1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы



бет104/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
Икт семинар 8, Омархан Аружан Бж 21-12к, Глагол.Алина,Айганым,Алуа, Документ Microsoft Word (3)
120.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын. 
Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.
Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын қала жұртшылығының арасында түсіндіру мақсатында, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымымен, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Умирбаева Д.С. мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.
Жолдау 5 бөлімнен тұрды:

  1. Заман талабына сай тиімді мемлекет

  2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  3. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика

  4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

  5. Қуатты өңірлер - қуатты ел.

Жолдаудың 7 көздеген нысаны:

  1. Пандемиядан кейінгі экономикалық даму

  2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

  3. Сапалы білім беру

  4. Өңірлік саясатты жетілдіру

  5. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру

  6. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау

  7. Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.

Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!


121. 2022 жылғы 5 маусымдағы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум және нәтижесі.
Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті.[1]
Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетеньде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек болды.[2]
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлді. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген[3]. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді.
Әкімдіктер дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауы тиіс. Референдумды әзірлеу мен өткізуді ОСК[4], аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясының қызметін ОСК атқарады.
«Референдумның құрамын, аумақтық және учаскелік комиссияларын жариялау мерзімдері, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер референдум тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей, ал нақты айтқанда, 15 мамырдан кешіктірілмей БАҚ-та жариялануы тиіс. Дәл осындай мерзімде әкімдер БАҚ-та референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттарды жариялауы тиіс.
Үгіт Жарлық енгізілген сәтте басталып, 4 маусымда аяқталады.
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әкім қол қояды және дауыс беру басталғанға дейін 20 күн бұрын, 15 мамырдан кешіктірмей акт бойынша ұсынылады.[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет