3-КҮн оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық Әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата08.02.2022
өлшемі312,43 Kb.
#117712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
3.2-дәріс
3.2-дәріс
2-қадам: Бағалау әдістері 
Сіздің оқу нәтижелеріңіз бұрынғыдай қалғанмен, оқытудың 
онлайн форматында оған қалай қол жеткізуге болатынын білу 
маңызды . Ең алдымен, білім алушыларға өздерінің жаңаша оқуын 
көрсетуге көмектесу керек. 
Оқушылармен қалай байланысатыныңызды анықтаңыз. 
Оқушыларға оқу материалы қолжетімділігін қамтамасыз ететін 
кіру нысаны болуы керек. Егер сіз оқушылармен жұмыста кейбір 
платформаларды (блог, сайт, мессенджерлер,жабық топ және т.б.) 
пайдалансаңыз, онда оқушылар қашықтықтан оқыту арқылы жұмыс 
істей алады. Егер мұндай платформа болмаса, онда оқу материалы 
электрондық журнал арқылы берілуі мүмкін (электронды журнал 
платформасы шамадан тыс жүктемеге төтеп бере алмайтындықтан, 
альтернативті байланыс көзі болуы керек). 
Бұл тұста мұғалім өзін пікір алмасумен және бағалаумен 
шамадан тыс жүктемеу керек. Егер мұғалімге әр топ бойынша апта 
сайын 45 эссе тексеру керек болса, ол білім алушыларға олардың 
жұмыстарының іріктеліп тексерілетінін хабарлап, кейіннен 
барлығына жалпы жауап берсеңіз де болады. Ең көп таралған 
тапсырмалардың бірі – түсінуге арналған тапсырмаларды тексеру. 
Оқушылардан алған білімдерін сіз берген емес, жаңа контексте 
қолдана отырып 2-3 сөйлем жазуларын сұраңыз. Бұндай жағдайда 


орындалған тапсырмаларды оқып шығуға мұғалімнің көп уақыты 
кетпейді және мұғалімнің қай оқушыда қандай қиындықтар 
туындағанын бірден көруге мүмкіндігі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет