI(OH)SO4
Топпен жұмыс. IV топқа. тұздардың алынуы, IV топқа. химиялық қасиеттері, IVтопқа.тұздардыңқолданылуы жайлы мәтін мен таныса отырып ортада басқа топтарға таныстырып қорғау жұмысы беріледі. Оқушылар топта бірлесе талқылап, қорытынды таныстыруларын қағазға түсіріп ортада қорғайды.
Өзіндік жұмыс: Мына тұздарды жіктеп, аттарын атаңдар.Өзбетінше жаңа тақырыпты меңгерту.
СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4 ,
Жауаптары:Ортатұздар - СаSO4 (кальцийсульфаты), NaNO3(натрийнитраты), K3PO4 (калийфосфаты), СаSiO3 (кальцийсиликаты), FeCl3(темірхлориді), MgSO3 (магнийсульфиті).
Қышқылдықтұздар - CaHPO4 (кальцийгидрофосфаты), КН2РО4 - калийдигидогидрофосфаты.
Негіздіктұздар - Al(OH)SO4 (алюминийгидроксосульфаты)
Оқушыларбірін – бірітексеріпбағалайды. (тақтадағыдұрысжауабынақарап)
.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



Каталог: uploads -> doc -> 12f4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f4 -> Сабақ (химия + Бейнелеу өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"
12f4 -> Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық»
12f4 -> Технологиялық карта Білім беру сапасы: Қатынас
12f4 -> Сабақтыңтақырыбы : Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Мақсаты : Оқушылардыңбілімінарттыраотырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет