2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет45/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
«Алаш туы астында  
Күн сөнгенше сөнбейміз!  
Енді ешкімнің алашты,  
Қорлығына бермейміз!  
 
Өлер жерден кеттік біз,  
Бұл заманға жеттік біз.  
Жасайды алаш, өлмейміз,  
Жасасын алаш, жасасын!» 
Ғаббас 
 
ҰРАН 
Қазағым қамықпа қамалма,  
Ел болар қамыңды амалда!  
Кетті түн, атты таң, шықты күн,  
Сал малды, сал жанды, аянба!  
 
Мал баққан, жай жатқан ел едің,  
Бейнетті көп тартқан ер едің.  
Қаны жат, тілі жат, діні жат,  
Жат елден таяқты жеп едің.  
 
Жатқа жем бай едің, кен едің,  
Бағың жоқ, биліктен кем едің.  
Партия — сұрқия, қым-қиғаш,  
Бірлік жоқ, көп надан сен едің.  
 
Зарыққан, талыққан жағыңа,  
Тай болды бостандық бағыңа.  
Ұйымдас, ұрандас, жағалас,  
Сен де мін бабаңның татына!  
 
Құның жоқ, құлдықта өліп ең,  
Терезең төремен болды тең.  
Намыстан, қайраттан қатарға ен!  
Басқадан кем болған сенің нең?!  
 
Ұраным, қорғаным, сен алаш,  
Жолыңа құрбандық мал мен бас!  
Өнер тап, өрге шап қару ап!  
Аллалап алға бас, ал, алаш!!! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет