2 практика Тақырып: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары: стрептококктар пневмококктар, стафилококктар, гонококктар



бет2/7
Дата24.12.2022
өлшемі38,75 Kb.
#164247
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика 2 (копия)
Практикалык жұмыс, «Ìèêðîáèîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà òåñò³ë³ê òàïñûðìàëàðû
Антигендік қасиеті. Жасуша қабаты полисахарид тектес субстанция болуына байланысты (1933 жылы Лэнсфилдтің ұсынысы бойынша) стрептококтар 20 серологиялық топтарға бөлінеді (А -дан V-ға дейін).
Патогенділік факторлары.Стрептококтар - шартты-патогенді микроорганизмдер. Патогенділік факторлары - микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия ферменттері және токсиндер.
Стрептококтар агрессия ферменттері (О және S-стрептолизиндер, гиалуронидаза, ДНҚ-аза, НАД - аза және стрептокиназа) мен эритрогенді токсиндер түзеді. О стрептолизині оттегіге сезімтал; иммуногенді қасиеті басым және эритроциттерді гемолизге ұшыратады; S стрептолизині керісінше оттегіге тұрақты, антигендік қасиеті жоқ және қанды агарда беткейлік гемолиз береді.
Резистенттілігі. Қыздыруға тұрақсыз (56°- 30 минут), қайнатқанда тез өледі. Ақуызды ортада кептіруге тұрақты, дегенмен вируленттік қасиеті жойылады. Кеңінен қолданатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Стрептококтардың көбісі B - лактамды антибиотиктерге және макролидтерге сезімтал; А серологиялық топтарының стрептококтары пенициллин қатарындағы антибиотиктерге жоғары сезімтал, оларға деген тұрақтылықты байқатпайды.
Эпидемиологиясы. Стрептококтар адамдар мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілі. А тобының стрептококтары адамдарда тері және шырышты қабықта; В тобы мұрын - жұтқыншақ, асқазан - ішек жолдары және қынапта мекендейді.
Инфекция көзі - науқас адамдар немесе тасымалдаушылар, өте сирек жағдайда ауру жануарлар, пневмококты инфекция кезінде - науқас адамдар мен тасымалдаушылар. Стрептококтар, басқа ШПМ тәрізді, иммунитеті төмен науқастарда, мысалы жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялынан кейін, жиі стрептококтық инфекция тудырады.
Патогенезі және клиникасы. Стрептококтар басқа ШПМ сияқты оппортунистік инфекциялар тудырады. Патогенезі бактерияның көптеген патогенді факторлар әсерімен байланысты.
Стрептококтық инфекциялар келесі топтарға бөлінеді:

  1. жедел стрептококтық аурулар (скралатина, тілме, баспа, жедел гломерулонефрит, бактериялық эндокардит, туғаннан кейінгі сепсис), бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк;

  2. созылмалы стрептококтық аурулар (ревматизм және созылмалы тонзилит), бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк; жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулары, бұл кезде стрептококк көптеген қоздырғыштардың біреуі болуы мүмкін.

Пневмококк - ауруханадан тыс кездесетін бактериялық пневмонияның негізгі қоздырғышы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет