106 «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесі Рецензент: №106


КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТІ (ТІЛДІК ҚАТЫНАС) ДАМЫТАТЫН ОЙЫН-ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ



бет7/8
Дата26.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#29473
1   2   3   4   5   6   7   8
КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТІ (ТІЛДІК ҚАТЫНАС) ДАМЫТАТЫН ОЙЫН-ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ.
«Балық, құс, аң»

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Баланың сөйлеу шеберлігін арттыру арқылы алғырлығы мен диалектикалық ойлауын дамыту.

Балалардың мақсаты: Жетекшінің сұрауы бойынша әр бала деңгейіне байланысты: төмен деңгей – қандай да бір болмасын аң, құс немесе балықты тез атау; орташа деңгей – 2-3 сөзден құралатын сөйлем құрау, сол сөзге байланысты; жоғары деңгей – құрмалас сөйлем құрау, сол сөзге байланысты.

Қалыптасушы танымдық процесс: Ойлау сонылығы, алғырлық, ойлау шапшаңдығы, тапқырлық, зеректік, зейінділік, талдау, бағалау.

Педагог пен баланың әрекеттестігі: Тәрбиеші әр баланы көрсетіп: «Балық, құс, аң, балық, құс....» деп санамақ ретінде айтады. Санамақ кімге барып тоқтаса сол бала шапшаң түрде деңгейіне байланысты аңды, құсты немесе балықты атайды. Жоғарыдағы жағдайда құсты атайды. Егер берген жауабы дұрыс болса, ойын жалғаса береді. Ал егер берілген жауап дұрыс болмаса, немесе бала ұзақ ойланып қалса, ол ойыннан шығып, жүргізушіге бір затын қалдырады. Ойын тек бір бала қалғанша жалғасады. Одан кейін жүргізуші, яғни тәрбиеші мен қалған бала екеуі әр заттың егесі өз затын қайтарып алу үшін не істеуі керек екенін шешеді. (қораз болып шақырады, жұмбақ жасырады, жаңылтпаш, өлең, мақал-мәтел айтады, билеп береді, қоян болып секіреді). Бұл ойынды әр түрлі нұсқада модуль бойынша өткізуге болады. Мысалы: Модуль «Бау-бақша». Гүл, ағаш, жемістер атын ата.
Сөздер тізбегі

(5-7 баладан құралған шағын екі топпен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын молайту (жеңілден күрделіге қарай алынды)

Балалардың мақсаты: Өзара мәндік байланысы бар сөз тізбегін құру.

Материал: Картоннан қиып алынған 20-30 вагон бейнесі.

Қалыптаушы танымдық процесс: Қабылдау, логикалық ойлау, талдау, синтез, бағалау, дәлелдеу.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Тәрбиеші балаларға сөзден ұзын пойыз жасауды ұсынады. Әр сөз – бір вагон. Сөздер вагондар сияқты бір-бірімен байланысты болуы керек. Олай болса, әр сөз өзінен кейін келетін сөзді тартып отыруы керек:

Тәрбиеші: Қыс – қандай? (вагонды қояды – қыс)

Балалар: Қарлы, суық (2 вагон қояды)

Тәрбиеші: Одан да суық не болады?

Балалар: Балмұздақ, мұз, қар, жел ... (әр сөзге 1 вагоннан қойып отырады)

Тәрбиеші: (Соңғы сөзді тиек етеді) Ал жел қандай?

Балалар: Солтүстіктен соққан, күшті ....

Тәрбиеші: Одан күшті не болады? т.с.с. вагондар таусылғанша ойын жалғаса



береді.

Ойын нұсқасы: Вагондарды әр түске бояп. Түсі бойынша бөліп алуға болады. Қайсы түсті вагон көп болса, сол жеңгені
Болашақта кім кім болады?

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Баланың диалектикалық ойлауын дамыту. Тілдік қарым-қатынасқа түсе білуге тәрбиелеу.

Балалардың мақсаты: Белгілі бір құбылыстар мен заттардың қалай өзгеретіні, кім болатыны жайлы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру.

Қалыптасушы танымдық процесс: Түсіну, таным, тапқырлық, зеректік, өздігінше әрекеттену, талдау, дәлелдеу, салыстыру, бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Тәрбиеші балаларға заттар мен құбылыстардың аттарын ұсынады, ал балалар «Олар қалай өзгереді?» «Кім болады?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Мысалы: Бала кім болады? Сол сияқты жұмыртқа, балапан, емен жаңғағы, уылдырық, көбелек құрты, ұн, ағаш, темір, кірпіш, мата, былғары, жаз және т.б. Балалардың жауаптарын талқылаған кезде жауаптардың түрлі нұсқада болу мүмкіндігін де атап өту қажет. Мысалы: жұмыртқадан тек балапан ғана емес, одан басқа тасбақа, жылан, қолтырауын шығуы мүмкін.
Бұрын кім болған?

Педагогтың мақсаты: Баланың диалектикалық ойлауын дамыту. Ой тұжырым жасауға үйрету.

Балалардың мақсаты: Белгілі бір зат, құбылыс, немесе тірі жанның бұрын кім, немесе не болғандығы туралы сұрақтарға жауап беру.

Қалыптасушы танымдық процесс: Алғырлық зейінділік, логикалық ойлау, талдау, тапқырлық, дәлелдеу, бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Бұл алдыңғы ойынның керісінше түрі. Бұл ойында балалар енді өздері қандай өзгерістер болғандығын айтып отырады. Олар: Бұған дейін кім (не) болды? Деген сұраққа жауап береді. Балапан жұмыртқа болды, ат – құлын, ата-бала, қолтырауын-жұмыртқа, сиыр-бұзау, емен-жаңғақ, балық-уылдырық, алма ағашы – тұқым, көбелек-құрт, нан-ұн, шкаф-бөрене, велосипед-темір, көйлек-мата, үй-кірпіш, жаз-қыс, мұғалім-оқушы.

Егер де ........ (Қазақтың ұлттық ойыны)

(6-7 баламен ойналады)

Педагогтың мақсаты: Балалардың қиял-елесін, қисынды ойлауын және әзілді түсіне білу қабілетін дамыту.

Балалардың мақсаты: ерекше қызықты сөйлемдер құрау.

Қалыптасушы танымдық процесс: Алғырлық, ойлау шапшаңдығы, қиял, елестету, тапқырлық, зейінділік, бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші «Егер де ..» деп бір баланың қасына келеді. Ол сөйлемнің жалғасын тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады. Содан кейін тәрбиеші « ... онда ...» деп басқа бір балаға жақындайды. Сөйлемнің аяғын ол да тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады. Осыдан соң тәрбиеші сөйлемді түгел дауыстап айтады. Мысалы: сөйлем жобамен былай шығуы мүмкін: «Егер де мен ойыншық сатып алсам, онда жеп қояр едім». Ойын жалғаса береді.
Қайтала

(Тапсырманы орындауға 10-15 бала қатысады)

Педагогтың мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Балалардың мақсаты:Барлық топ қатысушыларының есімдерін есте сақтап қайталау.

Қалыптасушы танымдық процесс: Есте сақтау, зейінділік, бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Бұл жаттығу барлық топ қатысушыларының есімдерін есте сақтауына негізделген. Бірінші қатысушы, мысалы жүргізушінің сол жағында тұрған бала өз есімін айтады. Келесі бала осы қатысушының есімін қайталайды да, өзінің есімін айтады: Айдар, Жанар. Үшінші бала алдыңғы 2 баланың есімдерін қайталайды да өзінің есімін атайды: Айдар, Жанар, Ержан. Осылайша жалғаса береді. Ең соңында бірінші қатысушы барлық қатысушының атын айтып берген кезде, жаттығу аяқталады.

Нұсқау: Жеңілден күрделіге қарай ұстанымына сүйене отырып 1-ші және

соңында отырған балалар жоғары деңгей; орташа деңгей – ортасында отырғанбалалар; Төмен деңгей – 2-ші баладан бастап ортасында отырған балаға дейін.


Қателерді түзе

(Жекелей және топпен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Айтылған ойға зейін қоя отырып талдау, салыстыру, дәлелдеу әрекеттері арқылы өз ойын жылдам әрі еркін жеткізуге ынталандырып, ой тұжырым жасау қабілеттерін дамыту.

Балалардың мақсаты: Сөйлемді зейін қоя отырып тыңдап, талдап дәлелдеу.

Қалыптасушы танымдық процесс: Талдау, зейінділік, салыстыру, бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар қазір мен сендерге бірнеше ойландыратын сөйлемдер айтамын, сендер соның қайсысын дұрыс деп тапсаңдар келісетін белгілеріңді (+) қате дұрыс емес деп тапсаңдар (-) дұрыс емес белгілеріңді көтеріп отырасыңдар және себептерін айтып, дәлелдеп, түсіндіресіңдер;

  • Бауырсақты ата пісіреді.

  • Қолды үнемі жуу денсаулыққа зиян келтіреді.

  • Қар жазда жауады.

  • Түлкі тауықтан қорқады

  • Егер ағашты қандай да бір жапырақ болса – ол жаз мезгілі.

  • Егер сен ешкімге тиіспесең, бәрі ойлайды – сен қорқақ деп.

  • Ауыр жұмыстардың бәрін басқалардың істегені дұрыс.

  • Кім күшті, сол жиі төбелеседі.

  • Автобуста үлкен адамдарға орын беру керек.

  • Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені. (сөйлемдерді балалардың деңгейлеріне қарай қоюға болады, жеңілден күрделіге қарай ұстанымына сүйене отырып)


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТАТЫН

ОЙЫН-ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Шығармашылық қате

(Ойынға 5-7 бала қатысады)

Педагогтың мақсаты: Балалардың қиял-елесін дамыту. Шешендік өнерге баулу.

Балалардың мақсаты: Сәбилік шақты дұрыс айта алмаған сөздерді еске түсіру және олардың сол айтылуындағы мағынасын ойлап табу.

Қалыптасушы танымдық процесс: Түсіну, таным, қабылдау, ойлау сонылығы, қиял, елестету, талдау, синтез, зеректік.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Орфографиялық қате, егер оған шындап көңіл аударатын болсақ, ол көптеген қызықты оқиғалардың себептері бола алады. «Қатеден үйренуге болады» деген нақыл сөзді біз «Жіберілген қателіктерден қиялдауды үйренеміз» деп өзгертуімізге болады. Әр баланың сәби кезінде дұрыс айта алмаған сөздері болады. Ата-аналары ондай сөздерді жиі еске түсіріп отыратындықтан, бала да оларды ұмытпайды. Тәрбиеші балаларға сондай сөздерді еске түсіріп, олардың қандай мағына беретінін айтуды сұрайды. Мысалы: «лесапед» - ағаштың бұтақтарынан құралатын велосипед, яғни тек орман ішінде немесе ағаштың басымен жүретін велосипед. Сөздің бір әріпін әдейлеп басқа әріппен ауыстырып, сөздің мағынасын өзгертуге болады. Мысалы: жылқы деген сөзді «мылқы» деп өзгертсек, бұл енді қиял-ғажайып жануарға айналады. Мылқы – даусы шықпайтын мылқау, бірақ қанаты бар жылқы. Қауып – «дауып» дауыл соққанда қаңбақ сияқты ұшып жүретін керемет тәтті қауын.
Жасырынған бейне

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Қиялын, шығармашылық потенциалын дамыту.

Балалардың мақсаты: Қиялдай отырып, басқа пішін қоспай бір ғажайып бейне салу.

Қалыптасушы танымдық процесс: қиял, елестету, шығармашылық, өздігінше әрекеттену бағалау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балаларға пішіндерді көрсетіп, тек осы пішіндерден (басқа пішіндер қолданбаймыз) тұратын роботтың, үйдің, немесе басқа да суретті салуды ұсыну. Әрбір пішінді бірнеше рет қайталауға және көлемін үлкейтіп немесе кішірейтуге болады. Мысалы, суретте көрсетілгендей:


1.




2.


Аяқталмаған сурет

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Қиял-шығармашылығын дамыту.

Балалардың мақсаты: Бейнеге қарай отырып, қиялдау, елестету.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Алдарыңдағы бейнені неге ұқсатасың. Толықтырып сал.

Себебін тап

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Тілін, қиял-шығармашылығын дамыту, берілген мазмұндағы хабарламаны талдау жасай отырып, аяқтау.

Балалардың мақсаты: Зейін қоя тыңдап, сөйлемді аяқтау.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі мен бастаймын, ал сендер менің ойым мен болған оқиғаны аяқтайсыңдар.



  • Анар, адасып кетті, өйткені - ...............

  • Алыстан менің көргенім - ...................

  • Үстелдің үстіндегі ваза сынып қалды, себебі - ...............

  • Барлығы біледі, .................

  • Айдар даладан су болып келді, себебі ...............

  • Айша ауырып қалды, себебі .................

  • Аяғым су болып кетті, өйткені ...................

  • Қыз әкесінен кешірім сұрады ..............

  • Арман үйге көңілсіз оралды, ....................

  • Сауле қатты мазасызданып отыр, ..................

  • Қатты жаңбыр жауып кетті, бірақ қаптағы ұн су болған жоқ неге? Себебі .....


Кездесу

(Тапсырманы орындауға 2 бала қатысады)

Педагогтың мақсаты: Қиялын, тілін дамыту. Диалог жүргізу қабілетін қалыптастыру.

Балалардың мақсаты: Елестету, диалог жүргізу барысында.

Педагог пен баланың іс-әрекеті: Екі адам немесе екеуі кездесіп, әңгімелесіп тұрғанын көз алдыңа елестетші. Олар не туралы сөйлесуі мүмкін? Осы кездесуді ойын түрінде өткізіп көрейік, кездессін және әңгімелессін.

  1. Тамшы мен өзен

  2. Жалқау мен еңбексүйгіш

  3. Мейірімді және қатыгез сиқыршылар

  4. Күн мен әтеш

  5. Кемпірқосақ пен жаңбыр

  6. Ине мен сурет

  7. Ваза мен теңіз

  8. Жол мен үй

Пішіндерді неге ұқсатасың

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Педагогтың мақсаты: Қиял-елесін, шығармашылық потенциалын дамыту, талдау, дәлелдеу әрекеттері арқылы өз ойын жылдам әрі еркін жеткізуге ынталандыру.

Балалардың мақсаты: Берілген пішіндерге мұқият қарай отырып қиялдау, елестету арқылы қандай да бір затқа айландыру.

Пеадгог пен баланың іс-әрекеті: Балалар алдарыңдағы пішіндерді неге ұқсатасыңдар соны салыңдар:



Сандар неге ұқсайды

(Барлық топ баларымен жүргізіледі)

Пеадгогтың мақсаты: Ақыл-ой әрекеттері арқылы қиял-шығармашылығын дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Баланың мақсаты: Берілген сандарды суреттің бір элементі ретінде қолдану.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Тәрбиеші балаларға 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған қағаз таратып береді. Балалар алдарындағы сандарды суреттің бір элементі ретінде қолданып салады

Дөңгелектерді бейнеге айналдыр


Бейнелерді қолданып сурет сал





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет