1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы Көтерілістің себептері



бет4/7
Дата13.12.2021
өлшемі49,17 Kb.
#100009
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1916ж
2db4cce5db3d4b19b2e59d81e71f83f7, 1916ж
Жетісудағы көтеріліс. Қазақтардың Жетісудағы көтерілісі 1916 жылы шілдеде басталды. Көтерілген қазақтарға ұйғыр, дүнген және қырғыздар қосылды. Халық шақыру пункттеріне барудан бас тартты.

Көтеріліске Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин т.б. басшылық етті. Көтерілісшілердің саны 5000 адамға жетті. Тамыздың ортасына қарай жазалаушылармен болған бірнеше шайқастан кейін жеңілген көтерілісшілер Қытайға кете бастады.

Көтеріліс бәсеңдеді. 1916 жылы Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардан 238 мың адам қытайға ауып кетуге мәжбүр болды. Патша үкіметі Жетісудағы көтерілісшілерге қарсы әскерилер мен орыс - казак жасақтарынан таңдап алынған күштерді жұмылдырды. Жазалаушылар саны 20 000 - ға жетті. Жазалаушылар отрядтарымен болған шайқаста ондаған мың адам қаза тапты. Әскери - дала соттары жұмыс істеп , көтерілісшілерді өлім жазасына, каторгалық жұмыстарға кесіп, түрмелерге жапты және жер аударды. Көтерілісті басқарған 12 адам қатаң жазаланды.

Көтеріліс жетекшілері Ж.Мәмбетов пен Ұ .Саурықов түрмеде у беріліп өлтірілді. Жетісудағы ұлт - азаттық көтеріліс қанды қырғынмен аяусыз басып - жаншылды. Жетісудағы Верный ошағының көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев болды. Оны халық 1916 жылы Верный уезінің Жайымтал болысының ханы етіп сайлады. Осы жылдың қыркүйегінде Верный қаласында әскери гарнизонның соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Боралдай деген жерде дарға асып өлтірді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, Түркістан өлкесінде 1917 жылдың ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет