3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері


Ұстаздың ата-анамен жүргізетін жұмысының мазмұны



бет15/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу
алеуметтану срсп, алеуметтану срсп, Срс әлеуметтану Тәңірберген С, 19 ғасырлардағы би
Ұстаздың ата-анамен жүргізетін жұмысының мазмұны




Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту.

Психологиялық – педагогикалық білімдерін көтеру.



Ата – аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру.





- Педагогикалық білім беру;

- Дәріс беру, семинар, практикумдар;

- Конференция;

- Ашық сабақтар; Сыныптық іс - шаралар

- Ата – аналар жиналысы;

- Үйірме, отау, секция, біріккен шығармашылық істер;

- Қамқорлыққа алу;

- Материалдық-техникалық жағдай.

- Мектеп кеңесі;

- Қоғамдық «бақылау» комитеті;

- Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті.



2.2. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының мазмұны мен әдіс-тәсілдері

Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуге дайындығын арттырудың бір жолы оларға жүйелі түрде білім беру болып отыр. Ол ата-аналар жиналысы, ата-аналар университеті, сұхбаттар мен әңгімелер және басқа да іс-шаралар мазмұнына ендірілу арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуге отбасы жүйесінің қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, сауалнама, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест және т.б.

Сонымен қатар, отбасы жүйесі арқылы оқушылардың типтік мінез бітістерін тәрбиелеуде әлеуметтік-психологиялық әдіс-тәсілдер мыналар: «Отбасылық социограмма тесті», «Отбасының кинетикалық суреті», «Көркем сурет әдістемесі», «Тұлғалық қасиеттерді анықтауға арналған балалар сауалнамасы», «Айзенк сауалнамасы», «Адам суреті» тесті, «Э.Г.Эйдемилердің ОТТ (отбасы тәрбиесін талдау) сауалнамасы», «ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама» А.Я.Варга, В.В.Сталиндердің «Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама тесті және т.б».

Бұл аталған әдіс-тәсілдер отбасы жүйесіндегі қарым-қатынасты, отбасы мүшелерінің бір-біріне эмоциялық байланысы мен сезімдік жағдайлары, отбасындағы балалардың типтік мінез бітістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысына Шымкент қаласындағы №46 жалпы орта мектебінің 2-4 сынып оқушылары, яғни 60 оқушы және 30 ата-ана қатысты. Тәжірибелі экспериментке қатысқан сынып оқушыларына анықтау мақсатында «Отбасының кинетикалық суреті» тесті жүргізіледі.



Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды. Бұл телімелі тесті қолданған кезде мынадай жағдайлар ескерілді: Әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді. Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: Отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.

Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».

Сурет салу кезінде баланың айтқан әрбір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.

Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу қажет:

- Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр?

- Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді?



- Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады?

- Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:

- Отбасы суретінің құрылымын талдау;

- Отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;

- Сурет салу процесін талдау.



Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.

1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.



Кейбір суреттерде адамдар немесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұл да баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.

2. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.

Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бейнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.

Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне-өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.

ЖКС үшін сандық бағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады: 1) Қолайлы отбасылық жағдай; 2) Үрейлік; 3) Жанжалдық; 4) Өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) Отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін бағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.

Алынған нәтижелерді өңдеу орташа бал – «2» ұпайды көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды: Мектеп психологының, сынып жетекшесінің ары қарай мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына диагностикалық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.

Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді.



№ 6 кесте

Отбасы кинетикалық суретінің белгі кешені



Белгі кешені

Белгі

Ұпай

1.Қолайлы отбасылық жағдай

1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері

2. Суретте балалардың көптігі

3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі

4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы

5. Штрихтардың болмауы

6. Сызықтың жақсы сапасы

7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы

8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы

9. Басқа да мүмкін болатын белгілер


0,2

0,1


0,2

0,2


0,1

0,1


0,2

0,1


-

2. Үрей

1. Штрихтау

2. Негізгі сызық – еден

3. Сурет үстінде сызық болуы

4. Сызықтың қатты сызылуы

5. Өшірілуі

6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі

7. Заттардың көп болуы

8. Екеулік және үзілмелі сызықтар

9. Бөлек заттардың астын сызу

10. Басқа да мүмкін болатын белгілер



0,1; 2,3

0,1


0,1

0,1


0,1; 2

0,1


0,1

0,1


0,1

3. Жанжалдық

1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл

2. Жеке тұлғаларды өшіру

3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы

4. Жеке тұлғаларды бөлу

5. Жеке тұлғаларды оқшалау

6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі

7. Суреттік вербалды сәйкессіз бейнесі

8. Заттардың көптігі

9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы

10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі

11. Басқа да мүмкін болатын белгілер


0,2

0,1; 2


0,2

0,2


0,2

0,2


0,1

0,2


0,1

-


4.Өзін толықтырмаған сезіну

1. Сурет авторы басқаларға қарағанда өте кішкентай

2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы

3. Сызық әлсіз, үзілмелі

4. Өзін басқалардан бөлек салу

5. Тұлғалардың кіші болғаны

6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу

7. Өзінің жоқтығы

8. Өзі артқа қарап отырғанын салу

9. Басқа да мүмкін болатын белгілер


0,2

0,2


0,1

0,1


0,1

0,1


0,2

0,1


-

5.Отбасылық жағдайда дұшпандылығы

1. Бір тұлға басқа парақта немесе парақтың екінші жағында

2. Тұлғаның агрессиялық қалыпы

3. Сызылып тасталынған тұлға


0,2

0,1


0,2

Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде отбасы жүйесіндегі ата-аналарға мынадай сауалнама жүргізілді. Оның мазмұны төмендегідей:



  1. Біздің үйде ең бастысы – бала.

  2. Менің баламның менімен ақылдаспай бір нәрсені жасағанын көз алдыма елестете алмаймын.

  3. Сіздер түсініңіздер, мен күні бойына өз тірліктерімді бітіре алмаймын және есесіне баланың жанын түсінуге де уақытым жоқ.

  4. Менің балам балабақшада емес үйде, отбасында тәрбиеленіп жатқанына маған риза шығар

  5. Балам менің көңілімнен шығуға ұмтылса да, мен оның тек кемшіліктерін көремін.

  6. Егер менің балам кінәлі болып қалса, онда оның қайтара терісін сыпырып аламын.

  7. Мен әрдайым балама барлық нәрсені ақылмен жасауы: айтып отырамын

  8. Мен баламның денсаулығы жақсы болуы үшін, оның барлық еркеліктерін кешіремін.

  9. Балама сағаттар бойы уақытымды бөлгенше, оған бір нәрсе сатып ала салғаным жақсы

  10. Өзімнің ойындағы жауабына қол жеткізу үшін менің балам дәл сол сұрақпен кімге (әкесіне немесе шешесіне бару керектігін жақсы біледі

  11. Бұрында мен балама барлық нәрсеге рұқсат ететінмін, ал қазір ешнәрсе де жасатпаймын

  12. Менің балам туылғаннан бастап, өзіне ешкімнің тең келмейтінін біледі

  13. Менің балам ешқашан менсіз шешім қабылдамайды

  14. Мен балама барлығын беремін: тамақ, киім, нан-онда оған қоса көңіл бөлудің қажеттілігі қанша деп ойлаймын.

  15. Менің баламның маған қаншалықты кедергі келтіретінін білсеңіздер ғой!

  16. Көршімнің баласына қарағанда, менің балам 100 есе нашар

  17. Баланың ойы ешнәрсе емес, ал ата-ананың ойы-заң

  18. Мен-«ең бірінші баланың міндеттері, содан соң ғана құқықтары болуы тиіс»,-деп есептеймін.

  19. Мен баламды барлығынан қорғаштаймын. Ол мен үшін денсаулығымның қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі

  20. Менің балам күнделікті сыйлық алуға үйренген. Оның әрдайым неге көңіл толмайтынын түсіне алмаймын

  21. Біздің үйдегі ересек адамдар баланы тәрбиелеуде әр қайсысы өзінің стилін қолданады

  22. Менің балам (қызым) енді өзінің кіші қарындасы (інісі) болғандықтан, оған көп көңіл бөле алмайтынымызды еш түсінбейді

  23. Мен тек өзімнің балам үшін өмір сүремін

  24. Баламның тек қана сілтеулерімен өмір сүретініме мені неліктен кінәләйтінін түсінбеймін

  25. Маған баланы көбінесе телефон арқылы тәрбиелеуге тура келеді

  26. Мен балама көңіл бөлуге ұмтылмаймын. Маған ешкім көңіл бөлмеген

  27. Мен балама жақсы болу үшін ғана, басқа балаларға қарсы қоямын

  28. Тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі- белдік

  29. Балам біздің үміттерімізді ақтаулары қажет екендігін біледі.

  30. Мен баламның денсаулығының нашар екендігін әрдайым есімде ұстап, оның айтқандарын орындаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет