«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


- 2022оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері



бет6/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
2021 - 2022оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығыменбелгіленеді.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553.


Республиканың орта білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарлары.

Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарын немесе оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарын таңдап алады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172.
Оқу жүктемесі төмендетілгенҮлгілік оқу жоспарларына сәйкес пәндердің Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленген және ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген (www.nao.kz).
2021-2022 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарлардың вариативтік компоненті есебінен5-11-сыныптарда «Жаhандық құзырлық» (аптасына 1 сағат)таңдаубойынша курстар жүргізу ұсынылады:

- 5-сыныпта «Жақсы әдет»;

- 6-сыныпта «Экология»;

- 7-сыныпта «Сындарлы ойлау және эмоционалды интеллект»;

- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;

- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;

- «Эмоционалды зияткерлік»;

- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері».

«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасына 6-сыныпта «Домбыра» бөлімі енгізіледі. 7-сыныптан бастап Үлгілік оқу жоспарлардың вариативтік компоненті есебінен «Домбыра» таңдау курсын жүргізу ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәнінің 1 сағатын «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Стол теннисі» т.с.с. стол үсті ойындарына, «Спорттық және Бал биі»және т.с.с. ырғақ қимылдарына арнау ұсынылады. Сонымен бірге, мектеп ғимаратындағы бос кеңістікке шахмат, тоғызқұмалақ, шашка, стол теннисін, «Буккроссинг» бұрыштарын орналастыру, барлық сыныптарда әрбір сабақтың 20-сыншы минутында «Сергіту сәттері мен медитация жаттығуларын» ұйымдастыру ұсынылады.

Білім алушының дене дамуының мониторингін жүргізу, спорттың түрлері бойынша олимпиада, арнайы медициналық топтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар Қосымшада берілген.
2021-2022 оқу жылында республикамыздың барлық білім беру ұйымдары оқу процесін жаңартылған білім беру мазмұнымен жүзеге асырады. Барлық сынынтарда электронды журналдар жүйесі («Kүнделік», «Білімал», «Мектеп.edu.kz») қолданылады.


  • 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпта бағалау жүргізілмейді.

  • Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалар бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.

  • Жеке білім беру ұйымдары «Күнделік» электрондық журналына қосыла алады. Бұл үшін басты сайтта қажет https://kundelik.kz / қосылуға ӛтінім беру («ҚБ қосу» командасы).

  • Пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған кезде:

8(727)313-18-32 немесе team@kundelik.kz Kundelik.kz пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласуға болады.

  • Электрондық журналмен жұмыс жасау барысында жиі қойылатын сұрақтар мен оларға берілген жауаптар 1-қосымшада келтірілген.




  • Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі арқылы, қайталауға арналған сағаттар есебінен мейрамға дейінгі немесе келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

  • Сабақ мейрам күніне сәйкес келген жағдайда сабақтыңтақырыбын/оқыту мақсаттарын жақын/ортақ тақырыппен/ мақсаттармен біріктіру мейрам күніне дейінгі немесе одан кейінгі сабақтарда аз сағат санымен өткізіледі. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді. Біріктірілген сабақтар тақырыбы журналда бір жолда көрсетіледі.

  • Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журнал жүйесінде көмегімен көрсетіледі. Осы мәселе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда электрондық журналдар мен күнделіктер сайтындағы техникалық қолдау көрсету қызметі(колцентр, қолдау қызметі, нұсқаулықтар) арқылы нақтылауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет