31. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарын санамалап беріңіз Педагогикалық менеджмент


Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау ретін көрсету



бет4/8
Дата23.12.2022
өлшемі30,72 Kb.
#164086
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
вакцина кукыктану 104, medicinalyk biologiya zhne genetika negizderi, Ахмет байтұрсынның сөйлем мүшелері туралы пікірі, баяндама
34. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау ретін көрсету
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсатты қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогиалық жүйенің үнемі қозғалысты, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Мақсат жоспарлаудың өзегі болғандықтан, ол педагогтың да, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
7. Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет