6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»



Дата08.06.2018
өлшемі19.03 Kb.
6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз?
Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!» атты аудиобағдарламалар циклі. Біз ары қарай жалғастырамыз. Әдеттегідей Анар ханым екеуміз біраз мәселелерге нүкте қоюдамыз. Анар ханым, өткен бағдарламаларымызда ауызша сөз нормаларына тоқталған болатынбыз. Бірнеше мысал келтірдіңіз, енді біздің тыңдармандарға қызық болып отыр. Дұрыс сөйлеу үшін біз не істеуіміз керек? Ауызша сөз нормаларын біз қайдан табамыз?

Анар ханым: Дұрыс! Ауызша сөз нормалары туралы айтқанда біз тек қана 1-2 мысал айттық, бірақ біздің қазақ тіліндегі бүкіл сөздердің айтылу нормасы қаншалықты екенін көз алдыңызға елестетіп тұрсыз. Осы материалды түгел, сіздер түгел болмаса да көбін, негізгісін сіздер қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінен таба аласыздар.

Анар ханым: Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінен табасыздар...

Анар ханым: Қазақ сөз мәдениетін көтеру керек деген проблеманы қойып жүрген біздің қоғам қайраткерлеріне, тілтанушыларға, журналистерге сол сияқты өзімнің тіл мәдениетімді көтергім келеді, өзімнің қазақ тіліндегі сөйлеу мәнерімді жақсартқым келеді дегендерге айтатыным, кез келген осы кісілерге, кез келгеніне айтатыным: сөздікпен жұмыс істеу керек, ағайын. Сөздік сіздердің күнделікті қолданыстарыңыздағы кітаптың біріне айналу керек. Ал енді сөздіктер жоқ деп айтатындар болса, оларға жауап: қазақ тілінің орфографиялық сөздігі мен қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігін, қазақ тілінің орысша-қазақша сөздігін, қазақ тілінің синонимдер сөздігін, қазақ тілінің теңеулер сөздігін осы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты дайындаған. Мен жаңа айтып кеткен сөздіктердің барлығы 2007 жылы 100 000 данамен шығып, Қазақстанның кітап шығару тарихында бірінші рет осындай үлкен таралыммен шығып, барлық мекемелерге тегін таратылған. Сондықтан табам деген адам, оны таба алады. Міндетті түрде осы орфоэпиялық сөздікпен жұмыс жасауды, әсіресе ауызша сөзі кәсіби құрал болып саналатын мамандарды, ережеге, тәртіпке айналдыру керек деп осындай бағдарлама арқылы сондай іске шақырамын.

Жүргізуші: Тегін таратылды деп жатырсыз. Ал өзге көрермендер, мысалы, сол таратылған мекемелерде қызмет жасамайтын біздің тыңдармандарымыз қайдан тауып алады? Яғни арнайы дүкендерден, кітап дүкендерінен таба алады ғой. Бағасы аса қымбат емес шығар.

Анар ханым: Бағасы ондай қымбат емес деп ойлаймын. Кітап дүкендерінен табуға болады. Сосын мектептердің кітапханаларының барлығында бар екеніне әбден сенімдімін. Ресми мекемелердің барлығынан барған жерімде әдейі тексеріп көріп жүремін. Әйтеуір көп жерде көрдім, сондықтан орфоэпиялық сөздікті пайдалануды біз...

Жүргізуші: Анар ханым, ғаламторға қазіргі таңда енді екінің бірі кіреді, барлығы кіреді. Әсіресе жастар кіреді ғаламторға. Сол ғаламтордың ішінде көптеген сөздіктер бар. Біраз білім жинауға болады, білім алуға болады. Оларға қаншалықты сенуге болады?

Анар ханым: Өте дұрыс айтасыз, мен бірақ, мен сізге, кішкене сіздің көңіліңізді түсіріп қоятын шығармын. Орфоэпиялық сөздік әлі ғаламтор желісінде жоқ. Енді соны жүзеге асыру үшін, қазір біз, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақ тілінің ұлтық корпусын жасау керек деген мәселені көтеріп отырмыз. Ұлттық корпуста әр сөздің мағынасы, мазмұны ол сөзді қолданған бүкіл дереккөздер, содан кейін сол сөздің орфоэпиясы да беріледі деп үміттенеміз. Ал қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігіндегі сөздер осы WikiBilim қорының қолдауымен kitap.kz сайтында әмбебап сөздік айдарымен берілген.

Жүргізуші: Иә, біз енді жастарға айтып жатырмыз ғой, көбіне көп ұялы телефонын қолданады. Ғаламтор желісінде отырады. Барлығына түсінікті болу үшін сөйлейік, приложение дейміз ғой. Приложение есебінде болса да, сол жаққа кіріп, арнайы өзіне үлкен сұрақ тудырып жатса...

Анар ханым: Өте жақсы Нұрсұлтан. Біз осыны армандаймыз. Егер бізді қолдайтын IT технология мамандары, осындай қазақ тіліне қызмет етем дейтін компьютерлік, лингвистика саласын білетін, осындай сөздік жасаймын деген мамандар болса, тілтанушылар осындай приложениелер жасауға дайын ...

Жүргізуші: Мінеки, біз Анар ханым екеуміз біраз сұқбаттастық, біраз ұсыныстар мен идеялармен бөлістік деген ойдамын. Рақмет сізге, Анар ханым!

Анар ханым: Рақмет!
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 20. Қоштасу Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет