5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы



бет3/5
Дата10.11.2023
өлшемі39,27 Kb.
#190857
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама.5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы.
воен каф, статья
Ілмек сөздер: ұстаздарғадеңгейлік оқытуматематикабаяндама



  • Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл - ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

    Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім. Ал оқушылардың математикалық мәдениеттілігі тек берілген білімге ғана емес, оның деңгейін анықтау критерийіне тексеру құралы емес, тәсіліне де тәуелді.


    Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады. 

    Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. 


    Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі – математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

    Математикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.

    Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Б. Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибелер көрсетуде: танып - білу - түсіну - анализ - синтез - қолдану - бағалау. « Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан» әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды.
    Танымдық - диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, математикалық ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин - сөздермен, символдармен жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың математикалық ұғыммен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми - әдістемелік деңгейі көрсетілген.

    1. Оқыту процесінде енгізілетін математикалық ұғымдардың бейнелері болып табылатын жеткілікті объектілерді оқушыларға көрсетіледі және олардың өмірдегі тәжірибесін есепке алып, жаңа ұғым туралы алғашқы елестетулер туғызады. Мәселен іргелес екі көршіні бір - бірінен бір қабырға бөліп тұрады. Бұл мысал іргелес (сыбайлас) бұрыштар туралы ұғымның пайда болуына әкеледі.


    2. Енгізілетін математикалық ұғымның сипаттық қасиеттерін ажырату. Бұл оқытылатын ұғымдағы заңды байланыстар мен қарым - қатынастарды анықтауға байланысты. Мұндай сипаттық қасиеттер ұғымды қалыптастыруға, оны дамытуға және қолдануға жеткілікті болу керек. 
    3. Математикалық ұғымның анықтамасын тұжырымдау. Мұнда жаңа ұғымның аты - жаңа термин айтылады. Ол термин оқушылар жадында сақталып қалуы үшін оқушылар көңілі жаңа терминнің мағынасына аударылады.
    4. Оқушыларда жаңа енгізілген термин және символдың тарихи - генетикалық құрылыммен таныстыру. Бұл оқу мазмұнын адамгершілікке, оқушылардың « Неге бұл ұғым осындай атпен аталады, неге басқаша аталмайды?» - деген сияқты сұрақтарына жауап берудің тәрбиелік және ғылыми мәні бар.
    5. Оқытылған математикалық ұғымды жалпылау, оны оқу процесіндегі ұғымдарын оқып білуіне қиын болатындығы туралы оқушылар сенімін қалыптастыру.
    6. Жаңа енгізілген ұғымның практикалық қолдануларын көрсету, яғни сол ұғымды практикада қолдану.
    Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері өз пәнін терең білетін, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады.
    Оқушылардың математика пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында « Жұлдызды шақ», « Бақытты кезең», « КВН», « Жарыс сабақ», « Сайыс сабақ» түрлерін жүргіземін ( қайталау сабақ).
    Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.

  • Кері қайту




  • 4-сыныптарға берілген тапсырмалар математика мен дүниетану пәндерінің негізінде келді. Алдын-ала дайындық кезінде оқушыларымыздың логикалық есептерді шығару және өмірмен байланыстыру дағдыларының төмендігін байқадым. Бастауыш сыныптарының математикалық білім деңгейін зерттеуге тура келді. Стандарт бойынша білім дағдыларын меңгерген үздік оқушыларымыздың өзі есептерден қиналатынына көзім жетті.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі… Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.

  • Біздің ортамыз жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға толы болғай.


  • ҰСЫНЫСТАРЫМ:

  • 1.Б.Блум таксономиясы негізінде құрастырылған әр пән, әр тарау, әр тақырып бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмалар жүйесімен жұмыс жасауды күшейту

  • 2.Оқулықтарға көбірек практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептерді енгізу.

  • 3.Бастауыш сыныптарда логикалық есептерге арналған қосымша сағаттар енгізу

  • 4.Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектептермен және оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу.

  • 5.PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы және ерекшелігі туралы ата-аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру.

 Халықаралық зерттеуінің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, танымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.

Ұсыныс:


1. Әр тарау, әр тақырып бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмалар жүйесімен жұмыс жасауды күшейту
2..Сабақтарда көбірек практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі тест тапсырмаларын, қызықты есептерді көбірек енгізу.
3. бастауыш сыныптарда




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет