3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет12/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
У-ды айтқанда ерін сүйірленіп, дөңгеленіп алға шығады, ерін тарылады, жақ бір-біріне жақындайды, тілдің ұшы қусырылып жылжиды. У-ды дыбыстаңдар, содан кейін ау, әу, еу, өу деп айтыңдар. Бөлшектемей бірінен соң бірін дыбыстап (барлық дауыстыларды: а, ә, о, ө, е, (э), ы, і, ұ, ү, и, у-ды) айтып шығыңыздар.
Жуанды-жіңішкелі жұп болып келетін: а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – дыбыстарының айтылуындағы айырмашылығын салыстырыңдар.
3. Дауыссыз дыбыстарды анық айтып шығыңдар. Дауыссыз дыбыстардың кез келгенін айтқанда сөйлеу мүшелерінің біріне қақтығысып шығады. Мысалы: Р-ді айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп қатты таңдайдың алдына тие дірілдейді. Сөз ортасында бір рет, сөз аяғында екі рет дірілдейді. Р сөз басында айтылмайды, сондықтан басқа тілден ауысқан Р-дан басталатын сөздің алдынан ы немесе і қосылып (протеза) жасалып оқылады; кейде ү, ұ, о тәрізді дыбыстар селбесіп айтылады (Радио – ырадио, рет – ірет, рас-ырас, рұқсат-ұрықсат т.б.).
Б мен П-ны айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, содан соң бірден ашылып кетуінен пайда болады; Т мен Д дыбыстары тіл ұшы үстіңгі күрек тістің ішкі жағына нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады т.б.
Дауыссыздарды ешбір басқа дыбыстарды селбестірмей таза, анық дыбыстауға дағдыланыңдар. Дауыссыздарды қатаң, ұяң мен жұптап кезекпе-кезек дыбыстаңдар: б-п; д-т; қ-ғ; қ-г; в-ф; ш-ж; с-з. Жуан-жіңішке болып келетін: қ-ғ; ғ-г-ні дыбыстаңдар.
Дауысты дыбыстармен тіркесіп келген жуан-жіңішке буындардағы дауыссыздардың дыбысталуын байқаңдар.

Ла- лә; лы – лі; ба - бе


Ра – рә; ры – ре; па - пе
Ма – мә; мы – мі мо – мө
На –нә; ны – ні нұ –нү

Ескерту, р-ді дұрыс дыбыстай алмай, сақау сөйлейтіндер кездеседі. Егер мұндай ауытқушылық дағдыдан болса, оны жаттығу арқылы тез түзеуге болады.


Р дыбысын қалай дыбыстайтыныңды мына сөздерді оқып тексеріңдер.
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 2. Қорыққанға қос көрінер жалғыз қурай. 3. Еріншектің ертеңі таусылмас. 4. Кеш жарық! Жарықпен біз қарқ. 5. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес. 6. Ер қаруы – бес қару. 7. Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты асырар. (мақалдар).
ж, з, ш дыбыстарын қалай дыбыстайтындарыңды мына өлеңді дауыстап оқып, тексеріңдер.

Шынықсын денеміз


Жүріңдер балалар,


Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай
Құрыштай
Шынықсын денеміз!
Таяққа бау тағып
Шаңғыңды майлап ал,
Биялай
Малақай
Бәрін де сайлап ал!

Жақсылап байқашы,


Аяғың тоңбай ма?
Жел үріп,
Қар кіріп,
Қоншыңа толмай ма?
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай
Құрыштай
Шынықсын денеміз!


Б.Соқпақбаев

Мәтіндегі с – з – ш – ж дыбыстарын айқын дыбыстап, сөзді анық айтып, тыныс алу ережесін сақтай отырып, дұрыс, дикциямен оқыңдар




Санамақ

Жиналған соң достары,


Қазтай өзі басқарды,
Қызықты ойын басталды:
Бірі болды бақшашы,
Екіншісі – егінші,
Үшіншісі – бақташы,
Төртіншісі – теңізші.
Бесіншісі – балташы,
Алтыншысы – аспазшы.
Жетіншісі – жылқышы,
Сегізінші – сырнайшы,
Тоғызыншы – тігінші,
Оныншысы – орманшы.


(Е.Өтетілеуов)


Бақылау жұмысы

Мәтінді тыныс алу мен дұрыс дыбыстау ережелерін сақтай отырып оқыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет