16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түрлерін түсіндіріңіз



бет12/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

30. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының түрлерін түсіндіріңіз.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсаты мен тәсіліне байланысты барлық әкімшілік мәжбүрлеу шараларын үш топқабөлуге болады:
1) Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары. Бұлар көбінесе құқық бұзушылықтармен байланысты емес, яғни құқық бұзушылық болмаған кездерде, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлері үшін төнген қауіпті жою үшін пайдаланылады. Бұл шаралар айқын көрсетілетін ескерту, алдын – алу сипатта болады. Олардың мәжбүрлеушілік сипаты оларды өкілетті органдар (лауазымды тұлғалармен) әкімшілік – құқықтық нормалардың шегінде бұйырылған әрекеттерді орындауға немесе қандайда болмасын әрекеттерден бас тартуға міндетті екінші тараптың келісімінсіз қолдануында көрінеді. Басқару органдарының (лауазымды тұлғалардың) әкімшілік – ескерту (алдын алу) шараларын қолдану бойынша өкілеттіліктері заңдарда немесе заң күшіндегі әкімшілік –құқықтық нормаларда анық белгіленген, тіпті қай субъекті қандай шараны қолданатындығына дейін нақты анықталған. Ереже бойынша бұл бақылаушы – қадағалаушы органдар және олардың өкілдері (полиция қызметкерлері, санитарлық қадағалау органдары, кедендік және өзге де органдар). Осы облыста халық бақылаушылары да осындай тиісті өкілеттіліктер көлемі берілген.
Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары:
- тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;
- құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру;
- мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау;
- көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде);
- желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;
- тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;
- эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу);
- бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;
- мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу);
2 )

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет