2 практика Тақырып: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары: стрептококктар пневмококктар, стафилококктар, гонококктар


Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері



бет4/7
Дата24.12.2022
өлшемі38,75 Kb.
#164247
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика 2 (копия)
Практикалык жұмыс, «Ìèêðîáèîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà òåñò³ë³ê òàïñûðìàëàðû
Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері. Менингоктар – ұсақ диплококтар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналасқан. Менингококтар грам теріс боялады, қозғалмайды, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді.
Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген (фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. СО2 концентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуіне ықпал етеді.
Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм. Шартты-патогенді нейссериялардан айырмашылығы–пигмент түзбейді. Гемофилдер мен грам оң коктардан айырмашылығы–қанды агарда гемолиз бермейді. Шартты-патогенді нейссериялардан менингококтардың айырмашылығы: 37 0С температурада сарысуы жоқ ортада, 20 0С температурада сарысулы агарда және 5% өт қосылған ортада өспейді.
Ферменттік белсенділігітөмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдырату дифференциалды-диагностикалық белгісі болып табылады, желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртті сутек түзбейді. Барлық аэробтар тәрізді менингококтар каталаза мен оксидаза ферменттерін түзеді, сонысымен олар пневмококтар мен гемофилдерден ажыратылады.
Антигендік қаситеі. Капсулалық антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі және қосымша Х, Y, Z, W-1356, 29E серологиялық топтарға бөледі. Жасуша қабырғасының антигені бойынша менингококтарды серологиялық варианттарға бөлуге болады (1, 2, 3 т.б.). Эпидемиялық менингиттің бұрқ етуі кезінде көбінесе менингококтардың А және С топтары айналымда болады, себебі олар неғұрлым патогенді.




Патогенділік факторлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет