1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет47/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2.Жылқы параскаридозы
Жылқы параскаридозы – біртұяқтылардың ауруы Ascaridae тұқымдасына жататың Parascaris equorum нематодамен шақырылады.Параскаридалар жінішке ішекте, кейбір кезде қарында және бауырдың өт жолдарында мекеңдейді. Параскаридоз бүкіл жерде таралған.
Қоздырғышы. Parascaris equorum – ірі нематода, аналығы 18 – 37 см, ал аталығы 15 – 28 см жетеді. Аталықтың құйрығы иілген, екі бірдей спикуласы бар. Аналығы піспеген, доңгелек, мөлшері 0,09 – 0,1 мм, қоныр түсті, клиникалықынан жуан тегіс қабықпен қапталған жұмыртқаларды бөледі.
Қоздырғышының даму биологиясы. Параскаридалар тік жолмен дамиды. Параскарида жұмыртқалары клиникалыққы ортада инвазиялық сатысына 20 - 25°С температура кезінде 8 -15 күн ішінде жетеді. Қыста жұмыртқалар дамымайды. Жылқы жұмыртқаны жұтқан күнінен бастап паразиттің толық сатысына дейін 1,5 – 2,5 ай өтеді.
Эпизоотологиялық деректері. Жылқы параскаридозың жиі ауа райы дымқыл және батпақ райондарында тіркейді. Әсіресе жылқылардың жаңа туған төлдері, сирек ересек жылқылар аурады. Параскаридтік инвазияның ең жоғары кезі күз–қыс айларында білінеді, содан кейін төмендеуі байқалады.Параскарида жұмыртқалары барлық даму кезендерінде төмен температураны жақсы көтереді (қыста). 25%-дан нәжістің дымқылдығы және 75%-дан ауа райының дымқылдығы төмен паразит жұмыртқаларының кебуден өлімге үшыратады. Температура 40°-тан биік болған кезде жұмыртқалар тез уақытта жаппай өліп қалады. Жылқылардың зақымдалуы алиментарлы жолмен өтеді, су мен немесе азықпен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып параскаридозбен аурады; құлыншақтар анасының сүтін емген кезде зақымдалуы мүмкін. Бағу, суару және азықтандыру жағдайылары инвазияның экстенсивтігіне және интенсивтігіне үлкең әсер етеді. Патогенезі және клиникалық белгiлері инвазияның интенсивтігіне, малдың жасына, организмнің резистентігіне және аллергиялық реакциясына байланысты болады. Клиникалық белгілері өте жақсы құлыншақтарда білінеді, ал ересек жылқыларда параскаридоз жасырын түрде өтеді. Жылқыларда параскарида дернәсілдері зақымдалғаннан кейін бірінші күндерде қанмен миграция жасаған кезде энтериттер, іш өту, жөтелмен білінетін бронхопневмония, дене температурасы көтерілуі және мұрыннан бөлінді ағуымен байқалады. Ішекте параскаридалар болғандықтан қарын-ішек жолы қызметінің созылмалы бұзылуы байқалады, жылқылар тез жүдейді, шаршайды, шәншу пайда болады. Кілегей қабаттары бозғылт, қан құрамында өзгерістер байқалады: эритроциттер мен гемоглобиннің саны азаяды, лейкоцитоз, эозинофилия білінеді, ЭТР (РОЭ) тезделеді. Кейбір кезде құлыншақтарда жүйке құбылыстары байқалады (тетаникалық тырысу, құйрықтың парезі).
Балау. Тірі кезіндегі негізгі әдісі – жылқылардың нәжісін Фюллеборн әдісімен зерттеу. Өлген кезде – іШектеу сойып, ашып қарап параскаридтерді тауып нақты балауды қояды.
Емi. Жылқы параскаридозы кезінде пиперазиннің тұздарың, эквалан пастаны қолданады. Алдын алу шаралары - жылқы параскаридозына қарсы шаралардың негізі. Жылқыларға күзде және көктемде жоспарлы дегельминтизацияны өткізеді. Қорадан нәжісті күнде тазартады және биотермикалық залалсыздындырады, таза сумен суарады. Биелерді құлындарымен мәдениетті жайлауда бағады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет