1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Алаш зиялыларының ұстанымы Көтерілістің себептері



бет5/7
Дата13.12.2021
өлшемі49,17 Kb.
#100009
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1916ж
2db4cce5db3d4b19b2e59d81e71f83f7, 1916ж
Ақмола көтеріліс орталығы. Көтерілістің ең ірі орталықтарының бірі Ақмолада еді. Көтерілістің шырқау шыңында оған қатысқандардың саны 30000 адамға жетті. Халыққа Рақымжан Мәдин мен тегi украин Яков Латута (Жақып Жоламанов ) басшылық етті. Көтерілісшілер қару жасауды жолға қойды. Мергендер отряды құрылды. Ақмола көтерілісшілері бірнеше қақтығыстан кейін Торғайға жетіп, Амангелді Иманов сарбаздары қатарына косылды. Көтерілісте тұрақты басшылық болмағандығының салдары айқын көрінді. Азамат соғысы барысында жауынгерлердің басын бір ортаға біріктіре білген, басқыншыларға қарсы аянбай күрескен, күресті ұйымдастыруға белсенді ат салысқан елеулі тұлғалар:

Амангелді Үдербайұлы Иманов ( 1873-1919 ) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі.

Кейкі ( Нұрмағамбет ) Көкембайұлы ( 1871-1923 ) - мерген . 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры.

Әбдіғапар Жанбосынұлы ( 1870-1919 ) – 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1916 жылғы қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізге көтеріп Торғай қыпшақтарының ханы етін жариялады. Әбдіғаптардың ұсынысымен Амангелді қолбасшы болып сайланды. 1919 жылдың аяғында беймәлім жағдайда қайтыс болды.

Тоқаш Бокин ( 1890-1918 ) — 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс пен Қазақстанда ( Жетісуда ) кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.

Яков Александрович Латута ( 1890-1965 ) ( Жақыт Жоламанов ) - Киев губерниясында дүниеге келген. Бірінші орыс революциясы кезінде Ақмолаға жер аударылған, қазақ тілі мен мұсылмандықтың бастапқы түсініктерін меңгерген. Жергілікті Жоламан есімді қазақ асырап алған. 1916 жылы саны 30 000 - ға жет кен көтерілісшілердің Ақмоладағы орталығын ұйымдастырушылардың бірі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет