2023 жылы Мазмұны Кіріспе Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі Негізгі бөлім


Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі



бет2/3
Дата09.10.2023
өлшемі21,66 Kb.
#184380
1   2   3
Байланысты:
макала
КТП 3 кл, жоб3 (2)
1.Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі

Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері тұрғысынан көрсетіледі.


Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады:
- Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелері.
- Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға арналған білім беру мекемелері.
- Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі арнайы топтар.
- Оңалту орталықтары.
- Арнайы мектеп-интернаттары.
- Арнайы балалар үйлері.
- Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер.
- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері.
- Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО).
Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория, стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері: сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер:
- Мүгедек балаларға арналған интернаттар.
- Психоневрологиялық интернаттар.
- Әлеуметтік орталықтар.
Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Сөйлеу тілі бұзылысының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете-қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу – оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету-педагогикалық әсер ету – балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге, және де, мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық, дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған. Мақсатқа жету білімділік, түзетушілік және дамытушылық міндеттердің қойылуымен негізделеді. Оларды логопед, тәрбиешілер арнайы жеке және топтық сабақтарда шешумен айналысады, балабақшада біркелкі сөйлеу тәртібін (күні бойы балалардың сөйлеу тілін қадағалау) ұйымдастыруда іске асырады.
Түзете оқытуды жоспарлау және мазмұның толтыру бағдарламалармен, әдістемелік материалдармен белгіленеді және балалардың жасын, топ ерекшелігін және сөйлеу тіл кемістігінің белгісін ескеріп құрастырылады.
Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:
- топтарды іріктеу және топтастыру (толықтыру);
- балаларды кешенді тексеру;
- жеке және топтық жұмыстың алдын ала (перспективті) жоспарын құрастыру;
- сабақтардың жоспарларын іске асырумен байланысты, негізгі кезең;
- аралық және қорытынды бақылаудың қамтамасыздандырылуы;
- күнделікті анамнестикалық (түзете оқыту нәтижелерін талдау, балаларға мінездеме құрастыру).
Кемістігі бар балалармен жүргізетін жұмыстан басқа логопедтің міндеті төмендегідей:
- медициналық-педагогикалық комиссияларды өткізу;
- ата-аналарға кеңес беру-педагогикалық жұмысы;
- күнделікті құжаттарын толтыру;
- тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет