11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар



бет6/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11
тарих11, тарих11, дш11 презентация, р, р
«Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі - арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, апты аласы» -
немесе:
«Барып келсе, Ертістің суын татып,
Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып», -
деп, арызқой жылпостарды аямай сынға алады. «Елді алып, Еділді алып өсіреді, ісіп-кебіп, қабарып келе жатып». Осы бір арызқойлық кесапатты Абай өзінің Қырық екінші сөзінде «Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес. Арыз бере білу - мақтан... Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, қаракеті де - осы» деп жазады. Ресейге бағынғанға дейін қазақта арыз жазушы да, арызды қабылдап алушы да болмаған. Ол кездегі ел ішіндегі дау-шарлар қазақтың өзіне тән ағайыншылық, адамгершілік жолымен шешіліп отырған. Бұл жөнінде Абай Отыз тоғызыншы сөзінде біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Ол ел басы, топ басылары қалай десе, халық соған көніп, ағайындарының жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, бәрінде бауырындай көріп, қамын жеген. Екіншісі - намысқор келеді екен. Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен... «Ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп, бір-бірімен келіседі, бірлеседі, берекелеседі екен», - дейді. Мұндай жағдайдың пайда болуының негізгі себебі - патшалық Ресейдің қазақ даласын қалай басқару туралы 1822, 1824, 1838, 1854, 1855, 1867- 68 жылдары шыққан заңдары мен ережелері және соларды іске асырудың зұлымдық тәсілдері еді. Бұл заңдар қыр қазақтарының санасында орыс мемлекетінде әділеттілік бар, заңдылық бар деген жалған үміт, жалған сенім тудырды. Үстірт қарағанда бұл заңдар сыпайы ғана «ереже», («положение») деп аталды. Шын мәнісінде қыр қазағын Ресей империясының «әділ» заңына сендірудің зымиян әрекеті еді. Барлық ақиқат, әділеттілік, шындық ақ патшаның заңдарында деген жалған пікірге сенген аңқау, ақ көңіл қазақ құрсаулы қақпанға қалай түскенін байқамай да қалды. Міне, осыдан келіп арызқойлар, жалақорлар көбейді. Сол қақпанға түскен, жалған ойға иланған, бала мінезді қыр қазағы бірінің үстінен бірі арызданып, әділеттілікті уезд бастықтарынан, ояздан, ген.-губернаторлардан іздеп, Омбыға, Орынборға, Ташкентке шын-өтірігі аралас арыз жаудыратын болды. Абайдың сөзімен айтқанда: «Құтырды көпті қойып азғанасы, Арызшы орыс - олардың олжаласы. Бірде оны жарылқап, бірде мұны, Қуды унатты-ау, Семейдің бұл қаласы». Әділеттілікті іздестіруден туған бұл пиғыл бара- бара әдетке айнала бастады. «Арызшылар көбейді, болыстыңк... шөмейді, қайтсын байғұс демейді», - деп, уытты сөзімен түйреп өтеді. Ертеден келе жатқан «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген әдеттегі сананың қағидалары ұмытылып, орыс империясының заңдарын, ережелерін жергілікті пысықтар, белсенділермен бірге орыстың әкімдері (ояздар, майырлар, жандаралдар) өздерінің бас пайдасына икемдеді. Осы жағдайды жақсы түсінген Абай: «Орыс айтты өзіңе ерік берем деп, кімді сүйсең соны бек көрем деп, бұзылмаса бұған жұрт түзелген жоқ, ұлықтар жүр бұл ісіңді кек керем деп», - деп, орыстың заңдарымен таза ауамен дем алып, тұнық сумен шөл қандырып өскен дала халқының санасының уланып бара жатқанына қынжылады. Бұрын хаттан басқа ешкімге ештеме жазып көрмеген қазақтың арызқойлыққа үйрене бастағанына, «қазақтың қайсысының бар санасы», - деп ызаланады. Рушылдық, жалқаулық, арызқойлық, өтірік-өсек, мақтаншақтық, бақастық, надандық, залымдықты т. б. адамгершілікке, халықтың санасына жат, жағымсыз қылықтарды талдай келіп: «Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, сұрамсақтар нәсібін тыя алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?» деп, «ашуланса ызалана алмай, күлсе қуана алмай» қасіреттенуі, қиналуы өз халқының тағдырына, салт-санасына әлем биігінен, өте жоғары моральдық сана тұрғысынан қарағандықтан туған күйзеліс. Абай өз елінің санасындағы қайшылықтарды ашып көрсету, кемістіктерін сынаумен бірге, оның жақсы жақтарын да сезе, түсіне білген. Халқының бала мінезділігіне, ақ көңілділігіне, қонақжайлылығына, ел, жер қорғаудағы ерлігіне қуанған, сүйсінген. Бұрынғылардың адалдығына, ақкөңілдігіне, аңқаулығына күлме, олардан үйрен деген ойды айта келіп: «Бала мінез ойыншы бұрынғылар. Аңқау екен, мазақтап соны сынар. Артқа қарап, ақпейіл шалға күліп, Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар», - дейді. Абай қазақтың қиындық кезде (кісі өлімі, апатқа ұшырау т. б.) біріне-бірі тірек, тиянақ, көмекші болып, бауырласып, бірлесіп қайғыны азайтып, ауыртпалықты көтеріп кететін мінезіне, әдетіне, ағайыншылдығына іштей қатты ризашылық білдіріп: «Дүниелік көңіл тоқ, Ағайынға бауырмап. Тәкаппар жалға нанда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің - бал», - деп қуанса, «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салады екен» деп халқының қазақ даласындағы кең мінезіне мейірленеді. Гуманист ақын халықтың мейірбандық, қайырымдылық ниетін, іс-әрекетін де жоғары бағалайды. Әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне нендей жақсылық, игілік ойласа, өзгеге де сондай жақсылық ойлау - адамгершіліктің ісі, - дейді. Қазақ халқының қанына сіңген көрінісі - қонақжайлылық. Алыс болсын иә жақын болсын, танысын, танымасын.бай болсын иә кедей болсын басқа жақтан үйге келген адамды, мейманды барымен қарсы алу, жақсы асын беру, жайлы төсекке жатқызу - қазақ халқының ежелден қанына сіңген салт-дәстүрлерінің бірі. Қазақтың осындай мейірбандығын, қонақжайлылығын 19 ғ-да қазақ даласына әртүрлі себептермен келген орыс, поляк халқының ойлы адамдары ізгі ниетпен, ілтипатпен ерекше атап өткен. Орыстың әйгілі тіл маманы В. И. Даль: «Қазақ жеріне өттің екен, әмияныңды қалтаңа салып қой. Жылтыратып тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі», - дейді.X
«Жер шарының белдеуін жағалай қазақтарды жайғастырса, жер жүзін бір тиынсыз айналып шығуға болады», - дейді қазақ жеріне жер аударылып келген поляк революционері А. Янушкевич. Қазақтың ақ көңілділігін, қонақ жайлылығын, соғыс өнеріне бейімділігін көзімен көрген, 20 ғ-дың басында Түркістанда болған пиғылы таза орыс генералы А. Суздальцев: «Қазақтар - сунит мұсылмандары. Әйелдері біршама еркін жүреді. Беттері ашық, ежет, өткір. Тілдері түрік, мінез-құлқы жағынан ең ұнамды халық. Кек сақтамайды, көп сөйлемейді, қонақжай. Сарттар сияқты жалтақтап, жарамсақтану оларға жат - ақкөңіл, сенгіш. Соғыс өнеріне аса бейім. Әрі ержүрек, жылқыны жақсы кереді және ең мықты шабандоздар», - деген («Қазақ әдебиеті», 6. 7. 1993). ы шығармаларында жиі кездесетін «қазақ» - «қазағым», «ел»-«елім», «жұрт»-«жұртым», «халық» -«халқым» деген ұғымдарды Абай әр түрлі контекстке, сез пайдалануға орай «ұлт», «ұлтым» деген мағынада қолданады. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген туындысын да бүтін қазақ ұлтын «бірлікке, берекеге, шын пейіл» бірлестікке шақырады. Жиырма бесінші сөзінде қазақтың қамын ойлаған Абай «қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», - дейді. Әкесі Құнанбай туралы «Мұқым қазақ баласы. Тегіс ақыл сұрапты, Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» дей келіп Абай бүтін қазақтың басын қосып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, халқын алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды арман етеді. Қазақ халқын дүн.жүз. өркениетті елдер қатарына қосу үшін не керек? - деген сауалға жауап ретінде Жиырма төртінші сөзінде «Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллионнан аса қазақ бар». Қырық бірінші сөзінде «қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі - зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыруы қажет. Екінші - өкімет басындағы адам аса бай болу керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұрпақты әділ де адал жолға салуға, мәнді іс атқаруға жүмсауы керек», - деп, келешекке бағыт сілтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет