3-сынып Мазмұны Ұзақ мерзімді жоспар 3



бет2/16
Дата28.11.2019
өлшемі2,22 Mb.
#52706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2 Оқу жоспары Әдебиеттік оқу 3-сынып
Ахмет Байтурсынов, Bala Qorgau жобасы, карар 11

(Ұ; МК, ОТ) «Джигсо» әдісіне сүйеніп Қанекей Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» шығармасын таңдауына қарай мазмұндайды және «Аялдама» әдісін басшылыққа ала отырып 5 топқа өз аялдамасына сәйкес шығармашылық тапсырма беріледі.

Ормандағы оқиға

Сылдырлап аққан бұлақтың екі жағасында екі ағаш өсіп тұрды. Бірі-Ақ қайың, екіншісі-Қарағаш. Олар үнсіз сырласып, желді күні бұтақтарын иіп, сыбырласатын достар еді.

Қараңғы түн. Ақ қайыңның түбіне томпаң қағып Тобылды келді.

-Жай жүрмісің? Мезгілсіз келдің ғой,-деді Қайың.

-Дабырламаңыз, сізге бір шындық айтқалы келдім.-Тобылғы томпаң қағып, Қайыңның тамыр тартар түбіріне сыбырлады. –Сіз көршіңіздің сырын білмейсіз. Оның түсі қандай қара болса, іші де, ниеті де сондай. Сондықтан да ол Қарағаш атанған. Сіз қалғып кеткенде, мына бұлақтың суын өз тамырына тартады, арнамен келген асыл нәрді де обырдай обады. Көрмейсіз бе, сіз- жіңішке ол-жуан! Сіз-аласыз, ол –биік!..

Осыны айтты да, Тобылғы тайып тұрды. Қайың бұтақтарын сілкіп-сілкіп тастап, ашуға мінді. Көршісімен шайқасуға таңды күтті. Тобылғы тәй-тәй басып Қарағашқа жетті.

-Ұйқымды бұздың, жай жүрмісің?-деп Қарағаш есінеп қойды.

-Неге жай болсын?! Сізге көзіммен көріп, құлағыммен естігенімді айтқалы келдім.

-Айт,- деді Қарағаш.

-Жуырда сіз мүлгіп тұр екенсіз. Ақ қайың шидей шыбық балаларын жиып алып: «Қап-қара Қарағаштың шыбықтарымен дос болмаңдар. Мінездері дойыр. Түрлері сиықсыз. Ішсе-ішкенге , жесе –жегенге тоймайтын қанағатсыздар. Аулақ жүріңдер. Олардан, сүйріктей ақ бөпелерім.Бүкіл орманға күлкі боласыңдар», -деп ақыл айтты. Мен осыны тыңдап тұрып, көршіңіздің сырты ақ, іші қара екен деп түйдім.

Тымпың қағып Тобылғы кетті. Қарағаш іштен кіжініп, ашуға мінді. Кектенді, таңды күтті.

Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер біріне –бірі оқты көзбен қарасты. Әдеттегі сыпайыгершілік былай қалды. Амандық – есендік сұраспады.

-Өңің бұзылып, сұрланып кетіпсің ғой, түсіңнен шошып ұйықтамадың ба? – деп тиісті Қарағаш.

-Сенің де түсің оңып тұрған жоқ. Түнгі ұрлықтан олжалы оралған боларсың... деп, тиісті Қарағаш.

-Сенің де түсің оңып тұрған жоқ.Түнгі ұрлықтан олжалы оралған боларсың...деп Ақ қайың да қатулана тіл қатты.

Жанжал басталды. Тілдің тиегі ағытылды. Бұтақтарын қомдап, бірін-бірі шапалақтап та өтті. Шын төбелес басталды. Бұлардың сарт-сұрт шайқасына бүкіл орман құлақ түрді. Ең алдымен арашаға Сексеуіл жетті. «Қосақ арасында шыбын өледі» дегендей, екі мықтының ортасында жүріп Сексеуілдің омыртқасы омырылды. Бұтақтары сынды. Қиқы-жиқы болды да қалды. Әзәзілдігінен ұялып қызара түскен Тобылғы шеттен қарап тұрып, бұға берді.

Содан бері Ақ қайың мен Қарағаш іргесін аулақ салып, қоныстарын алыстан алатын болды. Сексеуіл қиқы – жиқы мүгедек қалпында қалды.Жұрт бетін көрер дәрмен жоқ. Тобылғы өз-өзінен ұялып, қып-қызыл болып, орманнан аластатылып, айдалада бұғып қана тіршілік ететін болды.



Шығарманың маңызды тұстарына сәйкес бағалау жасалады:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін табады және анықтай алады;

  • мәтінге сүйене отырып, өз ойын айтады.



Шығарма бойынша сюжеттік дамуды зерттеу (Өмір кезеңдеріне қатысты)

(Ө, МК, ОТ ) М.Әуезовтің «Қаршыға»

мәтінді түсініп оқу, мәтіннен қаршығаның іс- әрекетін беретін сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударту.


Қаршыға

Көк қаршыға лып етіп, аңшы қолынан жерге қарай құлай түсті. Сұр биенің астын ала қанатымен жер сызып, жасырына жөнелгендей болды. Қаршыға сол аққан бойында өзеннің арғы бетіне шығып алып, аңшылар көзінен жоғалыңқырап кетті. Қаршыға өзеннен ағызып қайта бері қарай өте бере, шаншыла түйілді. Бұл құлап түскен тұстан лезде үркіп, сатырлап ұшқан көп қанаттар дыбысы білінді. Шашырай ұшып, жан-жаққа безіп бара жатқан үлкенді-кішілі үйрек, қаздар да көрінді. Екі сары ала қаз арасында көк қаршыға ұйқы-тұйқы, сарт- сұрт майданда екен. Бір сары ала қаз қаршығаның астында қос қанатымен су сабалап, қаршығаны шоршыта сүйреп жүр. Екінші қаз қаршығаның үстінде. Өмір үшін жанталастың соншалық шапшаңдықпен ұшқын атып, сәт сайын жүз құбылған шағы. Көк құс үстегі бос сары ала қаздың бағанадан бергі соққысын енді кешірместей доланыпты. Өз үстіне соңғы рет түйіліп, тағы соға берген қаздды оң аяғымен сарт еткізді.



(Ө) Мұғалім «Ассоциация» әдісі арқылы оқушыларын Ә.Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесіндегі үлгімен немесе өз сөздік қорындағы көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып ойын жеткізу, пікірін білдіру әрекетіне жетелейді. Мәтінді оқып, логикалық бөліктерге бөліп, ат қояды, жоспар құрастырады.

Күздің кереметі

Күз... Қыркүйек айы жаңа ғана басталған кез. Біз, Белгібай екеуміз бақшада жұмыс істейміз. Қарбыз, қауын жиямыз. Орталықтан келген машиналарға картоп, асқабақ тиесеміз. Анда-санда бізге күзетші Омар атай да көмектеседі.

Сенбі күні болатын. Түске таман Омар атай Белгібай екеумізге:

-Бүгін қонақтар келетін еді. Мен ас дайындай берейін, сендер де солармен бірге тамақ ішіңдер,-деді.

Бірер сағаттан соң біз Омар атайдың бақша басындағы киіз үйіне келдік. Жуынып жатқанымызда үйге екі оқушы бала кірді. Олар қарттың немерелері Әубәкір мен Жағыпар екен. Балалардың сәлемін алды да, Омекең жылы шыраймен:

Бәрекелді! Келгендерің жақсы болды!-деп, екі баланың бетінен сүйді.

Өжеттеу келген Жағыпар атасын қапсыра құшақтап:

-Ата, біз сіздерге көмектесуге және күздің кереметін көруге келдік,-деп еркелей сөйледі.

-Бәрекелді, дұрыс-ақ!Үйде бос жүргеннен не шығады? Бізге көмектесіңдер, қарбыз, қауын жеп, күздің кереметін көріңдер,-деп қария балаларды көңілдендіре түсті.

Омар атай дастарқанды жайып жіберіп, Белгібайға қарбыз, қауын тілгізді. Мен отқа көміп пісірген картоп тұздаған қияр мен қызанақты олардың алдына қойдым. Балалардың атасына әкелген жұмыртқа, сары май, таба наны да дастарқан үстін толтыра түсті. Жақсылап жайғасып, жайланып отырып, ас іштік.

Әубәкір:


  • Ысмағұл аға, атам бізге күздің кереметін көрсетпек еді, соны көргіміз келіп отыр,-деді.

  • -Жарайды, көрсетейін, көрсетейін!-деп, Омекең үлкен бір жәшікті балалардың жанына әкеліп қойды. Содан кейін жәшіктен бірсыпыра кереметті көрсетті. Олар: ожау, шөлмек және басқа ыдыстарға ұқсас картоптар. Әр түрлі пішіндегі ұзынды-қысқалы қиярлар, бір-біріне жабысқан егіз қызанақ. Сыртқы қабығы мен ұрығының түсуі, тіпті, дәмінің өзі алуан түрлі қарбыздар мен қауындар. Оының бәрін көрсете дәмін татқыза отырып олардың неге ұқсайтынын Омекең өзі айтып берді. Бұған балалар ғана емес, Белгібай екеуміз де таң- тамаша болдық. Біздің соншама таңданғанмызды көріп тұрған Омекең:

-Мұндай ғажап кереметтерді тек күзде, барлық өсімдік жетіліп, әбден піскенде ғана көруге болады,-деді. Әңгімесін жалғастыра түсіп, Омекең былай деді:

-Күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшлылық қаптаған астық, картоп, күнбағыс, қарбыз. Қауын, алма, өрік, жүзім.

Оның бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі. Әне, қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да

-бәрі де сап-сары. Сондықтан да мал да, аң да құс та- күзге дейін әбден семіріп болады. Күз-қауырт жұмыстың негізі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды.

Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың.

Қысқа адам да, аң да, барлық жан-жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды.Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын –шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек.

Балалар атасын қызықты әңгімесі үшін көп-көп рақмет айтты.

Сол күні түстен кейін және ертеңіне түске дейін олар бізге қауын, қарбыз жиюға көмектесті.


(ҚБ)

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

- бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады;

-жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтады.
(Ж; МК; ОТ ) Абайдың «Күз» өлеңінің үзіндісін бейнебаян көмегімен тыңдауға болады немесе мұғалім мәнерлеп оқу үлгісін көрсетеді, оқушылар дауыстап түсініп оқиды.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал -кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Оқушыларға бұл тапсырманы уақыт белгілеп, шектеулі мерзімде орындайтынын ескертіңіз. Оқушыларға қалауы бойынша өлеңді жұпта, түсініп, дауыстап оқытыңыз.

Әр топқа өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу тапсырылады. Өлеңді бейнебаянмен салыстыру арқылы оқушылардың ойын айтуға мүмкіндік беріледі.

(Т; МК; ОТ) Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақсақ киік» әңгімесін оқып, шығарманың тақырыбын анықтайды.



Ақсақ киік

Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.

Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалысыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше, топ бала аттылардың соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе топ баланың ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көріністерге зер сала қарады. Жас болғанмен, оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.

Елестей болып өте шыққан аңшыдан гөрі, көкжиектен көтерілген аңның, дала бүркітінің, ақсаңдай басып жортқан тірі жемтік үстінен ойқастап, айнала ұшқаны балалардың назарын аударды. Қуғыншы мен киік тобы көрінбей кеткенмен де, олардың қай шамада екенін көкжиектегі бүркіттің бет алды бағдарынана байқауға боларлық еді.


Оқушыларға «Ақсақ киік» күйін тыңдатып немесе мультфильмінен үзінді көрсетіп, «Венн диаграммасы» арқылы мәтімен салыстыру, мәтінмен байланыстыра өз ойларын айтуға, пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі.

(МК,Т,ОТ)Шығармадағы оқиғаны «Болжау» стратегиясы бойынша Толымбек Әбдірайымтың «Ине мен Жіп» шығармасындағы кейіпкерлердің суреттері таратылып беріледі. Мәтін не туралы болуы мүмкін екеніне оқушылар болжам жасайды. Мәтіннің бөліктері кезекпен-кезек оқылып, оқушылардың жасаған болжамдарымен салыстырылады.

Ине мен жіп

1.- Ине мен жіп ежелден дос еді. Олар әдемі қобдиша ішінде түйме, түйреуіш, оймақ -бәрі жұптары жазылмай, тату-тәтті тұратын.

Бір күні екеуі сөзге келіп қалды.

2.- Әй, ине!-деді жіп ашуланып. –Босат мені! ... Сенімен қосақталып жүре беремін бе? Шаршадым... Тәуелсіздік алып, жеке-дара өмір сүрейін. Ойлап отырсам, дос болып бірге жүретіндей жан емессің. Денең сыпа, бойың бір қарыс, аштан қатқандай әлжуазсың. Мына маған қарашы. Зат біткеннің сұлумын. Өмір бойы адамға қызмет жасап келемін. Үзілген түймелерді қадап, жыртылған киімдерді тігемін. Шалбар, жейде атаулының сөгілген тігісін бәз-баяғы қалпына ұқсатып, ымы-жымын білдірмей қалпына келтіремін. Басым жетпейтін бір нәрсе, неге адам бізді қосақтап қойған. Осыған қайран қаламын. Еңбегім еш, тұзым сор. Сен болсаң менің арқамда күн кешіп жүрсің. Айтшы, әйтпесе кімге, не үшін қажетсің? Алда -жалда адам қолына кіріп кетсең, зар қақсатасың... Қорқыныштысың. Керек болса жексұрынсың...

Ине жіптің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдады да, былайша жауап қайтарды:

3.Досым, сен өйтіп тәкаппарлық жасама! Шынын айтқанда түймені қадайтын да, жыртықты жамайтын да, сөгілгін тігісті бұрынғы қалпына келтіретін мына мен болам. Менсіз не істер едің?! Еш кәдеге жарамай шұбатылып, босқа жатар едің... Ал адамдар саусағына шаншып алмауы үшін абайласын! Сақ болсын! Қажет болса оймақ кисін! Өзім барып ешкімге соқтықпаймын! Қойған жерінен табылам. Қақ-соқпен ісім жоқ.

- Айтқан уәжің орынды. Расында, екеуіміздің бірімізсіз-біріміздің күніміз жоқ екен... Кешірім өтінім. Қателігімді түсіндім...-Жіп ұялып төмен қарады.

- Бұдан былай достығымызға сызат түспесін! Кел, төс қағыстырайық!

Жіп инені орап, тас қылып құшақтады.

(ҚБ)


  • оқиғаның дамуын біледі;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады.

«Ине мен жіп» мысалы бойынша оқушыларға «РАФТ» әдісі арқылы кейіпкерге хат жазу ұсынылады.
(ҚБ)


(Ж; Ұ, МК) Әзілхан Нұршайықовтың «Жалғыз дән» әңгімесін оқу ұсынылады.

Жалғыз дән

(аңыздың ізімен)

Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оныкөп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Төңірек қараңғы тартады.Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.

Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының мағы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат – ана адамға осылай разылық білдірсе керек.

(ОТ;МК;ЖЖ) Сәбит Мұқановтың

«Саятшы Ораз» шығармасын мұғалім оқып, оқушылармен бірге отырып талдайды. Оқушылар мәтінді түртіп отыру немесе мәтінге түсіндірме беру әдісі арқылы оқиды.

Саятшы Ораз

Сол жылы кездескен адамдардан есімде сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз. Ол адамның түр-тұлғасына, кескін- кейпіне қызыға қарап жүрдім. Орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөғестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең аңдайлы адам еді.

Ораздың үйі мен біздің үй су жататын сайдың күнгей жағында отырды. Ораз жалғыз оқты шитімен ататын мерген екен. Бертініректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі шитімен атып түсіргенін өзім де көрдім.

Ораздың ұсынған оғы тимегенін көрген емеспін. Құсбегілігі одан да бетер болған. Есін білгелі қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген. Ораз әр күні қоржынын толтыра құс, қанжығасын толтыра аң әкелмей қоймайды екен. Ол қыстыгүні күзен, тышқан, түлкі, қасқыр сияқты аңдарды да көп аулаған.


(ҚБ)

* кейіпкерді анықтай алды;

* кейіпкердің портретін сипаттайды;

* өз ойын дәлелдер келтіріп жеткізеді.




Бөлім шеңберінде мұғалім еркін тақырыпқа сәйкес өмір кезеңдері туралы әдеби емес кітаптар, әңгімелерді, өлең мен тақпақтарды айтуы тиіс. Оқушыларға қалауы бойынша әңгіме, өлең және тақпақтардың айтылуына, баяндалуына, жатқа айтуына үлесін қосуы үшін көп мүмкіндік берілуі қажет.

Түрлі өсімдіктер жайлы кітаптардан және анықтамалардан неме ақпарат құралдарынан қосымша мәлімет жинауды ұсыныңыз.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларға меңгерген дағдыларын қолдануға мүмкіндік бере отырып, жақында өткен айтылыммен байланысқан оқу сабақтарының басты мақсатын анықтауда мәтінді сыныптың барлық оқушыларымен оқу әрекетін ұйымдастырып, толық меңгеру тиімділігін пайдаланыңыз. Ал анықтама мәтіндер, әдетте, үшінші жақта және осы шақта жазылатынын ескеріңіз. «Нұсқаумен оқу» ретін қолданып, өлеңді топтарда бірігіп оқиды. Сұлтан Қалиевтің «Қандай болып өсеміз» өлеңін «Нұсқаумен оқу» үшін оқушыларды оқу қабілеттеріне сәйкес топтастырылады. Оқу қабілеті баяу оқушыларға жеңілірек Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаевтың өлеңдерін таңдап беруге болады.

Үлгі: «Сұрақтар парақшасы» әдісі арқылы оқушыларға өлеңнің маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойылады және жауап алынады.




Сұрағы

Жауаптар нұсқасы

1

Обал деген не?

Аяушылық сезім

2

Табиғат деген не?

Ауа,су,жер, кун, аспан.

Жан-жануар,

Гүл, егін


3

Табиғат ол..?

ол-айнала

Қасиетті өлкеміз.



«Болжау» стратегиясы: Ашық сұрақтар:

Үлгі:

Сирағы ұзын қандай құс?



Тобымен билеп, жүгіргенде жүйрік қандай құс?

Кеш келіп, ерте қайтатын қай жыл құсы?



Тырналардың тізбектеле ұшуы

Біздің аймақта кездесе бермейтін тырна түрі



Ақбас тырна



Тырналар тұқымдасының төрт туысының бірі, он түрді қамтитын негізгі туысы.


Кәдімгідей құрлық құстары, ағаш басына ешқашан қонақтамайды. Тырна туыстыларға тән ерекшелік – басында бүртікті өскіндері және қатқыл түк тәрізді қылтан қаптаған тақыр тері үлескілерінің болуы. Тырналар негізінде өсімдіктекті азықтармен - тұқым, тамырсабақ, өркендермен қоректенеді. Дегенмен мүмкіндігі болған кезде азық құрамын жәндіктер қосып, ірі бунақденелілермен, құрттармен, ұлулармен т.б. дәмдейді. Тырналар көктемгі “би” салт жорасымен әйгілі. Қазақстанда тырна туыстылардан төрт түрі кездеседі. Олар: ақ тырна, қара тырна, сұр тырна, қызылсирақ тырна. Ақ тырна – ірі денелі шамасында, салмағы – 10 килоға жуық. Қара тырна – едәуір кішкене қошқыл реңді тырна. Қызылсирақ тырна – ашық сұр реңді едәуір ірі денелі тырна. Сұр тырна – кәдімгідей тырналардың бірі.

«Джигсо» әдісі: Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. (Тірек сөздер: екі ағаш, бұтақтарын иіп, томпаң қағып, тамырына тартады ... т.б )

5 топ тапсырманы композициялық құрылымға сүйеніп шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынуға немесе «Әңгіме шыңы» кестесіне орналастырады.

1-топ Оқиғаның басы–

2- топ.Оқиғаның ортасы–

3- топ.Оқиғадағы шиеленіс –

4-топ.Шарықтау шегі -

5-топ Оқиғаның шешімі -






Ақ қайың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет