3-сынып тапсырмалары Қазақ тілі Ана тілі Математика І. Түсінік хат


ІІ тоқсан Диктант №3 Мәншүк Маметова



бет7/16
Дата10.10.2022
өлшемі188 Kb.
#152449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
170 3-
Кітап оқығанда сіз жіберетін 10 қателік (1), Самұрық олимпиадасы ҚР-сы, 7 сынып олқылықтар. Физика — копия, 4-сынып-кмж 1, Шаблон, Психология сөж 1, Өндірістегі бақытсыз жағдайлар-engime.org, 11.2B Dynamics Deformation of solid lesson plan, kosoe, urok-russkogo-yazyka-i-literatury-10-klass
ІІ тоқсан
Диктант №3
Мәншүк Маметова.
Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиеттi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын. (47 сөз.)

Грамматикалық тапсырмалар

І нұсқа
1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.
3. «Тез» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз
ІІ нұсқа

1.Төртінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.


2. Соңғы сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.
3. «Көмектеседі» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

Диктант №4


Табиғатты қорғаңдар.
Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.
(46 сөз.)
Грамматикалық тапсырмалар

І нұсқа
1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.
3. «Тез» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз
ІІ нұсқа

1.Төртінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.


2. Соңғы сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.
3. «Көмектеседі» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз


ІІІ тоқсан
Диктант №5
Сауысқан.
Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады. (48 сөз.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет