10-тақырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары. Бастауыш сынып математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Жоспар



бет5/13
Дата28.11.2022
өлшемі65,78 Kb.
#160144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-Такырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары.

Тақырып: 68:4 түріндегі бөлуді түсіндіру.
Бұл кестеден тыс бөлу жағдайы.
Теориясы: 68:4=(40+28):4=40:4+28:4=10+7=17.
Түсіндіру төмендегі тәсілдермен талқыланып, жүргізіледі:
1) догматикалық әдіс;
2) евристикалық әдіс;
3) зерттеу әдісі (проблемалы әдіс).
Бірге жұмыс істеу қызметтің белсенденуіне жәрдем береді, оқушыларда өзара бақылау жүргізу және өзара жәрдем беру сапасын қалыптастырады, тәрбиелік міндетті орындайды.
Тәрбиелік міндеттердің атқарылуында кейбір тәрбиелік жағдайлары емес, бүкіл оқу процесі: білім мазмұны, оқу жұмысы әдістері, сабақтың жақсы ұйымдастырылуына көмек беруді ұмытпаған жөн.
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты бойынша бөлу негіз етіп алынады:
1) жаңа білімдерді меңгеру сабағы, мұнда оқушылар жаңа түсініктер, есептеу тәсілдері, жаңа түрдегі мәселелердің шешілуі, фигуралардың жаңа қасиеттері және сандарымен танысып шығады;
а) оқу және біліктіліктерді меңгеру сабағы;
ә) білімдерді топтап қолдану сабағы;
б) өтілгендерді қайталау, жалпыландыру және жүйеге салу сабағы;
в) білім, оқу және біліктіліктерді тексеру, бағалау;
г) аралас сабағы, мұнда бірнеше дидактикалық мақсаттар болып, олардың бәрі де маңызды саналады.
Сабақ төмендегі негізгі бөліктерден тұруы мүмкін:
Аралас сабақтың жоспары



Уақыт



Құрамдық бөлік

1-1,5 минут

I

Құрамдық бөлік. Мақсат: жұмыс жағдайын жарату

7-10 минут

II

Үй тапсырмасын тексеру: сұрау, дидактикалық материалдармен форнтал жұмыс істеу, сралас сұрау

15-20 минут

III

Жаңа білім беру, жаңа материалды талқылау(сұхбат, әңгіме, лекция, оқулық және дәптермен жеке жұмыс жргізу)

5-15 минут

IV

Жаңа матриалды нығайту, бұрын өтілген материалды қайталау, жаттығулар, дидактикалық ойын элементтері.

5 минут

V

Үй тапсырмасы, оның маңызы, орындау тәсілі мен байланысы, пәнаралық байланыстылығы.

2 минут

VI

Сабақтың аяқталуы.

Үй тапсырмасын тексеру сабақтың мәжбүри басқышы болып табылады.


Жаңа білім беру. Сабақтың бұл басқышы мектеп оқушыларының білім мен біліктіліктерін қалыптастыру және дамытумен байланысты. Аталмыш басқыш кейбір бөліктерге бөлінеді:
а) жаңа материалды үйренуге дайындық;
ә) мақсатты белгілеу (проблемалы жағдай жасау);
б) жаңа материалды үйрену;
в) қағидалар немесе атқарылған жұмыстың алгоритімін орындау (жаттау).
Ауызша санауда жаңа білімді қабылдауға дайындау мақсатында оқытушы сұрақтар енгізеді, оған берілетін жауаптар оларды жаңа білімдермен байланыстыру және білім мен оқудың жалпы жүйге енгізілуіне жәрдем болады.
Жаңа тақырыпты, жаңа материалды түсіндіруден алдын айтып өткен жөн, бірақ мұны оқушыларды жаңа есептеу тәсілдері, қасиеті тағы басқалармен таныстырғаннан соң аяқтау, түсіндіру қорытындысы ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа тақырыпты сұрау арқылы тексеріледі. Кейін қсықаша сөйлеу, теориялық білімдердің тереңдетілуіне де көмек болады.
Мысалы, 1-сыныпта оқушылар «36-2 және 36-20 түріндегі азайту» тақырыында азайтудың жаңа тәсілін үйренді. Нығайту үшін олар үйде мына мысалдарды шешеді.
69-3 98-6 100-8
69-30 98-60 100-7
Өлшемдерді салыстыру туралы бұрын өтілген білімді нығайтуда мынадай тапсырмалар орындайды:
2дм >18см 1 сум >80 тиін
6см <2дм 60 тиін >50 тиін
Практиканың көрсетуінше, үй тапсырмасы әдетте сыныпта орындалған жұмыс көлемінің жартысын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет