2023 жылы Мазмұны Кіріспе Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі Негізгі бөлім


Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру



бет3/3
Дата09.10.2023
өлшемі21,66 Kb.
#184380
1   2   3
Байланысты:
макала
КТП 3 кл, жоб3 (2)
2.1. Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында логопедиялық пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер құрастырылған, оларға сай меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан логопедтік пункт қызметінің тәртібі белгіленеді.


Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.
Логопедтік пункт жұмысын білім беруді басқаратын органдар ашады, әрбір логопедтік пункттегі топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі.
Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пунктті ашу 14-16 сынып болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-25 адам, ауылдық жерде 15-20 адам оқиды.
Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің (бастауыш мектеп – балабақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балаларға арналған оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.
Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетика-фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтықпа, сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Мұғалім-логопедтің міндеттері:
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша
балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша
педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру;
3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін
педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен ,
сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру;
5) білім беру саласындағы қызметкерлер, ата –аналар арасында логопедтік
білім жөнінде насихат жүргізу, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын –алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзету жұмысының ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестермен ата-аналар ( заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;

3.Қорытынды
Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Теориялық аспектісі – сөйлеу тіл кемістіктерін зерттеу, оларды анықтау, жою және тіл кемістігін алдын алудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерін зерттеу. Практикалық аспектісі-тіл кемістіктерін алдын алу, анықтау және түзету. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты.
Алдыға қойылған міндеттерді шешу үшін:
-пәнаралық байланысты пайдалану, сөйлеу тілі және оның бұзылыстары бойынша зерттеу жұмысына қатысты көптеген мамандарды (психолог, нейропсихолог, нейрофизиолог, лингвист, педагог, әр түрлі профильдегі дәрігерлер, т.б.) қызметтестікке тарту;
-теория мен практиканың өзара байланысын, ғылымның заманауи жетістіктерін практикаға еңгізу мақсатымен ғылыми және практикалық мекемелердің байланысын қамтамасыз ету;
-сөйлеу тілі бұзылыстарын ерте анықтау және оларды жою, түзету принципін жүзеге асыру;
-сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу мақсатымен халық арасында
логопедиялық білімді насихаттау.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін белгілейтін, нормативті құқықтық актілерді бекіту туралы» 3.09.2004ж. №712 бұйрығына қосымша.


2. Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. Ибатова Г.Б., Оразаева Г.С. Алматы, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет