1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет48/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3.Жануарлар саркоптозы
Саркоптоз - қотыр ауруларының яғни саркөптоидоздардың бір түрі. Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекеңдейтін, өте ұсақ Sarcoptes туысына жататын кенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматиткеайналдыратын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы. Бұл кенелер морфологиялық, яғни дене құрылысы жағынан бір-біріне өте ұқсас болғандығымен қатар, малдың әр түлігінде өзіне ғана тән түрлері мекең етеді. Sarcoptes туысынан жылқыда- S.equі, ірі қарада - S. bovіs, қойда - S. ovіs, түйеде - S.camelі, шошқада - S. suіs, итте - S.canіs түрлері кездеседі. Sarcoptes туысы Sarcoptіdae тұқымдасына жататын кенелер өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміруге бейім. Дене тұрқы 0,2-0,5 мм. Аяқтары қысқа, табандарында қоңырау тәрізді жабысқақтары бар. Олар ұрғашы кенелердің бірінші және екінші жұп аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарына орналасқан
Қоздырғышының даму биологиясы. Sarcoptes кенелерінің биологиясы да, яғни өсіп, өнуі де бір-біріне өте ұқсас. Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан ұзындығы 15 ммдей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-8 - ден жұмыртқа салады. Бір ұрғашы кене небары 40-60 - тай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 - 4 күннен кейін бірінші нимфаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. Соңғылар 2-3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына айналады. Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне байланысты екінші, яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда еркек кенелермен шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де, ұрғашы кенеге айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған жолға жұмыртқалай бастайды. Sarcoptes кенелерінің толық өсіп, дамуына 15-19 тәулік кетеді. Өзіне жайсыз қоршаған ортаға түсіп қалған кенелер өсіп, өнбейді. Олар ыстық-суықтықтың және ылғалдықтың өзгеруіне өте сезімтал болғандықтан 15 тәуліктен соң-ақ қозғалымпаз қасиетін жоғалтып, жансызданады.
Эпизоотологиясы. Саркоптоз қотыры мал бір-бірімен жанасқанда жұғады. Әсіресе, малды ұзақ уақыт бір суаттан суарса немесе ортақ жайылымда жайса, қышыма қотыр тез тарайды. Бұл ауру негізінен, күз бен қыста шығады. Көктемде мал түлеп, жүні түскең кезде, мал қотырдан біртебірте сауығып, саркоптоздың клиникалық белгілері жөнді байқалмайды. Бірақ бұл кезде Sarcoptes кенелері мүлдем жойылып кетпей дененің төменгі жағындағы тері қатпарларында бірен-саран сақталуы мүмкін. Күзде кенелердің өсіп, өнуіне қолайлы жағдайлар туады, жауын-шашын молайғанда қотыр кенелері тез көбейіп, ауруды қайта қоздырады. Сондықтан қышыма қотырына қарсы бағытталған күзгі шараларды мұқият және дер кезінде жүргізу қажет. Қора қабырғасында және оның ішіндегі жабдықтарда қалып қойған қышыма қотыр кенелері қоршаған ортада өсіп, өнбейді, тек тіршілік қабілетін 3 аптаға дейін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет