1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы Көтерілістің себептері


жылғы ұлт азаттық көтерілістің себептері



бет2/7
Дата13.12.2021
өлшемі49,17 Kb.
#100009
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1916ж
2db4cce5db3d4b19b2e59d81e71f83f7, 1916ж
1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің себептері



Өлкеде православие діні кеңінен уағыздалды

Жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлері, тілі, мәдениетіне кысым көрсетілді

Қазақ халқының құнарлы жерлері озбырлықпен тартып алынды


Көтерілістің басталуы. 1916 жылы 25 маусымда өлкенің байырғы тұрғындарын қорғаныс нысандарын салу мен тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы шықты. Жарлық қазақ даласына өте ауыр жағдай әкелді. Бұл Ресейге қарсы көтерілістің басталуына себепші болды. 1916 жылы тамыздағы Түркістан генерал - губернаторы А.Н. Куропаткиннің құпия бүйрығы бойынша «Бұратаналардан» шыққан билік өкілдері мен діни қызметкерлер және ақсүйектер қара жұмыстан босатылды. Қазақтардың туу туралы куәлігінің жоқтығын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жас мөлшерінің асып кеткендігіне қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты». Ал ақсүйек өкілдері мен байлар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын тапты. Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф. Керенский « 60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25—30 жастағылары 50 - де деп жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкімсымақтарының парақорлығы»,- деп сынайды. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, pеволюцияшыл радикалды бағыттағы Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев , Ә.Жангелдиндер қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді. Күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне төтеп бере алмай, қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді.

Тыл жұмысына алынатындар қатарына орыс емес тұрғындардың 19 бен 43 жас аралығындағы ер-азаматтары жатқызылды. Тыл жұмыстарына алуға шамамен жарты миллиондай қазақтар мен Орталық Азия мұсылман халықтары ілікті. Көтеріліс Қазақстанның барлық аймағын қамтыды деуге болады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты қозғаушы күші халық бұқарасы болды. Көтерілістің неғұрлым ірі ошақтары Торғай, Жетісу, Ақмоланың Есіл бойы мен басқа да жерлерді қамтыды. Көтерілісшілер отаршылдық әкімшілік өкілдеріне, жазалаушы отрядтарға, сонымен қатар патшаны қолдаушы болыс басшыларына тап берді. Жасалған тізімдерді жойды. Шақыру бөлімшелеріне күштеп тоғытылган адамдарды босатты. Патша жарлығына қарсы болғандар теміржол рельстерін бұзды. Көтерілісшілер найза, садақ, қылыш және мылтықпен қаруланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет