2-тоқсан 9-сынып №1 «Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/3
Дата22.11.2023
өлшемі21 Kb.
#192995
  1   2   3
Байланысты:
9 -класс №2 СОР 2-тоқсан
Дневник наблюдение, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, содержание

2-тоқсан
9-сынып
1 «Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

9.1.4.1 Орта көлемді поэзиялық, прозалық шығармалардан үзінді тыңдау (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру
9.2.3.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы:
 Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді
 Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



Оқушының аты – жөні:-----------------------------------------------------------------------------------
Сыныбы:------------------------------------
Тапсырма . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?

Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай болды.


– Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда, сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір.
Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты.
Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып кетуге болатынын айтты.
– Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты. Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді Мөлдір.
Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған.
Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған.
– Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы менеджертағайындайтын болды, – дейді Мөлдір.(201 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет