3-сынып Мазмұны Ұзақ мерзімді жоспар 3


http://adebiportal.kz/?lang=kz



бет14/16
Дата28.11.2019
өлшемі2,22 Mb.
#52706
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2 Оқу жоспары Әдебиеттік оқу 3-сынып
Ахмет Байтурсынов, Bala Qorgau жобасы, карар 11

http://adebiportal.kz/?lang=kz
www.balalaralemi.kz

кітапхана қоры

«Домбыра және күй» мультфильмі:

https://ok.ru/video/33442106070

Шығарманы негіз ете жасалған қатесі бар қысқаша мәтін

http://tilalemi.kz/tartu/one/708 әдеби көркемдегіш құралдар дегеніміз не?

Шың мен шыңырау бейнеленген А3форматты сурет, маркерлер, қарындаштар






«Әдебиеттік оқу» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып

6-тарау: Атақты тұлғалар

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді.

Мәнмәтін

Осы бөлім атақты тұлғаларды тану тақырыбын пәнаралық байланыста қарастырады. Тарау барысында тыңдалым, айтылым, жазылым сабақтаса жүргізілуі тиіс. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Олар сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды (эссе), вербалды емес тілдік құралдарды қолдануды (саундтрек, фильм), сөйлеу барысында тыңдарманның назарын аударуда фото қолдану шеберлігі, дәлелдер келтіріп бағалауды, өтілген тақырыпқа қатысты қатемен жұмыс барысында стилін жетілдіруді орындайды.

Қысқаша шолу

Тарау қазақ халқының мақтаныштары, сарқылмас қазынасы даңқты тұлғалары, қайраткерлері, өнерпаздары таныстырылып, олардың ізгілік, мәдениет, парасат тұрғысынан беретін үлгісі талқыланады. Оқушылар шығарма мазмұнын рөлге бөліп, сахналайды: түрлі формада (мимика, көлеңке, монолог, сахналау т.б).




Оқу бағдарлама

сына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
1.2 Шығарманы мазмұндау

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау


2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру


2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

1.4 Тыңдарманның назарын аударту


    1. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.1 Шығарманың жоспарын құру

3.4 Қатені табу және түзету


3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін,сөйлемді табу

3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау


3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау


3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу


3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін,сөйлемді табу

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету


Сарқылмас қазына

(МК) (Ұ) М.Әлімбаевтың «Әнші Әміре» әңгімесін «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісімен сын тұрғысынан бағалап оқығаннан кейін оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Бұл сыни ойлауды дамытуға арналған әдіс. Стратегия келесі дағдыларды қалыптастырады:

  • сұрақтарды дұрыс құра білу;

  • түсініктерді сәйкестендіре алу.

Әнші Әміре

Лениногорск қаласы бұрын Риддер деп аталған екен, қазір ол қалаға бұрынғы аты қайта берілген. 1934 жылдың көктемінде сол қалаға Алматыдан бір топ артист келіпті. Олар жұмысшыларға концерт қоймақ екен. Қонақ үйге жайғасып, біраз демалған артисттер клубқа барса, есікте күректей қара құлып тұр екен. Ешкім де концерт жөнінде құлақтанбаған. Ең ақыры жарнама да ілінбеген. Театрдың күні бұрын жіберген адамы жолда пойыздан қалып қойып, дер кезінде Риддерге жете алмаған.

Артисттерді бастап барған Құрманбек Жандарбеков мұңайып,:

- Бгінгі кешімізбекерге кетті, - депті жолдастарына. Сонда кең маңдайлы, келбетті жігіт тұрып:

- Құрмаш, қой, сен-ақ сарыуайымға салынғыш екенсің. Клубтың есігін ашқыз, әнші-бишілер әзірлене берсін. Жұмысшыларды мен қазір қолма-қол жинап берейін саған, - дейді.

- Қалай?


- Оны өзім білем...

Солай сөйлейді де, әлгі жігіт Құрманбекті ертіп клубтың алдындағы төбеге шығады.

Күн ұясына кіре берген кешкі сәт. Тымық ауа. «Қарағым, айналайын келдің қайдан?» Аспанды қақ жарғандай әлеуетті үн саңқ етеді. Әншінің шабытына, асқақ шырқаған сазына досы Құрманбек те қайран боп, аузын ашып қалады. Талай қауымды тамсандырған Құрманбек қосыла кетейін десе, жүрегі дауаламайды. Аспанды толқытқан ән құлақтының бәрін елең еткізіп, қаланың о шеті бұ шетіне жетеді. Бір кезде жазғытұрым жылға-жылғамен тасыған қар суындай әр тараптан халық ағылды-ай келіп.

- Ал, концертіңді бастай бер, Құрмаш! – дейді әнші.

Келген жұрт клубқа сыймай, сеңдей соғылысады. Әпсәтте қала халқын әнмен бауарп жинап берген атақты әнші Әміре Қашаубаев екен.

Әміре ата 1925 Парижде болған бүкілдүниежүзілік жарыста қазақтың халық әндерін айтып, бәйге алған теңдесі жоқ әнші, талантты артист болған.



(Ө) (Ж) М.Әлімбаевтың «Әнші Әміре» әңгімесіне «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, мәтіннен іздеп тапқан көркем-бейнелі сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікір білдіреді.

(Ұ) М.Әлімбаевтың «Әнші Әміре» әңгімесіне «Бес саусақ» әдісі арқылы бірлесе отырып жоспар құрастырып, мазмұндайды.


(Ж) «Бір минуттық әңгіме» тәсілін қолдана отырып, құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық таңдауына қарай мазмұндау ұсынылады.
(ҚБ)

Оқушылардың мәтіннің мазмұнына байланысты құрылған жоспар бойынша мазмұндауы бағаланады.

Бағалау критерийлері:

- жоспар бойынша мәтін бөліктерінің ретін анықтайды;

- жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.

(ОТ) (Т) Б. Төлеубайұлының «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесін «Биопоэма» әдісі арқылы шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады.


(Ұ, Ө) «Блиц-бақылау» әдісіне сүйене отырып, Б. Төлеубайұлының «Тұңғыш қазақ ғарышкері» әңгімесінің мазмұны бойынша қолдануға, практикалық бағалау,а негізделген сұрақтар қойып және жауап береді. .

(МК) (Т) Оқушылар «Кубизм» әдісімен Е.Естаевтың «Біздің Мәншүк» әңгімесін мұғалімнің көмегіне сүйене отырып негізгі ойды анықтайды, талқылайды. «Кубизм» белсенді оқыту түрі әдеби көркем шығарманы талдауға тиімді әдістердің бірі.

...1943 жыл. Күз айы. Лейтенант Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келді. Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылды. Олардың ішінде Мәншүк Мәметова бар еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді. Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Бірақөжет қыз «Максим» пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады, оларды шөпше жапырды. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылғанснарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды. Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгерілей бастады. Мұны көргенде, Мәншүк те ызалана түсті.

Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай, майдандас серігі «Максимге» қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Тағы да жаудың жетпіс солдаты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты. Осы шайқаста Мәншүк Отаны, елі үшін асқан ерлікпен, батырлықпен қаза тапты.Мәншүк Мәметованың ерлігі аса жоғары бағаланып, оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

(Т) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушылар соғыс уақытындағы, соғыстан кейінгі оқиға суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.

(Ұ) «Қазақтың батыр қыздары» туралы саундтрек композицияларының бірінің сүйемелдеуімен өлеңді тыңдайды немесе оқиды.

Ө. Т. Жароков, Ә. С. Мұхамеджанов

«Мәншүк туралы ән» саналы түрде түсініп, сын тұрғысынан бағалап оқу ұсынылады.

Дауылмен тербеп оның жас бесігін,

«Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін,

Майданның, пулеметпен ашты есігін.
«Максимін» басқан сайын бас бармағы,

Жаулардың өлік болды жастанғаны.

Атысты ол от ішінде сүңгіп жүріп,

Секілді қамысты көл қасқалдағы.


Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен.

Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,

Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.


(Ұ) «Қазақтың батыр қыздары» бейнебаян ұсынуға болады.

(Т) «Өкіл» әдісімен әр топқа тақырыпқа байланысты «Батыр», «Ержүрек», «Қайсар», «Өжет» сөздеріне байланысты бір мақал-мәтелден дайындап талқылау ұсынылады. Бұл әдіс зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолдануға тиімді.

Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды.


(Т) Әр топқа «Үштік Венн диаграммасы» әдісі арқылы, жоғарыда қарастырған әңгіме, өлең, мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.
Үлгі мақал-мәтелдер:

Күш батылдыққа ереді.


Батыл болсаң, батыр да боласың.
Батыр - елдің сәулеті, Балқұрақ - колдің сәулеті.

Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды.


Шын батыр сын үстінде танылар.


(Т) «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісін қолдана отырып «Төле би мен Түлкі бала» шығармасының мазмұны бойынша қолдануға практикалық бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.

Төле би Әйтеке биге қонаққа келіпті.



Әйтеке жақсы қарсы алмапты, жатқан орнынан да тұрмапты. Төле өкпелеп қайтып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:

  • Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді, - депті Әйтеке.

  • Рұқсат етсеңіз, барайын, - дейді Түлкі деген бала. Бала салт атқа мініп, Төленің алдынан орағытып шығып, сәлем беріпті де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.

Бір кезде Төле:

  • Әй, балам, жол болсын! – дейді.

  • Әлей болсын, - дейді бала. – Рұқсат етсеңіз, бір сұрағым бар еді. Үш жүз кім?

  • Қазақтың үш баласы, үшеуі ағайынды.

  • Ағайынды кісі өкпелесе, немен тарқайды?

  • Ағайынның өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып көрумен-ақ тарқайды.

  • Ағасы інісіне өкпелесе ше?

  • «Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бас болады, - деген екен Төле.

  • Төрелігіңізге құлдық, ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып, қонақ болып қайтуыңызды сұрай келдім, дейді Түлкі бала.

  • Бетің қайтпаған бала екенсің, бір ашуымды байладым, - деп, Төле би кейін бұрылған екен сонда.

Оқушылардан сұрақ құрастыру арқылы үйренгендері мен білгендеріне қайта оралып отыруын қадағалайды


(Ө) (Ж) (Т) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады.



(Ж) Мұғалім «Синквейн» әдісімен «Төле би мен Түлкі бала» шағармасындағы ағайындардың бірлігі, татулығы бейнеленген сөздеріне сүйене отырып, оқушыларға бес жолды өлең құрастыруға ұсынады.

(Ө) «Түрлі түсті жиектер» әдісімен оқушы жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады.
(ҚБ) Оқушылардың бес жолды өлең құрастырулары «Түрлі түсті жиектер» әдісімен өзін-өзі тексерген соң бағаланады.
(ОТ) Оқушылар сөйлеу барысында фото қолдану арқылы «Басқаға бұйырмаған бақыт» (Б.Момышұлымен кездесуден) әңгімесін «Фотогалерияға саяхат» әдісімен тыңдарманның назарын аударады.
(ОТ) (Т) Қ.Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңіндегі кейіпкер батыр Қайраттың қаһармандығын сценарий түрінде ұсынады. «Айрықша тапсырма» әдісімен қабілетті оқушылар тапсырма алады. Олар өздеріне бөлінген рөлдері анықтап, сценарий түрінде орындайды.
(Ө) «Әдеби шеңбер» әдісімен Тәуелсіздік алған күн» іштей саналы түрде түсініп оқиды. Өлеңді тізбектей оқиды, соңынан пікір алмасады: Желтоқсан оқиғасына байланысты мектепте өткен іс-шаралардан, желтоқсаншылар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғаларды байланыстырады.
(Ұ) Оқушыларға Қ.Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңін аудиожазбадан тыңдатуға немесе мұғалім өзі өлеңді оқып беруге ұсынуға болады. Оқушылардан өлең қалай оқылғаны туралы пікірлерін сұралады.

«Бірлескен оқылым» әдісіне сүйене отырып, өлеңді ұжыммен белгі қойып отырып оқу ұсынылады.


(Ж) Оқушылар Қ.Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңінен «Әдеби шеңбер» әдісімен негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табады. Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың позициясын анықтайды.

Табанымда – жер бесік, шаңырағым – көк аспан,

Байтағыма бұрылып, бой түзеді адасқан.

Нұрсұлтанның қолымен көзін ашқан бұлақтар,

Шөлдегенге шапқылап шаттығымен жарасқан.

Күн шырақты жап-жарық, ынтымақты ел ордасы,

Жүз ғасырда бір туар жұрты сүйген Елбасы.

Салтанаты Саммиттің, Азиада алауы,

Бүкіл ғалам тамсанған бостандықтың олжасы.

Бабаларым баһадүр, жеріме еткен иелік,

Көкірегім шаттықтан күмбірлейді күй еніп.

Желге қарсы төс керіп, Мұзбалақтай зауладық,

Ұлы рухтың шалқыған шабытына сүйеніп.

Жетім қозы бермеуге жалаңдаған қасқырға,

Найзаласып нарықпен бөгет салдық тасқынға.

Қазақстан керемет, Қазақстан ғажайып,

Мың шаңырақ құйқылжып, бір шаңырақ астында.

Бұрынғылар көріп пе дәл осындай Күн, Айды,

Аруақтар да бір аунап, патшаға ырза сыңайлы.

Бір дұғасы ауылдың қабыл болса Аллаға,

Ең алдымен Елбасы амандығын сұрайды.

Азаттық та жоқ еді, Астана да жоқ еді,

Жиырма жылда қарыштап жүз жылға артты беделі.

Иншалла деп иіліп, иманыңды тасытып,

Ту етеді атыңды бүкіл Түркі әлемі.
(Т) Әр топ оқушыларына «Оқиға картасына Әселхан Қалыбекованың «Елбасыға арнадым жырымды мен» арнауының» басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау ұсынылады.

«Елбасыға арнадым жырымды мен»

Табанымда – жер бесік, шаңырағым – көк аспан,

Байтағыма бұрылып, бой түзеді адасқан.

Нұрсұлтанның қолымен көзін ашқан бұлақтар,

Шөлдегенге шапқылап шаттығымен жарасқан.

Күн шырақты жап-жарық, ынтымақты ел ордасы,

Жүз ғасырда бір туар жұрты сүйген Елбасы.

Салтанаты Саммиттің, Азиада алауы,

Бүкіл ғалам тамсанған бостандықтың олжасы.

Бабаларым баһадүр, жеріме еткен иелік,

Көкірегім шаттықтан күмбірлейді күй еніп.

Желге қарсы төс керіп, Мұзбалақтай зауладық,

Ұлы рухтың шалқыған шабытына сүйеніп.

Жетім қозы бермеуге жалаңдаған қасқырға,

Найзаласып нарықпен бөгет салдық тасқынға.

Қазақстан керемет, Қазақстан ғажайып,

Мың шаңырақ құйқылжып, бір шаңырақ астында.

Бұрынғылар көріп пе дәл осындай Күн, Айды,

Аруақтар да бір аунап, патшаға ырза сыңайлы.

Бір дұғасы ауылдың қабыл болса Аллаға,

Ең алдымен Елбасы амандығын сұрайды.

Азаттық та жоқ еді, Астана да жоқ еді,

Жиырма жылда қарыштап жүз жылға артты беделі.

Иншалла деп иіліп, иманыңды тасытып,

Ту етеді атыңды бүкіл Түркі әлемі.

Екі дүниеге ізгілік керек дейді Құранда,

Сайлау деген самғау ғой сезгір сайыпқыранға.

Бауыр елдің дәл Сіздей сенетұғын кімі бар?

Таңдаушыңыз – халқыңыз, қолдаушыңыз – бір Алла.



(МК, Т) Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісімен Әселхан Қалыбекованың «Елбасыға арнадым жырымды мен» арнауынан әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Әдістің тиімділігі әдеби көркем шығармаға анализ жасау, оқыған шығарманы өмірмен байланыстыруға ммкіндік болады.

Әрбір шеңберде бес түрлі роль бар; егер кейбір топтарда бес адам болмаса, бір немесе екі оқушыға екі роль бере аласыз, немесе кейбір рольдерді алып тастауға болады. Оқушылардың рольдерді ауыстырып отырғандығына көңіл аударылады. Сол кезде уақыт өте келе олардың әрқайсысы әдебиетті талдау іс-әрекетінің түрлі аспектілеріне көз жеткізе алады.



(Т) Оқушылар «Төрт сөйлем» әдісімен Әселхан Қалыбекованың «Елбасыға арнадым жырымды мен» арнауынан кейіпкерлердің іс-әрекеті дәлелдер келтіріп бағалайды.

Бұл жұмысты оқушылар санына байланысты жұппен де өткізуге болады.



(МК) (Т) Оқушылар «Тұңғыш саяхатшы»» «Дәйексөз» тәсілімен мәтінінге байланысты ақпарат табу ұсынылады..

Тұңғыш саяхатшы

Омбы қаласындағы әскери оқуға барғанда Шоқан он жаста ғана еді. Оған дейін үш жыл ескіше оқығанымен, орыс тілінентүк білмейтін. Бірақ оқуға зерек бала орыс тілін тез үйреніп алып, білім жағынан құрбыларын басып озады. Кітапқа құмарланған Шоқан оқу орны басшыларынан жергілікті кітапханадан кітап алып оқуға рұқсат алады, өйткені ол оқушыларға арналған кітапханадағы кітаптардың бәрін азғана уақыт ішінде түгел оқып шығады. Шоқан бәрінен де гөрі саяхат туралы кітапты қызығып оқиды, өйткені өзі де саяхатшы болуды арман етеді. Шоқанның кітапқа әуестігі жұрттың бәріне мәлім болады, сондықтан оқытушылар жас Шоқанды болашақ зерттеуші немеме ,алым болады деп есептейді. Шоқан әлі күнге мәлім емес елдердің сырын білуді армандайтын, сол себепті оның ұшқыр қиялы жолдастарын таң қалдыратын еді.

Шоқан қазақ даласы, көшпелі тұрмыс туралы әңгімелерді білуге ықылас қояды, себебі олардың келешекте пайдасы боларын түсінетін. Шоқан ғылымға әбден беріледі, сондықтан әскери қызметтен бос уақытының бәрін Жоңғария туралы мәліметтер жинауға жұмсайды.

Ю.Н.Бессонов, В.Я.Якубович
Әдістің тиімділігі оқушылардың ақпараттық, әдеби көркем шығарманы талдау, шығармаларды қайталауға мүмкіндік бар.

(Ұ) Оқушылар «ДЖИГСО» стратегиясымен «Тұңғыш саяхатшы» әңгімесін бөліктерге бөліп, әр бөлігіне ат қойып жоспар құрады.

Мәтін көлемді болса, төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлінуді ұсынуға болады. Бірлескен жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.



(Ұ) (Ө) Оқушылар «Ой бұлты» әдісімен өтілген тақырыпқа қатысты мәтін жазу стилін жетілдіру мақсатында эссе жұмысын орындайды, тақырыпқа қатысты ойға келген сөздер мен сөз орамдарын тізіп жазады. Кейін ол сөздер сыныпта ұжымдық түрде талданып, тақтаға не дәптерге жүйеге келтіріліп жазу немесе әр оқушыға өздігінен жазуға ұсынылады

Бұл әдіс тақырыпқа қатысты ойды жоғалтып алмауға, жоспар құрып жазуға үйретеді.


(ҚБ, Ж) Оқушылар жұптасып жазған эсселеріне ұсынылған критерийлер бойынша бағалау жүргізеді.


Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін«Қалың сұрақ» үлгілерін дайындайды, таратады:

«Жұқа сұрақ»

«Қалың сұрақ»

  • Әңгіменің авторы кім?

  • Лениногорск қаласы бұрын қалай аталған?

  • Әпсәтте қала халқын әнмен бауарп жинаған әншінің аты кім?




  • Неліктен Құрманбек Жандарбеков мұңайды?

  • Кең маңдайлы, келбетті жігіт клубтың алдына жұмысшыларды қалай жинайды?

  • Әнші Әміре ата туралы не білесіңдер?


Мұғалім кестені дайындайды: авторы, кейіпкері, кейіпкердің сол шығармадағы мінез- құлқы, сезімі т.б. байланысты сұрақтар үлгісін дайындайды.

Тақырыпты қарастырғаннан кейін оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне құрастырған сұрақтарды қойып, мәтіннен жауаптарын оқиды.

Мұғалім назарына!

«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған толық жауапты талап етеді.




Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Жұптасып бір-бірінің жазғанын оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтың ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтаға іледі және түсіндіреді.

Мұғалім жоспар құрастыруға флипчартқа бес саусақ бейнеленген флипчарт, мәтін мазмұны бойынша үлгі тақырыпшалар жазып қояды. Оқушылар әр саусақтың тұсына тақырыпша жазып, жоспар құрады, соған сүйеніп мазмұндайды.



Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, тақырыпшалар бойынша жұптық әңгіме жүргізеді. Оқылған әңгіме туралы әңгімелесу жүргізеді, өз ойларымен бөліседі.

Саралау: Мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауға болады.

Үйге тапсырма. Топтарда әрбір оқушыға қазақ әншілері туралы қызықты ақпараттар жаныстырып, тапқан ақпараттарынан қысқаша презентация жасап әкелуді ұсынуға болады.
Мұғалім назарына!

Мұғалім оқу мақсатына байланысты қолжетімді әдебиеттерден басқа да шығармаларды қолдана алады.

«Биопоэма» әдісінде әр топқа А-4 парақ таратылады. Топтар парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке оқыған шығарма туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқалып, саралап, мәліметті толықтырып, сюжеттің дамуын болжау бойынша ортақ тұжырым шығарылады.

Парақтың үлгісі:

Шығарманың атауы

Кейіпкерлер

Мінез-құлқы

Іс-әрекеті

Оқиға

Сюжеттің дамуы

Оқиғаны болжау

Тұжырым шығару

Саралау: мұғалім қолдауды қажет ететін оқушылар тобына мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы болжауға бағыттайды.

Мұғалім «Блиц-бақылау» әдісінің шартымен оқушыларды алдын ала таныстырады. Ққорытындысында дұрыс жауаптарды айтады. Мұғалім әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (7-10) сұрақты біртіндеп айтып тұрып, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) қысқаша жауаптар жаздырады. Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап нөмерінің алдына “+” немесе “-” белгісінің бірін қойып, соңына нәтижесі мен берілген шартқа байланысты бағасын жазып, мұғалімге өз парағын өткізеді.


«Кубизм» әдісі бойынша талқылауға берілетін әңгіме нысандары:

1. Сюжет


2. Кейіпкер

3. Оқиға


4. Негізгі ой

5. Тақырып

6. Әдеби көркемдегіш құралдар

Оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топ оқушыларына әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айта отырып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табады.



Мұғалім назарына!

Уақытты үнемді пайдалану және оқушыларды қысқа да нұсқа сөйлеп дағдыландыру үшін, уақыт шектеп берген тиімді. (7-8 минут)



Саралау.

Қорытынды тәсілі арқылы. Топта оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болатыны күтіледі. Тапсырмада жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден

гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Бұл тәсілде барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты

Мәншүктің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінінің суреттерін алдын ала дайындайды.

Топтағы оқушыларды кейіпкер

Мәншүктің соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі (ескерткіш мүсін) мүсінін көрсетіп салыстырады, мәтіндегі сюжеттің дамуындағы өзгерістерді талдайды.



Мұғалім тақырыпқа байланысты кез келген техникалық материалдан (фильм, мюзикл, анимеация, телебағдарлама, музыкалық альбом) тақпақ дайындап ұсына алады.
Топтар мақал-мәтелдерді дайындап болған соң, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.
Мұғалім шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау үшін сұрақтар үлгісін дайындайды:

  • Неліктен бұл шығарма әңгімеге жатады деп ойлайсың?

  • Шығарманың өлең екенін қалай дәлелдей аласың?

  • Мақал-мәтелдердің қандай ерекшеліктерін көрсете аласың?

Мұғалім тақырыпқа байланысты басқа мақал-мәтелдерді қолдануға болады.

«Венн диаграммасының» үлгісі:



Саралау: Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау кезінде қабілетті оқушылар вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, мысал келтіріп, түсіндіруді ұсынуға болады.

Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін «Қалың сұрақ» үлгілерін дайындап, таратады:

«Жұқа сұрақ»

«Қалың сұрақ»

  • Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар?

  • Төле би кімнің үйіне қонаққа келген?

  • Төле биді райдан қайтаруға барған кім?

  • Неліктен Төле би өкпелеп қайтып кетті?

  • Түлкі бала Төле биді райынан қалай қайтарды?

  • Төле бидің әрекетін қалай бағалар едің?

Мұғалім кестені дайындайды: авторы, кейіпкері, кейіпкердің сол шығармадағы мінез-құлқы, сезімі т.б. байланысты сұрақтар үлгісін дайындайды.

Тақырыпты қарастырғаннан кейін оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне құрастырған сұрақтарды қойып, мәтіннен жауаптарын оқиды.

Мұғалім назарына!

«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған толық жауапты талап етеді.



Саралау. Қорытынды арқылы.

Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құрауы мүмкін.

Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, жауабы ойландыратын күрделі сұрақтар құрауы мүмкін. Оқушылардың деңгейлеріне қарай әртүрлі сұрақтар мен жауаптар күтіледі.
Мұғалім ортақ тақырыптың аясында оқу мақсатына байланысты басқа да мәтіндер ұсына алады.Мұғалім стратегияны қолдануда үлгіге сүйене алады:

1. Мұғалім кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті туралы ойлануды ұсынады.

2. Оқушылар ойланып әрқайсы жеке жауап жазады;

Саралау. Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға тапсырма беруге болады;

3. Оқушылар жұптарға бөлініп өздерінің ойларын талқылап, сюжеттің дамуын болжайды. Ең үздік деген ойларын біріктіреді;

4. Жұптар болжау жасалған ойларын топтарда талқылауға ұсынады, ең үздік деген ойларын біріктіреді.

5. Оқушылар өздерінің топтағы жақсартылған сюжеттің дамуы бойынша болжауларымен сыныппен бөліседі.

Мұғалім шығармадан ағайын, туыстық туралы ойларының үзінділерін (Үш жүз – қазақтың үш баласы, іні тас, аға бас) алдан-ала дайындап алады.
Бес жолды өлең үлгісі:

Туғандарым_____________ ардағым,

Ағайындарым_________мақтанышым, Ағайын көп____________ мекенім,

Ағайынмен бірге_____________

Туғандарды__________ өтемін.

Мұғалім бес жолды өлеңнің басқа үлгісін де ұсына алады.

«Түрлі түсті жиектер» әдісінің мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б.

Бағалау критерийлері:

Үлгіге сәйкес өлең ұйқасын пайдалана алады;

- Өлеңде тақырыптың мазмұнын аша алады.
Мұғалім оқушыларға үйде Б.Момышұлының фотосуреттерін алдын ала жинақтауды тапсырады. Әр фото шежіресін дайындау керектігін ескертеді.

Мұғалім сценарий түрінде ұсынылатын рөлді дайындайды (екі күзеттегі солдат, сот, жаралы Қайрат). Оқушыларға өз тәжірибелеріне сүйене отырып, сценарий құру ұсынылады. Салтанатты түрде тапсыру рәсімдерін орындайды.



Саралау. Диалог және қолдау көрсету.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға Қайрат қаһармандығы туралы сурет салуға ұсынуға болады.


«Әдеби шеңбер» әдісінің «Байланыстырушы» бөлімін пайдаланып өлең мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды, оқушылардың өз ойын ашық айтуына мүмкіндік жасайды.

«Бірлескен оқылым» әдісінде сыныптың барлық оқушылары қатысады. Мұғалімнің қолдауымен бірге оқи отырып, сараптамалық оқылым дағдыларын дамытады. Мысалы, мәтіндегі сөздердің мағынасын ажырату, берілген суреттерді мәтінмен байланыстыру. Мұндай сыни оқылым барысында өздерін оқырман ретінде сезіне бастайды.

Мұғалім «Әдеби шеңбер» әдісінің «Қорытындылаушы» бөлімін пайдаланып негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.

Мұғалім «Әдеби шеңбер» әдісінде «ұжым талқылайтын өлең туралы негізгі ойды табуға бағытталған 3 немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда арнаудың түрлі бөліктері мен басты тақырыбы қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын анықтайды.


Мұғалім әр топқа картаның үлгісі таратып бере алады. Оқылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылар топтасып берілген критерийлер бойынша картаны толтырады. Әңгімеден мыналар анықталады:

сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі




  1. 1.басталуы




  1. 2.дамуы




3.шиеленісуі



5.шешімі

4.шарықтау шегі

Мұғалім шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдардың (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтамаларына түсініктеме береді. Алдын ала арнаудан әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитет, кейіптеу, теңеу, салыстыру т.б) іздестіріп, өзіне белгілеп қояды.йді..

Мәтінді оқыған соң (сыныпта немесе үйде), әрбір оқушыға топ ішінде бір роль беріп, оларға топ ішіндегі роліне дайындалуға (20-25 минут) уақыт беріледі. Рольдерге көркемдегіш құралдардың түрлері (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) таратылады.

Уақыт өткен соң, сынып толығымен пікір алмасуға жиналады. Пікір алмасуда әр оқушы өзіне ұсынылған көркемдегіш құралды мәтіннен көрсетіп, тсіндіру керек.

Әдеби шеңбер арқылы сыныпта үлкен талқы жүргізуге мүмкіндік туады.

Саралау.

Дереккөздер арқылы.

Басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алатын оқушылардың мүмкінлігін ескере отырып, әдеби көркемдегіш құралдардың анықтамаларына түсініктеме беріп талдауға ұсынуға болады. Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

«Төрт сөйлем» әдісі

Мұғалім оқушылардың бірнеше топқа бөледі. Қарастырған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің нұсқауымен төрт сөйлем жазу ұсынылады.

1 сөйлем. Пікір. – Тыңдаған материал бойынша кейіпкер іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2 сөйлем. Дәлел. – Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3 сөйлем. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4 сөйлем. Қорытынды. Тақырып бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетіне мәтіннен дәлелдер келтіріп, бағалап, қорытынды шығарады.
Мұғалім тақырып бойынша деректер жиайды. Мәтін береді, тапқан ақпараттың дұрыстығын тексереді.

Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

Жұмысты талдау кезінде әр топқа ұпай саналады.

˗ Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.

˗ Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.

Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.


A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)

B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)

C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)

Мұғалім назарына!

Барлық топ бір дәйексөзбен жұмыс істей алады. Талқылау кезінде жауаптардың қайталанбауын талап ету керек. Ондай кезде оқушылардың бірін-бірі белсенді тыңдау және бір-бірінің жұмысын бағалай білу дағдысы қалыптасады.

«Джигсо» әдісінің сипаттамасы:

«Бастапқы топ», 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар «сарапшылар тобы» тобы құрылады. Сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. Топтық тапсырма әр бөлікке ат қойып жоспар құру Берілген әңгімені топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен жоспар құруды қарастырады.

Берілген әңгіме мен құрылған жоспар топ ішінде талқыланады. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі.

Мұғалім «Ой бұлты» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты ойды жоғалтып алмауға, жоспар құрып жазуға үйретеді.

Жазба жұмыстарының талаптарына сай әр оқушы өз ойымен 15-20 сөйлемен тұратын шағын эссе жазады. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан мұғалімге және оқушыларға өзара жұптасып, жұмыстың сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады.

Критерийлер үлгісі:


  • тақырыптарды жақсы түсінгендігін көрсетеді;

  • эссенің құрылымын сақтайды;

  • грамматикалық нормаларды сақтайды;

  • орфографиялық және сөйлеу қателіктерін жібермей жазады.

Мұғалім назарына!

Мұғалім критерийлерді ұсынатын жазба жұмыстарының түрлеріне қарай өзгертіп ұсына алады.



Үйге тапсырма: оқылым мақсатына сәйкес бөлім тақырыбына байланысты түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмдерден атақты тұлғалар туралы нақты ақпараттар қарастырып, ақпаратты сызба түрінде дайындап әкелуге ұсынуға болады.

М.Әлімбаевтың шығармалары


Шығарманы негіз ете жасалған кесте, қажетті оқу құралдары

Флипчарт, маркерлер. Кірпіш суреттері бар А4 парақ қағаздар. Үлгі тақырыптар.

Домбыра аспабы, декорация, сахналық қойылым мәтіні (таратылатын)


Б. Төлеубайұлының әңгімесі

Қажетті жабдықтар: флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, ғарышкер суреттері

Шығарма мазмұны негізінде жасалған «Блиц-бақылау» сұрақтар парақшасы



Е.Естаевтың «Біздің Мәншүк» әңгімесі
Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы»

Оқиға желісіне байланысты сомдалатын мүсін нұсқалары суреттері: орындық, пулемет, әскер киімі т.б.

Тақырыптық саундтрек композициялары
Мәншүк туралы ән

Ө. Т. Жароков

Ә. С. Мұхамеджанов

«Қазақтың батыр қыздары» бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=vXG7laNcYhs

Төле бидің шешендік сөздер жинағы

Мақал-мәтелдер

дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/1031-batyr_hero.html

© www.ZHARAR.com

Шешендік сөздер



Қажетті жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі. Дұрыс, бұрыс нұсқа мәтіні

Қарындаштар, қағаз, магниттер т.б.

http://moldir-bulak.kz/?p=4474

Қ.Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңі,

саундтрек «Желтоқсан желі»

«Желтоқсан оқиғасы» шежіресі, желтоқсаншы батырлар туралы фото, деректер

Қ.Әлімқұловтың «Тәуелсіздік алған күн» өлеңінің аудиожазбасы, немесе мәтінге сілтеме

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=6025

Әселхан Қалыбекова,

Қазақстанның халық ақыны


http://bilimdiler.kz/bastaush/13383-nevada-semey-kozgalysy.html
http://tilalemi.kz/tartu/one/708 әдеби көркемдегіш құралдары - 121 бет

Қажетті жабдықтар: флип-чарт,түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.

Қажетті жабдықтар: флип-чарт,түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер

Қажетті жабдықтар: флип-чарт,түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер

Қажетті жабдықтар: флип-чарт,түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер

Қажетті жабдықтар: флип-чарт,түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет