2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет28/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Қорытынды
Тестілеу қазіргі оқыту процесінде қолданыс тапқанымен әдебиеттер мен нұсқаулар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысы кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тестік тапсырмалар туралы баспадан шығару аз болғандықтан мұғалімдер газет-журналдардағы мақалалардан ғана тапқанын басшылыққа алады. Қазақстандағы білім беру ісін өзгерту, стратегиялық міндеттерінің бірі — шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай білім сапасы жөнінде әртүрлі пікірлер орын алуда.\r\n\r\nАл 1-3 сныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері стандартпен оқу бағдарламасына сәйкес жетілдіріліп, толықтырылып, «Атамұра» баспасынан шығарылды.\r\n\r\nЖалпы бастауыш білім бастауыш мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында әрбір оқу пәні бойынша базалық білім мазмұны оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген. Міндетті деңгейге жету және бағалау кезінде бастауыш сынып оқушыларының жалпыға бірдей бастауыш білім дайындығының мемлекеттік стандартына қойылатын талаптарыыа қарай жүзеге асырылады. Бастауыш сатыдағы білім бойынша оқушылардың міндеті дайындық деңгейіне жетуін тексер, ауызша сұрау тақырыптық және қортынды деңгейлік жазбаша тапсырмалар немесе такырыптық қортынды бақылау жұмыстары, диктант сынау, тестілеу тапсырмалары арқылы жүзеге асады. Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үрдісінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында 4-сыныпта жүзеге асырылады.\r\n\r\nОқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру, бақылаудың бұл түрі\r\n\r\nтестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар.\r\n\r\n \r\n\r\n 

47. Интербелсенді оқыту. Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары. Интербелсенді Интербелсенді оқытудың формалары. Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында «Оқытудың интербелсенді формаларын» қолдану. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары.


Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде.
Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.

48. Зат мөлшері туралы түсінік. Зат мөлшері түсінігін қолданып шығарылатын есептердің алгоритмі. Мысалдар келтіріп, шығару әдістемесін түсіндір.


49/32. Жалпы орта білім беретін мектеп оқулықтарының құрылымы және жүйесін талдау.Химиядан мектеп оқулықтары: құрылымы, қызметі. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Химия пәнінен оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы. «Атамұра», «Мектеп» баспасынан шыққан химиядан төл оқулықтардың мазмұны,құрылымы.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.
50. Қалыптастырушы бағалау үдерісі, негізгі функциялары. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет