3-сынып Мазмұны Ұзақ мерзімді жоспар 3



бет16/16
Дата28.11.2019
өлшемі2,22 Mb.
#52706
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2 Оқу жоспары Әдебиеттік оқу 3-сынып
Ахмет Байтурсынов, Bala Qorgau жобасы, карар 11



Оқу бағдарлама

сына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру


1.2 Шығарманы мазмұндау

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

3.1 Шығарманың жоспарын құру

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

3.4 Қатені табу және түзету


3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу


3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу


3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

3.2.8.1 эпизодтерді  салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото /суреттер қолдану


3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау


3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру


3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету


Атаулы күндер
(Ж) Оқушылар «Дауыстап ойлану» әдісімен Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңінің мазмұны бойынша оқи отырып ой түю, ой бөліседі

Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.



(Ұ) Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін негізге ала отыра постер жасау. «Галереяны шарлау» әдісі

Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну




) Н.Ақышев «Балалар елін бағындыру» шығармасы

Оқушылар тыңдалған шығарма бойынша «Пайымдау сұрақтары» әдісімен туындысына өз ойын жеткізіп, пікір білдіреді.



Балалар елін бағындыру (үзінді)
Ерте -ерте, ертеде Балалар елі деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Тіпті күнделікті өмірінде еш қызық болмапты. Содан күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады.,,,,Сұрақ: - Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

спорт


өнер


кітап

оқу
еңбек

ойын
(Т) Оқушылар Н.Ақышев «Балалар елін бағындыру» шығармасын «Дана үкі» әдісімен оқиды.

(МК)«Көңілді балалар» әні Б.Дәлденбайдың тыңдату




«Көңілді балалар» әні Б.Дәлденбай


Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Думандатып өңірді,

Дем аламыз көңілді.

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз


Үй тапсырмасы:

Н.Ақышев «Балалар елін бағындыру» шығармасына «Синквейн»әдісі бойынша «Бес жолды өлең» құрастыруға болады.


Үлгіс

Кітап
Қалың, қызықты


Жазады, көреді, оқиды
Кітап – білім бұлағы ғой
Оқулық

Кітап сенің білімің

Кітап сенің жан досың

(ОТ) Сәуірбек Бақбергенов «Талғат» шығармасын «Дәйексөз» тәсілімен дайындалған оқушы тәжірибесі арқылы эпизодтарды салыстырады.

(Т) Сәуірбек Бақбергенов «Талғат» шығармасын «Ыстық орындық» әдісіне сүйене отырып, топ басшысы топтың әрқайсысының шығармашылыққа негізделген сұрақтарын біртіндеп қояды, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) жауап береді.

1.Талғаттың жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі сәті туралы не ойлайсың?


2.Жеңіс парадына полк туын көтеріп өткен полктің ұшқыштарының бірі Талғат Бигелдинов сол сәтте қандай сезімде болды

(МК) Оқушылар «Бірлесіп жазу» әдісімен мұғалімнің жазылым үлгісіне сүйене отырып төрт жолды өлең құрастырады. Қолдау көрсету арқылы жазу жүргізіледі: мұғалім оқушылардан келесі ұйқас қалай болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта параққа (планшетке) ұйқас сөз, ұйқасты сөз тіркесі немесе ұйқасты толық жазуын сұрайды.
(ҚБ) Төрт жолды өлең құрастыру бағаланады:

-Үлгіге сәйкес өлең ұйқасын пайдалана алады.

-Өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі;

Сауатты жазады


(МК) М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесін оқуды ұсынылады. «Сурет бойынша әңгіме» әдісі арқылы бастауға болады.
Топтарға тақырыпқа сәйкес суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша оқушыларға әңгіме құрастыру ұсынылады. Онда сурет қай уақытта түсірілген, нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не айтуға болады? деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелесуге болады және оны өтіп жатқан тақырыппен байланыстырып, өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.


.

Шілде

Жаз келіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын,түн қысқа болады. Күннің ыстығы соншалықты- тас пен құм қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеу болады. Бұл- қымыз молайып, қозы піскен кез. Ел жайлауда бірін- бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, жұрт жиналып той болып, ат шаптырып өткізеді. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі жүз шақырымдай жерге көшіп- қонып жүреді екен. Үлкендер сол күндерін қазір қатты сағынып, сөз қылысады. Шөп шабатын мезгіл де жетті. Бозбалалар жайлаудың қызығын қиып кете алмай жүр. Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Ат машина жаңа тарап келеді. Оқудағы балалар да жаздай қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр.


(Ұ) Оқушылар С.Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесін оқу ұсынылады. Әңгімені оқу кезінде мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін алдын ала түртіп алу керектігі оқушыларға ескертіледі.

Шыбынсыз жаз

Алатаудың теріскей жақ етегінде бұталарға, адамның кеудесінен келетін қурайларға кездесесің. Мамыр, маусым айлары кезінде бұл тұсқа көзіңді салып көріңізші...Ешбір көркем кілемнің, ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз! Не деген сұлу сурет ол! Гүлденгіш қурайлар мен бұталар өсетін тұстан тау басына қарай көтеріліңіз. Онда бойларын жарыстыра, таудың биігіне тырмыса өскен қалың шырша тоғайына кездесесіз. Одан әрі өрлесеңіз,тықырлана, ұйыса өскен қалың бетегеге тап боласыз. Ол -қарлы жотаға жақын тұс. Маусым, шілде айларында көптеген колхоз отарлары сол қурайлар мен бұталар өскен тұстарды жайлайды. Ол тұстарда, әрине, жыра жыраның бәрінде жылжып ағып жатқан мөлдір бұлақ. Абай бір өлеңінде «Сөзімде жаз бар шыбынсыз» дейді. Сол өлеңді оқығанда мен: «Өзі жаз болсын- дағы», шыбынсыз болсын! Қалай болады ол?! деп таңданатын едім. Осындай жазды тек ақынның ойы ғана деп ойлайтын едім. Енді көрсем, ондай жаз шынында да бар екен. Мамыр тамыз айлары, әдетте, шыбынды айлар болып есептеледі ғой. Осы кезде Алатаудағы отарларда не масаның, не шыбынның ызыңы естілмейді. Өйткені олар онда жоқ. Қайдан болады олар? Тал түсте ысып кеткен ауа райы күн қайта қоңыржай болады. Ал күн бата мүлде салқындап кетеді. Күндіз көйлекшең жүретін адам түнде тон жамылып отыратын кештер болады. Жылы кештер өте сирек кездеседі. Осындай ауа райы бар тұста маса мен шыбын қайдан тіршілік жасасын! «Шыбынсыз жаз» деген осы екен!



(Т) Оқушыларға түрлі дереккөздерден шығарма мазмұнына сәйкес келетін иллюстрациялар табу тапсырылады. Топта тапқан ақпаратты жинақтап, сызбаға түсіреді және оны сынып оқушыларына тансытарады.
Қосымша тапсырма ретінде

«Қазақстанның көрікті жерлеріне барайық» жарнама жасауды ұсынуға болады.




(Ө) Оқушылар Д.Қасеновтің «Жайлау күні» әңгімесін оқу ұсынылады. Әңгімені оқу кезінде түсініксіз сөздерді түртіп отыру тапсырылады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Әңгімедегі оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын «Әңгіме шыңы» әдісі арқылы анықталады. Мәтін бөліктерге бөлініп, жоспар құрастырылады.

(Ж)Кейіпкерлері Құрмаш пен Жұмашқа «Салыстырмалы карта» әдісі бойынша мінездеме беріледі.

(ҚБ)

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- мәтінді бөліктеге бөліп, жоспар құрады.

-кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы ойын айтады



(Ж) Оқушылар әңгіме кейіпкерінің бірін таңдап хат жазады. Хат жазуға уақыт беріледі. Жұпта жазған жұмыстарын бірлесе отырып талқылайды, қатесін түзейді. «Галереяны шарлау» арқылы оқушылар бір – бірінің жұмысын оқып, қатесін түзетеді.


Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.

Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды



Мұғалім ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар дайындайды.
- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

«Дана үкі» әдісінде оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады. Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған,сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін,сіз күтпеген ақпаратты табыңыз; Мәтіндегі негізгі ойды бір сөзбен жеткізіңіз; Мәтіннен ерекше көңіл аударатын,сабақ деңгейінде талқылауға тұратын ойды көрсетіңіз; Мәтіндегі негізгі ойды сурет, карикатура, сызба түрінде кескіндеуге тырысыңыз.

Мұғалім «Дәйексөз» тәсілінің бір түрі «Сюжет» бойынша әңгімелеушінің (оқушы тәжірибесінен) эпизодтарды салыстыруын қадағалайды.

Мұғалім «Ыстық орындық» әдісінің шартын алдын ала таныстырады. қорытындысында шығармашылық жауаптарды айтады.

Мұғалім өлең жазуға ынталандыру дағдысын қалыптастырады, үлгісін көрсетеді. Ұйқастың түсінікті болуына назар аудартады. Тақтаға өлең жолдарының 1-інші, 3-інші жолдары жазылады.

Үлгі:

Ұшқыш Талғат ағамыз,



----------------------(Жаудан елді қорғаған).

Көк аспанды шарлап кез

--------------(Жаңбырша оқты жаудырған)

Мұғалім кез келген техникалық материалдан, дереккөзден маусымдық (қыс, жаз, көктем, күз) фотосуреттер дайындайды.


Мұғалім әңгіме мазмұнындағы жаңа сөздерге түсіндірме дайындайды: тас пен құм қызады, желі, жүдеу, белорақ т.б. немесе оқушыларға сөздердің мағынасын бірлесе отырып сөздіктен анықтатуға болады. Әңгімені оқып талдауға уақыт беріледі. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, жазғы табиғатты суреттейтін сөздерді табады.Алдын ала жаз мезгіліне байланысты мәтінмен байланыстыра отырып әңгімелейді. Өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқушыларды жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы жазғы табиғат, аңдар мен жануарлардың жазғы тіршілігі, жазғы еңбек, жазғы ойындар тақырыптарын ұсыну арқылы өз бетінше жұмыс жасауға, ой бөлісуге жұмылдырылады.
Әңгімені оқу кезінде оқу түрлерінің алуан түрі қолданады. (іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу, түртіп алып т.б).Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар құрастырылып, тақырыбы анықталады.


  • Әңгімеде жылдың қай мезгілдері айтылған?

  • Неліктен мамыр, тамыз айларында маса, шыбын боламайды?

  • Әңгіме тақырыбын, негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін тауып оқы.

Оқушырға түрлі дереккөздерден шығармарма мазмұнына сәйкес келетін иллюстрациялар табуға уақыт беріледі. Тапқан ақпаратты сызбаға түсіру тапсырылады.

Әңгіме бойынша оқушыларға түсініксіз сөздерді алдын ала теріп алынады. Мағынасы түсіндірме сөздіктен қаралады. Әңгіме мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз. Сұрақты оқушылардың өздеріне де құрастыруға болады. Құрастырған сұрақтарды оқушылар бір – біріне қояды. Мұғалімнің көмегімен әңгімедегі оқиғаның басталуы, дамуы, аяқталуы анықталады.

Мұғалім «Салыстырмалы карта» бойынша кейіпкерлердің мінездеме жобасын құрады: мысалы, Құрмаш- қолғанат бола алатын тілалғыш, ақылды, еңбекқор, бауырмал; Жұмаш- жалқау, ойынқұмар, епсіз, салғырт, жауапсыз т.б.





Кейіпкер

лер


Мінездеме

Дәлелдей

тін сөз


Құрмаш







Жұмаш











Балалар әдебиеті

«Білгеннің пайдасы»

215 бет


Жаңа заман ертегілері. «Балалар елін бағындыру» 4-15 бет суреттерімен. – Алматы: Таймас, 2012. 104 б.

Интернет желісінен тыңдау Көңілді балалар» әні Б.Дәлденбай

Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы

Сәуірбек Бақбергенов «Талғат» 100 бет



massaget.kz›Арнайы жобалар

ebooks.semgu.kz›ebook/8/content.php
Сәуірбек Бақбергенов «Талғат» шығармасы

негізінде тапсырма жазылған «өлең өрнектері», планшет, слайд


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Алматы, 2008 «Дайк-Пресс»

М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесі.

Желім, қима фотосуреттер


INSERT кестесі

Арнайы дайындалып келген гүлдер
С.Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесі.

http://balakai.kz/engimeler/449-zhaylau-kni.html


Балаларға арналған танымдық энциклопедия. –Алматы: Аруна. 32 б. http://adebiportal.kz/pdf-js-master/web/viewer.html?lang=kz&book=/upload/iblock



youtube.com

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.





Сабақ жоспарының үлгісі

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ата-бабам тарихы – менің тарихым («Уақыт» ортақ тақырыбының аясында)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

  • 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

  • 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)

Барлық оқушылар істей алады:

• Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін біледі

• Мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды ажыратады

• Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөледі



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

• Шығарманың жанрлық ерекшелтерін ажырата алады

• Мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды сөйлеу барысында анықтайды

• Оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды



Кейбір оқушылар істей алады:

• Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра отырып анықтайды

• Мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды сөйлеу барысында қолданады

• Оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады



Бағалау критерилері

Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарын бағалаудың критерийлерін көрсетіңіз. Бағалау критерийлерің өзіңіз құруға және/немесе бағалау критерийлерін әдістемелік құжаттардан («Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы», «Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар») іріктеп алуға болады.

Сөздік қор


Жанр, вербалды емес тілдік құралдар, жоспар, мәтін бөліктері, т.б.тақырып бойынша лексика…

Құндылықтарды дарыту


Достық қарым-қатынас, өзгелердің қызығушылығын ояту, назарын аудару үшін мәдениетті сөйлеу мәнерін дамыту

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс: ата-баба туралы шығармаларды талдау


Алдыңғы меңгерілген білім


Бұл 3-сыныптың 3-і бөлімінің бірінші сабағы. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, әдеби шығарманың жанрын анықтауға, сөйлеу барысында тыңдарманның назарын аударуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Олар топтарда бірге жұмыс істей алады. Сабақтың бірінші жартысы (оқылым) шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтауға арналған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақындамау аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет

Бастапқы іс-әрекет

Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін қайталау

  • Осы сабаққа дейін танысқан өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгімені естеріне түсіреді. Жаттығулар орындау барысында оларды ажыратады.

  • Ширату жаттығуы: «Уақыт машинасы» ойыны

Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерінің атаулары жазылған карталары


Сабақ ортасы



Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды.

Іс-әрекеттің негізгі түрі: Аудио/видео әңгімені тыңдау

  • Оқушыларға осы бөлімде Ата-баба тарихы туралы шығармаларды оқитынын түсіндіру. Оқу мақсатын айту: «өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін білу». Т.Әбдрахманованың «Даналарым» өлеңін бір оқушының мәнерлеп оқуын тыңдайды. тыңдау. Өлең кімге ұнады? Қандай сәттер аса қызықты болды? Оқушылардан жұптарда және бір-бірімен идеяларымен бөлісуді сұрау.

  • М.Тәнікеевтің «Ғажайып адам» әңгімесінің үзінділерін аудио клип арқылы ойнату. Жұптарда жұмыс істеп, сөйлеуші назарды өзіне аудару үшін қолданған әдістерді жазып алу .

  • Жұптардан кері байланыс алып, ойларын тақтаға жазып шығу: тыңдаушыға қаратып сөйлейтін сөзі (бері кел …), риторикалық сұрақтар (батылың барар ма еді…?), драмалық үзіліс, дыбыс қарқыны (сыбырлау, музыка немесе саундтрек, дыбыс эффектілері). Осы техникалардан тұратын тізімді оқушылармен келісіп, әр топ үшін карточкаларға жазыңыз.

  • Оқушылардан әрқайсысы өз тобына жиналуын сұрау (топтарда қабілеті әр түрлі оқушыларды араластырып бөлу, алдын ала дайындалған парақтарда тапсырмалар тарату). Әр топта тапсырманы ұйымдастыратын бір лидерді және соңғы жауапты жазып алатын бір операторды тағайынданыз.

  • Оқушыларға «Салыстыру картасын» толтыра отырып, танысқан екі шығарманың жанрын анықтату. Мысалы,




«Ғажайып адам»

«Даналарым»

1.тақырыбы







2.авторы







3.жазылу стилі







Әр топ оқушыларына алдын ала жинастырып әкелген тақырыптық мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер бойынша вербалды емес тілдік құралдарды қолдану арқылы таныстыру тапсырылады.

  • «Кубизм» стратегиясы бойынша әр топ оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру тапсырылады. Оқушыларға фигураның қырларына жазылған тапсырмалар беріледі. Топтың әр мүшесі ойын тасын лақтыру кезінде реттік санмен белгіленген ойын тасына (қырына) түседі . Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың бөлігі айтылады. Уақытты үнемді пайдалану және оқушыларды қысқа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру үшін уақыт шектеп берген тиімді (7-8 минут).

Жоспарланған тапсырма үлгісі беріледі:

  • сюжет

  • кейіпкер

  • оқиға

  • мекен

  • тақырып

  • әдеби көркемдегіш құралдар.

Жеке тақталар, флипчарттар мен қаламдар, маркерлер

Алдын-ала жазылған топтар тізімі. Мысалы, 1-ші топ: Марат, Сабит, Карима, Досан



«Салыстыру картасының» үлгісі

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Бірлесіп талқылау

  • Оқушыларға сынып ішінде жүріп, басқа топтардың жауаптарына қарауға уақыт беру. Сөйлеу барысында қандай тілдік құралдарды қолданып жатыр? Бәріміз келістік пе әлде келіспейтін сұрақтарымыз бар ма? Оқушыларға бұл тәсілдерге алдағы уақытта қайта оралатынын, келесі сабақтарда тізімге жаңа тәсілдер қосылып отыратынын түсіндіру.

  • Оқушылармен топтық талқылаудың қалай өткенін талдау. Оқушылардың бәрі қатысты ма? Көшбасшы мен хатшының болуы тапсырманы орындауға қалайша көмектесті? Оқушылар тапсырманы орындау барысы туралы өз ойларын бас бармағын көрсету арқылы білдіреді (бармақты жоғары көтеруі = «жақсы», бармақты көлденең ұстаса = тәжірибені қажет етеді, бармақтар төменге бағытталса = әлі де жақсартуды қажет етеді).

Осы тоқсанда оқушылар талқылауға жиі қатысатыны және алуан рөл атқаратыны жайлы айту.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді және бағалау тапсырмасының дескрипторларын жазасыз

  • Оқушылардың ұжымдық талқылауы барысында олардың жауаптарын тыңдай отырып, ынта мен қызығушылық тудыру үшін әуен, тіл және дыбыс эффектілерінің рөлдерін түсінуін бағалау

  • Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады.

  • Жұптық талқылауды тыңдау және тақталарда жауаптарды көру арқылы оқушылардың әңгімені баяндау тәсілдерін анықтай алатынын/ алмайтынын бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет