10-тақырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары. Бастауыш сынып математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Жоспар



бет6/13
Дата28.11.2022
өлшемі65,78 Kb.
#160144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-Такырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары.

Сабақты аяқтау. Оқытушы сабақты аяқтайды: «Сабақта немен шұғылдандық? Сабақта қандай жаңа нәрсені білдік» Оқушылармен бірге жаңа ереже қайталанады.
Оқушыларды жұмылдыру. Бағаны бірге қою, оқушының өзіне-өзі беретін бағасын пайдалану мүмкін. Қойылған баға оқушының өзіне берген бағасымен бірдей болғанда ең жоғары нәтижеге қол жеткізіледі.
Білімді бұлай бағалаудың тәсілі сабақ бойынша балл атауымен аталады.
Сабақ бойынша рейтинг балл жәрдемімен оқушыны әділ бағалау үшін жауаптарды кестенің көмегінде есептеу пайдалы саналады:





Аты-жөні

Тапсырманың түрлері

Ауызша санау

Үй тапсырмасы

Сұхбат

Өзіндік жұмыс

1.

Алимов У.

4

5

3

5

2.

Аюпов Д.

-

5

-

4

3.

Баратов Ф.

5

3

5

4

Сабақ бойынша рейтинг (балл) оқушылардың білім, оқу және біліктіліктерін жан–жақты тексеру мүмкіндігін береді, сабақ барысында балалардың белсенді түрде жұмыс істеуіне себеп болады, бірақ мұнда басқаша тексеру тәсілдері де қайтарымайды.


4. Тәлімнің сыныптан тыс көмекші формалары (үйірме, математика кешесі және басқа түрлері); өздестірмейтін оқушылармен жұмыс; Оқушылардың үй тапсырмалары, оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар; қателермен жұмыс істеу, оқушылардың білімін тексеру әдістері; сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Математикадан “сыныптан тыс жұмыс” дейілгенде оқушылардың сабақтан тыс уақытында ұйымдастырылған, бағдарламаға қатысты болған материал негізінде ерікітілік принцпіне негізделген жаттығулар түсініледі.
1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы және оның түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету және кеңейту, математиканың өмірмен байланысты болған жақтарын ашып беретін және бағдарламаға енбеген кейбір сұрақтармен таныстыруды мақсат етіп алады.
Сыныптан тыс жұмыстардың төмендегідей түрлері кездеседі: Математикалық үйірмелер, олимпиадалар, қызықты математикалық кештер, математикалық экускурциялар. Сондай-ақ математикалық газет шығару, математикалық викторина және бұрыштарды ұйымдастыру.
Сыныптан тыс болған жұмыстар арқылы төмендегілер жүзеге асырылады:
Білім мен практикалық дағдыларды тереңдету және кеңейту; оқушылардың логикалықлық ойларын, тапқырлығын, математикалық зеректіліктерін дамыту; математикаға қызығуын арттыру, қабілеттілерін табу, тапшылдық, жігерлілікті тәрбиелеу, еңбексүйгіштік, тәуелсіздік, ұйымшылдық пен адамилықты тәрбиелеу.
Сыныптан тыс болған жұмыстар сабақтарға қарағанда кейбір ерекшеліктерге ие:
1. Мазмұны бойынша математика бағдарламасына қатысты емес. Бірақ берілетін білімдер оқушылардың күшіне сай болуы керек.
2. Сыныптан мүмкіндігінше, барлық оқушыларды жұмылдыруы, яғни, қызықты болуы қажет. Меңгеру деңгейі төмен болған оқушылар да қызығу арқылы белсенді оқушыларға айналуы мүмкін.
3. Сыныптан тыс болған жұмыстар еріктілік принцпіне негізделе отырып ұйымдастырылады, бірақ қызығуды қамстамасыз ету керек. Бұл сабақтар бағаланбайды, дегенмен белсенді қатысқан оқушылар ынталандырылады.
4. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына қарап, 10-12 минуттан 1 сағатқа дейін арналған болуы мүмкін.
5. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формасының әр алуандылығы.
Сыныптан тыс жұмыстарға: қызық мәтінді мәселелер, өткір зейінділікке тиісті мәселелер, әзілді мәселелер, берілген мәліметтері жетпейтін немесе берілген мәліметтері артықша болған мәселелер, логикалық мәселелер, қызықты математикалық оқиғалар, арифметикалық ребустар, ойындар, фокустар, крассвордтар, тарихи мәліметтер беру, т.б. кіреді.
Мектеп практикасында қазіргі уақытта төмендегілер кездеседі: математикалық 10 минуттар, сағаттықтар, математикалық кештер, математикалық үйірмелер, викториналар, байқаулар, олимпиадалар.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу методикасы төмендегілерге негізделуі керек:
1. Сабақта оқушылар алған білім, іскерлік және дағдыларды есепке алған жағдайда өткізіледі.
2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қалауы, әуесқойлығы, шығармашылық принциптеріне негізделуі және олардың индивидуал пікірінлерін қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылады.
3. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу сабақтардан ерекшеленіп, қызықты жағы күштірек болады. Мұның үшін қажетті шарт мынадай, яғни, өткізілген жұмыстың жоспарлануы және жүйелілігінің күрделілігі болып табылады.
Төменде сыныптан тыс сабақтар өткізу жоспары берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет