1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы Көтерілістің себептері



бет3/7
Дата13.12.2021
өлшемі49,17 Kb.
#100009
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1916ж
2db4cce5db3d4b19b2e59d81e71f83f7, 1916ж
Торғай облысындағы көтеріліс. Көтерілістің неғұрлым ірі ошақтарының бірі Торғай облысында қалыптасты. Көтеріліс ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Көтерілісшілер сардар Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынұлы басқарған әскерге бірікті. Көтерілісшілер әскері ондықтар, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Арнайы құрылған мергендер бөлімін Кейкі батыр басқарды. Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағының құйындай ұйытқыған шабуылдары жасалаушылардың зәресін ұшырды. Кейкі батыр ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Торғай қаласына шабуыл жасауға Құмкешу, Күйік, Батпаққара, Доғал соғыстарына қатысты. Көтерілісшілер әскери дайындықты күшейтті. Салық жинаушы мен қазынаға қарайтын қазынашы қызметтері енгізілді. Пошта байланысы орнатылды. Көтерілісшілер хандық билікті қалпына келтірді, хан етіп Әбдіғапар Жанбосынды сайлады. 1916 жылы 22 қазанда 15 000 - нан астам көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. 10 күн шайқастан кейін қоршауды тоқтатып, көтерілісшілер Батпаққара, Аққұм және Доғал - Үрпекке қарай көшіп кетті. Осы жылдың қарашасына қарай көтерiлiсшілердің саны 50 000 адамға дейін жетті. Олардың қатарында көрші Ақмола облысынан келгендер де аз болмады. Нашар қаруланғанына қарамастан көтерілісшілер күрестің партизандық әдістерін кеңінен қолданып, жазалаушылардың негізгі күштеріне қарсы тұрды.

Көтерілісшілерді басып - жаншуға тандаулы әскери жазалаушылар, соның ішінде майданнан әкелінгендер тартылды. Көтеріліске шыққандарға қарсы генералдар Макаров жане Лаврентьев отрядтары әрекет етті. 1917 жылдың соңында көтерілісшілер Торғай каласын басып алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет