«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет8/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққақатысу, бақылаужәнеталдау

- директордыңорынбасарларыүшінайына 10-15 сабақ;

- білім беру ұйымының директоры үшін айына 8-10 сабақ;

- мақсатқа байланысты сабаққа қатысу ұзақтығы 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін


2

Қысқа мерзімді жоспарлар мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Сынып журналдарын тексеру

мектепшілікбақылаужоспарынасәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру

Әр тоқсанның соңында

5

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен СБР қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

Қажет болған жағдайда білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуге жол беріледі.




Сабаққа қатысу барысында:

  • сабақтың оқу мақсаттарына сәйкес келуіне;

  • сабақта мұғалімнің қалыптастырушы бағалау өткізуіне;

  • педагогтің кері байланысты жүргізуіне;

  • педагогтің білім алушыларды оқыту процесіне тартуына;

  • сабақ барысында саралап оқыту тәсілдерінің қолданылуына;

  • сабақта цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігіне;

  • белсенді әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдануына және т.б. назар аудару ұсынылады (2-қосымша).


Сабақты бақылау кезеңінен кейінгі рефлексия:

  1. Бақылау парағында сабақ барысындағы барлық негізгі сәттерді белгілеу.

  2. Сабақты талқылау педагогтіңөзінің сабағына өзіндік талдаудан бастау қажет.

  3. Сабақты талдау барысында, ең алдыменпедагогке өткен сабағы мақсатына жетті ме, сабақтың тиімділігін арттырудың жолдары бар ма деген сұрақтар қойыңыз.

  4. Педагогтің өзіндік талдауынан соң талдау жұмысын сабақтың/сабақ кезеңініңтабысты сәттерінен бастау қажет.Әрі қарайпедагогтің сабаққа дайындалу кезінде ескеруі маңызды сәттерді атауға болады. Талдауда педагогтің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың табысты немесе керісінше, үлгермеген нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аударған жөн.

5. Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық кеңестердің отырыстарында ұдайы тыңдалуға тиіс.

Сабақтарға қатысу, зерттеу және талдау білім беру процесін жетілдіруге, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуына, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасының артуына негіз болады. Сабақты бақылаудың нәтижелері әдістемелік бірлестіктің, әдістемелік кеңестің, педагогикалық кеңестің отырыстарында мерзімді және жүйелі түрде тыңдалуы керек.




  • Барлық оқу пәндерінен 1-11-сыныптарға арналған орта мерзімді жоспарларының үлгілері «НЗМ ДББҰ» АҚ сайтының «Жүйелік-әдістемелік кешен» бөлігінде орналастырылған (http://out.easycounter.com/external/smk.edu.kz).

  • Қысқа мерзімді жоспарды педагог әрбір сабаққа, сыныптағы оқушылардың білім алудағы ерекшеліктерін ескеріп әзірлейді және электронды немесе қағаз түрінде ұсынады.

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру және білім алушылардың, сонымен қатар педагогтердің проблемаларын анықтау және оны уақытында шешу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.




2021-2022 оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әкімшілік бақылау өткізу ұсынылады. Бақылау нәтижелерінің негізінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толтыру мақсатында әрбір педагогтің және мектептің мақсатты жұмыс жоспары әзірленеді. Шектеу шаралары кезінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша мақсатты шаралар жыл бойы жүргізіледі.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:

1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;

2) оқу-танымдық әрекеті дағдыларындағы олқылықтар;

3) табысты оқу үшін қажетті жеке қасиеттердің даму деңгейінің, дербестігінің, ұйымшылдық көріністерінің жеткіліксіздігі;

4) эмоционалды дискомфорт.


Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:

1) оқу қызметін жоспарлауға көмек көрсету (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу қызметін реттеу және т.б.);

2) оқу қызметі барысында сүйемелдеу және кеңес беру;

3) оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табыс жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).

4) оқушының оқу әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т.б.);

5) қосымша сабақтар және өзара көмек ұйымдастыру;

6) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет