10-тақырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары. Бастауыш сынып математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Жоспар


Бастауыш сыныптарда математика сабақтарының жүйесі



бет2/13
Дата28.11.2022
өлшемі65,78 Kb.
#160144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-Такырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары.

Бастауыш сыныптарда математика сабақтарының жүйесі.
Әр сабақта оқушылармен бірге бірнеше түсініктермен жұмыс жүргізіледі. Олардың әрбірін осы бағдарламаның түрлі басқыштарында меңгеру мүмкін. Әрбір сипаттаманы түсіну, басқа бір сипаттаманы қайталау, еске түсірумен бірге алып барылса, бұл сипаттау бұдан кейінгілерін түсіндіруге қызмет етеді. Оқыту процесінде әрбір оқу материалы дамтылған түрде алып барылады, бұл оқу материалы өзінен кейінгі оқытылатын материалды түсіну үшін іргетас болады. Басқа түсініктің меңгерілу процесіне қарайтын болсақ, ол бірнеше сабақтардың өзара байланысты оқытылуының нәтижесінде пайда болады. Сөйтіп, математикалық сипаттамаларды пайда етуде бір сабақ жеткіліксіз, яғни ол өзара байланыста болған бірнеше сабақтарды өту процесінде пайда болады. Мұндай сабақтарды бірге болған сабақтардың жүйесі дейміз.
Бағдарламдағы кез келген тақырыптың мазмұнын анықтауда және тақырыптың материалын сабақтың уақытына бөлуде, яғни білімді меңгеруде төмендегідей негізгі басқыштар қарастырылады:
1. Жаңа материалды оқытуға дайындау.
2. Жаңа оқу материалын түсіну игеру және жаңа білімді пайда ету.
3. Білімді нығайту және түрлі жаттығулар арқылы біліктілікті пайда ету.
4. Білімді қайталау, жалпыландыру және бір жүйеге салу.
5. Білім және біліктілікті тексеру.
Мысал ретінде 1-сыныпта “Екінші ондықта номерлеу” тақырыбын оқытудағы сабақтың жүйесін алайық. Бұл тақырыпты оқытуда:
а) ауызша номерлеу.
б) қосу мен азайтуды қарастыру арқылы жазбаша номерлеу басқыштарына көңіл бөлу қажет.
Бұл тақырыпты оқытуда төмендегідей жоспар түзу мүмкін:
1-сабақ. 2-ондықтағы сандарды номерлеу, бір таңбалы сандарды номерлеу және салыстыру негізінде түзіледі, сол үшін сабақтың басқа бір сандарын номерлеу және оның жалпы сұрақтары қайталануы қажет. Содан соң бір және бірлік, он және ондық, он затты бір ғана бірлікке біріктіру туралы түсінік.
2-сабақ. 2-ондықтың әрбір санын өрнектеу, оның ондық құрылымы, 20- ның ішінде есептеу, сандардың натурал тізбегі оқытылады. Барлық жұмыстар көрнекіліктер негізінде номерлеу қағидалары мен принциптерінің негізінде орындалады.
3-сабақ. Дициметр. “Дициметр және сантиметр” ұзындық бірліктері және олардың арасындағы байланыспен таныстыру номерлеуді оқытуда жәрдем береді, керісінше номерлеу білімі бұл ұзындық бірліктерін жақсы түсінуге жәрдем береді. Сондай-ақ, қарапайым және күрделі атаудағы сандар туралы түсінік беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет