10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»


Күні:                     Сыныбы:10



бет4/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#22689
1   2   3   4

Күні:                     Сыныбы:10

Сабақ тақырыбы:           Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.

Сабақтың  мақсаты:   Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында

1.      Қандай оксидтер тобын білесің?

2.      Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?

3.      Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?

4.      Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?

5.      Әкті су арқылы көбірек ауа өткізгенде ерітінді не себептен лайланады?Тиісті реакция теңдеуін жаз

6.      Қара түсті-оксид берілген. Ол оксидтердің қай тобына жататынын анықта?

7.      Күкірт қышқылын пайдаланып, мырыш  сульфатын қалай алуға болады?

8.      Тиісті металдың оксидінен сілтіні қалай алуға болады? Мысал келтір.          

Жаңа сабақ: Заттарды класқа – оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар деп бөлдік. Әр- қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байла- нысты түсінуге мүмкіндік туады.Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генети- калық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін.Генетикалық қатарлардың өзара байланысы:           Металл           Жай зат            Бейметалл  Бұл сызба-нұсқаға қарап,оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылад1. Судың өзі қандай қасиет көрсетед2. Суды қандай класқа жатқызуға болады?5-жаттығу. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:  а) Cu →  CuO → CuCI2 Cu(OH)2  → CuO  → CuSO4 ә) AICI3  → AI(OH)3  → AI2O3  → AI2(SO4)3   → AI(OH)3   → AI(OH)2CI

Үйге тапсырма: §49(5-9). Жұмыс дәптері.

 Тексерілді:



Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Тақырыбы

§3.1.Химиялық  реакциялардың жылдамдығы.




Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:



 

тәрбиелік:



«Химиялық рекация жылдамдығы» туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығыына әсер етуші  факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру;

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,қорытындылау.

Құрамы мен қаситтері,кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау  11-Б-2 көрсету .

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

 

Ұйымдастыру

кезеңі:


(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2







Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 3.1 № 3,6– жазбаша орындау.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.




Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
10-сынып Химия Мектеп құраушысы

Сабақтың  тақырыбы:  Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу шарттары Ле-Шателье принципі  

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік :  химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру, тепе-

                                        теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі 

                                        факторлардың (концентрацияның,температураның және 

                                        қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін

                                       қарастыру,

  Дамытушылық: Ле-Шателье принципін тұжырымдау.Есеп шығару дағдысын      

                                        одан  әрі жетілдіру.

 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Power Point презентациясы



 

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің  ПЖ

 

Сабақтың барысы:



                             А) Ұйымдастыру бөлімі

                             Ә) Үй тапсырмасына шолу

- Катализ(өршіткі), катализдің түрлері

- Тежегіштер дегеніміз не?

-Катализдік реакциялар

-Адсорбция, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферментерге қысқаша сипаттама беріңіздер.

 Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүрген жағдайда химиялық тепе-теңдік күйі орнайды.Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.  

2KClO3         MnO2        2 KCI  + 3O2 ↑                    

 

Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге  толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.



Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.

        Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:

 

N2 + 3 Н2                            2 NН3 + Q



Техникада қайтымды реакциялар, әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды,температураны, және т.б.өзгерте отырып)іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады. Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде.

алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде,газ күйінде ұшып кететін, мысалы:

             ВаСІ 2     +  Н2 SO4 =ВаSO4 ↓ +  2HCl   

                      Na2CO3+ 2HCl  =  2NaCI  + CO2 ↑  +  H2O   

өте аз диссоцияланатын қоcылыс түзілетін, мысалы су    

                  НСl + NaOH = H2O  + NaCl    

реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады.

 

 Тексерілді:



Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен
 

 

 



 

 

 
Каталог: uploads -> doc -> 12f4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f4 -> Сабақ (химия + Бейнелеу өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"
12f4 -> Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық»
12f4 -> Технологиялық карта Білім беру сапасы: Қатынас
12f4 -> Сабақтыңтақырыбы : Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Мақсаты : Оқушылардыңбілімінарттыраотырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет