5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі39,27 Kb.
#190857
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама.5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы.
воен каф, статья

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты
Математика пәні мұғалімі
Габдулова Саулеш Есенжановна

Баяндама


5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын
қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі, тиісті білім мен білік алған еліміздің кез- келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсеткені белгілі.


Олай болса, сондай білікті маман математиканы терең меңгерген, қазіргі кезендегі ғылым мен техниканы, технологияның теориялық негізін меңгерген маман болуы өте қажеттілік. Қандай мамандық болса да математика үнемі қолданыста болады.
Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасының қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде бүгінгі оқушылардың математикаға ынтасын, белсенділіктерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру басты міндет болып табылады.Ол үшін математика туралы қызықты материалдар, әртүрлі қызықты есептер, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табуы тиіс. Сабақты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың білімін қалыптастыруға болады.Сонда олардың ынтасы артады, қызығушылығы туындайды. Дегенмен де жаңа тақырыпты логикалық жағынан ешбір мінсіз етіп түсіндіріп бергенмен, білім оқушылар санасына сол қалпында орнай салмайды. Білімнің оқушылар санасына жетуі, есте сақталуы оқушының ойлау қабілетіне, зерделігіне,яғни, оның жеке басына тән қасиеттерге байланысты.
«Білім алу- батылдық, оны толықтыру- даналық, ал шебер қолдана білу- өнер» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Демек, алған білімді өмірде шебер қолдана білу үшін әрбір балаға сауаттылық қажет және мұны біздің ата-бабаларымыз бүрыннан басты мұрат етіп келгені айқын.
Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет