106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесі Рецензент: №106


Пішіндерді бейнеге айналдыр



бет8/8
Дата26.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#29473
1   2   3   4   5   6   7   8
Пішіндерді бейнеге айналдыр



Серуенде

(Тапсырма 10-15 баламен ойналады)

Педагогтың мақсаты: Балалардың қиял-елесін дамыту.

Балалардың мақсаты: Серуендеп жүрген баланың қолындағы не нәрсе екендігін анықтау.

Материал: Балаларға айқын көрінетіндей етіп салынған бірнеше сурет. Әр суретте баланың қолына ұстаған затты ақырына дейін тұтас бейнеленбеген.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Тәрбиеші балаларға суреттердің бірін көрсетеді де, онда бейнеленгенін айтады. Мысалы: «Бала серуендеп жүр. Оның қолында не бар? Суретші оны толық салып үлгермепті Егер баланың қолында таяқша болса? Онда ол шар, гүл, жалауша т.с.с. ұстауы мүмкін. Жауаптары қайталанбауы керек.
Сиқырлы дақ

(Тапсырмаға 4-5 бала қатысады)

Педагогтың мақсаты: Балалардың қиял-елесін дамыту

Балалрдың мақсаты: Сия дағының қандай нәрселермен ұқсастығы барлығын анықтау.

Материал: Алдын-ала бірнеше қағазға сия дақтарын түсіріп даярлап қою қажет, ол үшін қағаздың ортасына сия немесе тушты тамызып, қағазды екі бүктейді. Содан кейін қағазды жазып, сия дағын кептіреді.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар сия дағының біреуін алып, анықтап қарайды. Тәрбиеші олардан: «Мынау сия дағын не нәрсеге ұқсата аласыңдар?» - деп сұрайды. Балалар өз ойларын айтады. Тәрбиеші: «Не себептен олай ойлайсыңдар? Қай жері ұқсас екен?» - деген сияқты сұрақтар қойып, балалардың жауаптарын толықтырады.


ҚОСЫМША МАТЕРИЯЛДАР
Логикалық жаттығу


  1. Айнаш 4 шар сатып алды. Көк және қызыл түсті. Қызыл шары көк шардан көп. Айнаш неше қызыл, неше көк шар сатып алды? (қызыл шар3, көк шар1)




  1. Табақта 4 алма бар. 4 бала бір-бір алмадан алды және 1 алма табақта қалды. Бұл қалай? (1 бала табағымен бірге алды)




  1. Май шам, керасин шамы, газ плитасы тұрған қараңғы бөлмеге кірдік. Ең алдымен не жақтың? (Сіріңке)



  1. Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз? (бос, сынық, кір, тесік)




  1. Айнұрдың 5 конфеті бар еді. Біреуін ағасына беріп еді, екеуінің конфеті тең болды. Ағасында неше конфет болған? (3)




  1. Үлкен адам және бала орманға келе жатты. Үлкен кісі балаға: «Сен менің ұлымсың, ал мен сенің әкең емеспін», - деді. Сонда ол кісі балаға кім? (шешесі)




  1. Менің атым – Толқын. Менің ағамның бір ғана қарындасы бар. Ағамның қарындасынының аты кім? (Толқын)




  1. Қаз бір аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Екі аяғымен тұрса неше кг тартады? (3 кг)




  1. Әйгерімнің 3 қарындашы бар: сары, көк, қара. Сары қарындаш қарадан ұзын, қара көктен ұзын. Сонда ең ұзын қарындаш, ең қысқа қарындаш қайсысы? (сары қарындаш ұзын, көк ең қысқа)




  1. Тесік ыдыспен суды қалай тасуғы болады? (мұз қылып қатырып)




  1. Апельсиннің жартысы неге ұқсайды?(екінші жартысына)




  1. Бір орында тұрып не жүреді? (уақыт)




  1. Бір ешкіде 2 мүйіз, 2 ешкіде неше мүйіз? (4)




  1. Үстөлдің үстінде 3 стақан су тұрды. Әсет бір стақандағы суды ішті де оны орнына қойды. Үстөлдің үстінде неше стақан тұр.




  1. Қай жерде құрғақ тас болмайды? (суда)

  2. Әжеміздің 3 немере қызы бар. Гүлнар Сәуледен үлкен, Айнұрдан кіші. Қыздардың қайсысы Сәуле, Қайсысы Айнұр, қайсысы Гүлнар екенін ажырат.




  1. Табақта 5 алма және 3 алмұрт болды. Балалар келіп 3 алмұрт және сонша алма жеді. Табақта неше алма қалды




  1. Емен ағашының тұқымынан неше аққайын ағашы өседі?




  1. Не ауыр 1кг қант па әлде 1кг мақта ма?




  1. Қақпаның төменгі жағынан мысықтың сегіз аяғы көрініп тұр, ауылады неше мысық жүр? (2)




  1. Үйдің жанында ақ қайын ағашы өсіп тұр, Айжан бір бұтағынан екі алма, екінші бұтағынан бір алма жұлып алды, Айжан барлығы неше алма жинады? (нөл)




  1. Балалар орманға саңырауқұлақ жинауға барды. Ұлдар түбі жоқ үлкен шелекке, қыздар кішкене қызыл шелекке жинады. Кімдер көп саңырауқұлақтар жинады? (Қыздар)




  1. Ағаш басында бірнеше торғай отырды, олардың екеуі қара торғай да, біреуі суық торғай. Ағаштың басында неше торғай отыр? (Нөл)




  1. Мен, әкем, шешем - үшеуміз суреттке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым? (Сол)




  1. Суда 5 үйрек жүзіп жүрді. Бір мезетте 5-де сүңгіп кетті. Суда неше үйрек қалды? (5)


Сөйлемді аяқта

  • Егерде үстөл орындықтан биік болса, орындық үстөлден ......... (аласа болады)

  • Егер 2 бірден көп болса, бір екіден ............. (аз)

  • Егер Ерлан үйінен Айдостан бұрын шықса, Айдос Ерланнан ........(кейін шығады)

  • Егер де апайы бауырынан үлкен болса, бауыры апайынан ......... (кіші болады)

  • Егер оң қолым оң жақта болса, сол қолым .........(сол жақта болады)


Қарама-қарсы сөздер ата

Түн-күн, ұзын-қысқа, суық-ыстық, биік-аласа, ақ-қара, жуан-жіңішке, жалпақ-жіңішке, биік-аласа,


Сөзді жалғастыр

Таңертең, түс, кеш ......................

Қыс, көктем, жаз ..........................

Түс, кеш, түн ...............................

Көктем, жаз, күз ........................

Кеш, түн, таңертең ........................

Жаз, күз, қыс .................................

Қысқы таңертең, көктемгі түс, жазғы кеш ......................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Долженко Г.И. Байқампаздар әлеміне саяхат. - Алматы: Аруна, 2004.

  2. Тихомирова Л.Ф. Логика для детей 5-7 лет. - Ярославль: 2000.

  3. Михайлова З.А. План – программа образовательно – воспитательной работы в детском саду. - Санкт – Петербург: 2002.

  4. Михайлова З.А. Игровые занимательные задачи для дошкольников. – Москва: 1990.

  5. Столяр А.А. Давайте поиграем. - Москва: 1991.

  6. Гагапов Ю. Развитие логики и сообразительности. - Санкт – Петербург: 2000.

  7. Зельцерман Б., Рогалева Н. Часть 1: Учись! Твори! Развивайся!. - Рига: 1997.

  8. Дыченко О.М., Агоевой Е.А. Чего на свете не бывает. – Москва: 1991.

  9. Волкова С.И., Столярова Н.Н. Тетрадь с математическими заданиями. - 1993.

  10. //Отбасы және балабақша// журналы.

  11. Ломова В.А. Азбука ТРИЗ для детского сада. - Алматы: 1997.


МАЗМҰНЫ:

  1. Кіріспе....................................................................................................................3

  2. Танымды дамытатын ойын тапсырмалар...........................................................5

  3. Коммуникативтік қабілетті (тілдік қатынас) дамытатын ойын-тапсырмалар жинағы..................................................................................................................17

  4. Шығармашылық қабілетті дамытатын ойын-тапсырмалар жинағы..............21

  5. Қосымша материалдар........................................................................................26

  6. Қолданылған әдебиеттер....................................................................................28








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет