11 Тақырып. ХІ тақырып: Негізгі сұрақтар



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі55,75 Kb.
#93017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
тарих11
тарих11, тарих11, дш11 презентация, р, р
Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүн.жүз. гуманистік санаға жету. Қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстырып, ұштастырып: «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», -дейді. Халқының қамын ойлаған Абай: «Мазлымға жан ашып, ішің күйсін, қарекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін», - дейді. тұра, сананы байлық сана, кедейлік санаға бөлмейді, өйткені, бай мен кедейдің саналысы да, санасызы да, адамгершілігі бары да, жоғы да бар екенін жақсы біледі. Байды да, кедейді де еңбек етуге шақырады. Таптық көзқарасты дәріптемей «Қайран елі қазағының» қамын ойлайды. Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстаған негізгі принципі - «Адам бол». Ойшыл ақынның аңғаруынша көптеген адамдарда «адам» деген ат бар, бірақ, «Адам» деген зат жоқ. Сондықтан да Абай «Адам бол - бай тап, Адам бол мал тап, Қуансаң қуан сол кезде», «Бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, текке мал шашпақтық) қашық бол, Бес нәрсеге (талап, еңбек, ойшылдық, қанағат, рахым) асық бол, Адам болам десеңіз» деп, өз елін, келешек ұрпағын жалпы гуманистік рухқа, бірлікке шақырып, «Біріңді, қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос», - дейді.X




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет