2 практика Тақырып: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары: стрептококктар пневмококктар, стафилококктар, гонококктар


Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары



бет5/7
Дата24.12.2022
өлшемі38,75 Kb.
#164247
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика 2 (копия)
Практикалык жұмыс, «Ìèêðîáèîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà òåñò³ë³ê òàïñûðìàëàðû
Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары

Вируленттік факторлары

Биологиялық әсері

Эндотоксин

Клиникалық белгілерінің негізі

Пили (пилин ақуызы)

Менингококтардың мұрынжұтқыншақ эпителиіне, ми қабықшасына жабысуын қамтамасыз етеді.

Капсула

Фагоцитозға қарсы тұруға белсенділік туғызады

Ig A протеаза

Біріккен (шарнир) аймақтағы Ig A молекуласын ыдыратады, бұл бактерияларды антидене әсерінен қорғайды.

Резистенттілігі. Менингококтар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал болып келеді. 50ә С-тан жоғары және 22әС–тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, 1% хлорамин ерітінділеріне, ауыр металдарға, карбол қышқылының ерітіндісіне, этанолға сезімтал; пенициллинге, тетрациклинге, эритромицинге сезімтал болып келеді. Бірақ кейінгі жылдары антибиотиктерге тұрақты штамдары көбейіп келеді.
Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады.
Зерттеу материалдары: қан, жұлын сұйықтығы, мұрын қуысының кілегейі алынады.
Жұлын миы сұйықтығының центрифугаланған тұнбасын және көмейден алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе жасушадан тыс нейссериялар көрінеді. Материалды алғаннан кейін бірден қанды агарға (шоколад тәрізді агар), құрамында ристомицині бар агарға (немесе линкомицин) ортасына себеді. Инкубацияны - құрамында 5% көмірқышқыл газы бар атмосферада өткізеді.
Бөлінген дақылды идентификациялау келесі қасиеттерге негізделген:
Оксидаза оң колониялардың болуы Neisseria туыстығына жатқызуға мүмкіндік береді. Дақылдың құрамында Neisseria meningitidis-тің болуын глюкоза және мальтоза ыдырауы нәтижесінде сірке қышқылдың пайда болуы.
Серологиялық топтарын агглютинациялық реакция арқылы анықтайды. Бөлінген дақылды менингит тудыратын басқа бактериялардан ажыратады.









    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет