№12 Биологиялық дәрілік препараттардың қауіпсіздігі


жылы дәріні толықтай сату тоқтатылды. Осы уақытқа дейін әлемнің 40-тан астам елінде 10 мыңға жуық бала туа біткен бұзылулармен дүниеге келді, олардың жартысына жуығы ерте жаста қайтыс болды



бет9/10
Дата26.10.2023
өлшемі8,19 Mb.
#188404
түріСынақтар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
12 тема
Оразбек Айжан БТ 21 11, f60503b35424760, 172838294var 1551, Untitled, 10-сынып Қазақ әдебитеті ЖБ 2-т бжб1

1962 жылы дәріні толықтай сату тоқтатылды. Осы уақытқа дейін әлемнің 40-тан астам елінде 10 мыңға жуық бала туа біткен бұзылулармен дүниеге келді, олардың жартысына жуығы ерте жаста қайтыс болды

  • Ғалымдар талидомидтің әсер ету механизмі гендерді қосуға немесе өшіруге көмектесетін жасуша ақуыздарының транскрипция факторларының кең ауқымының деградациясы екенін анықтады. SALL4 гені әсіресе маңызды болып табылады.
  • SALL4 генінің деградациясы аяқ-қолдардың дамуына және ұрықтың өсуінің басқа аспектілеріне кедергі келтіреді. Нәтижесінде асқынулар спектрі пайда болады: аналары талидомид қабылдаған балалардағы деформацияланған аяқ-қолдар мен ақаулы органдар.

Дәрілік препараттарды кең медициналық тәжірибеге енгізгеннен кейін олардың қауіпсіздігін зерттеу

Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-320/2020 бұйрығы

Қауіпсіздікті тіркеуден кейінгі зерттеу – қауіпсіздік қатерінің сипаттамасын немесе сандық бағалауын анықтау, дәрілік препараттың қауіпсіздік бейінін растау немесе қауіптерді басқару бойынша шаралардың тиімділігін бағалауды растау мақсатында жүргізілген тіркелген дәрілік препартқа қатысты зерттеу.

Елеулі жағымсыз реакция – өлімге әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін, пациентті емдеуге жатқызуды немесе оны ұзартуды талап ететін, тұрақты немесе еңбекке жарамсыздыққа немесе мүгедектікке, туа біткен аномалияларға немесе даму ақауларына алып келетін, атап көрсетілген жай-күйлердің дамуын болдырмау үшін медициналық араласуды талап ететін, жағымсыз реакция, дәрілік препарат арқылы инфекциялық агентті кез келген аңдаусыз күдікті беру;

Елеусіз жағымсыз реакция – елеулі жағымсыз реакцияның өлшемшарттарына сәйкес келмейтін жағымсыз реакция;

Иммундаудан кейінгі жағымсыз оқиға (ИКЖО) - вакцинаны қолданумен байланыстың болуын немесе болмауына қарамастан, иммундаудан кейін дамитын кез келген жағымсыз оқиға. Иммунизациядан кейінгі жағымсыз оқиға кез келген жағымсыз және күтпеген өзгерістер (соның ішінде зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқуы), симптом немесе ауруды білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет