5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы


Математикалық сауаттылық- әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу болып табылады



бет2/5
Дата10.11.2023
өлшемі39,27 Kb.
#190857
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама.5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы сабақтастық принципінің сақталуы.
воен каф, статья
Математикалық сауаттылық- әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу болып табылады.
Математика пәнін оқытып үйрету үшін сыныптардың арасында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы пәндегі тақырыптардың сабақтастығы өте қажет. Сабақтастық- ол даму заңдылығы сияқты ескіні жоққа шығару емес, керісінше қандай бір мәнді элементтері болса, оны жаңа кезенде әрі қарай дамыту, жалғастыру болып табылады.
Ғалым И.Я. Лернер сабақтастыққа төмендегідей анықтама береді: «Сабақтастық дегеніміз – оқу тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, қүрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелік»
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол- оқытудағы сабақтыстық.Ал оқытудығы сабақтастықты қалыптастыру ең алдымен оқыту мақсатын дұрыс анықтау болса, келесі оқыту мазмұны түсініктілігі, оның жас ерекшеліктеріне сай келуін таңдау.
Осы жерде «Теңдеу » тақырыбына тоқтала кеткім келеді. Бастауыш мектепте теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып үйрету, сондай-ақ есепті теңдеудің көмегімен шешудің мән мағынасын ашу қарастырылған. Теңдеуді шешудің алдымен «сынап көру», яғни ( таңдап, іріктеп) алу тәсілі, содан кейін тура санды теңдіктің немесе өзара кері амалдардың қасиеттеріне негізделген тәсілдері еңгізілген .Ал 5 сыныпқа келгенде осы тақырып жалғасын табады. Мұнда теңдеудің , теңдеудің түбірінің анықтамалары еңгізіліп, жай теңдеулерден басталып, екі амалмен шығарылатын теңдеулерге жалғасады.
6 сыныпта бұл тақырып «бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» болып қарастыралады. Мұнда теңдеудің анықтамасымен қатар, м әндес теңдеулер, сызықтық теңдеудің түбірлерінің жиыны бір ғана элементтен тұруы, бос жиын болуы немесе шектеусіз жиын болуы туралы түсініктері еңгізіледі.
Математика пәнін оқытқанда белгілі бір ережелерге сүйеніп немесе формулаларды пайдаланып нәтиже алуға ұмтыламыз. Осыған байланысты оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып келеді. Ал бұл жұмыс жүзеге асады егер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданса,және әрбір сабақтарда көрнекілікті көбірек қолданса: соның ішінде түрлі сүреттер, кестелер, фигуралар.Бүл сүреттерге қарап, оқушыларды зейін қоя тыңдауға, әңгімеге тарту арқылы математикалық тілін дамытуға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға үйретуге қажет.
Егер 5 сыныптың материалдарына қарасақ, оның оқушылардың бастауыш сыныптан келгендегі білімдерінің жүйелілігінің бір бөлігі екенін байқауға болады. Уақыт өте келе сандар туралы білімдері кеңее түседі: жай және ондық бөлшектер туралы түсінік алады, 6 сыныпта теріс сандармен де танысады . Бастауш сыныпта 4 арифметикалық амалды натурал сандарға қолданса, 5 сыныпта осы амалдар жай және ондық бөлшектерге қолданылады, ал 6 сыныпта рационал сандармен жалғастырады.
Есеп шығаруға үйрету- математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да тәжірибеде: а) әрбір сыныпта есепті өздігінен шығарып кететін оқушылар санаулы-ақ кездесетіні
б)көпшілік жағдайларда,оқушылар өздігінен ойланбай, есептегі белгілі шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы тәуелділікті ашып беретіндей жетекші сұрақтардың берілуін, ал көпшілігі тиісті жәрдем көрсетілуін, тіпті есеп тексінің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп беруді керексінеді
в) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейі түрліше болады деп түсіну керек те әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн есептеймін.
Бастауыш мектептен орта мектепке ауысқан кезде оқушылар күрделі психологиялық қиындықтардан өтеді.Бұл көптеген себептерге байланысты: бір ұстаздың орнына бірден бірнешесі болады, көптеген жаңа түрлі сабақтар, кабинеттік жүйе.т.б. Көптеген математика пәні мұғалімдері баланың 4 сыныптан 5 сыныпқа өткен кездегі бағаларымен І тоқсандағы бағаларын салыстырып, білім сапасының төмендеуін байқайды. Менің ойымша , 5 сыныпта осы балаларға сабақ беремін деген мұғалімдер алдын-ала ,олар 4 сыныпта оқыған кезде , жиі сабақтарына қатысып , балаларды байқап, немесе танысып жүрген жөн деп ойлаймын.5 сынып оқушыларына жаңа жағдайларға бейімделу оңай болу үшін мұғалімнің сабақты түсіндіру барысында бастауыш сыныптарда қолданылатын методикалық әдістерді қолдана отырып бастағаны маңызды.
Егер оқушы бастауыш мектепте тақырыптарды жақсы меңгерген болса, келесі сыныптада сол ізбен тақырыпты игеріп, білімдерін тереңдетеді.
Сабақ беретін сыныптарыма келетін болсам:
Жауынбай Бекзат- 5 «ә» сынып
Бекжанов Райымбек- 6 сынып
Айденова Милана – 7 сынып
Мажитова Аяжан – 7 сынып
Сияқты оқушылар бастауыштан алған білімдерін сабақтастыра отырып кез келген тақырыптарды жеңіл меңгеріп, өз беттерімен есептер шығара біледі.
5 «ә» сынып оқушысы Жауынбай Бекзат ПДТ сыныптарының арасында өткізілген облыстық олимпиадасына қатысып 3 орынға ие болды.Бұл оқушының бастауыш сыныпта алған білім, білік және дағдыларының қалыптасқынын көрсетеді.
. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі…− деп атап көрсетті.
Болашақ есігін еркін ашып кіретін, рухани жан дүниесі бай, сыни көзғарастары өскен, сауатты, белсенді ұрпақ тәрбиелеу- ұстаздар қауымының басты міндеті.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, 
қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы сабақтастық. 

Сабақтастық негізі оқытудың біркелкі таным жолы Я.А. Коменский, оқытудың адам дамуына сәйкестігі И.Г. Песталоцци қарастырған. «Сабақтастық» термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиды. Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы кездегі немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі мақсатқа алынады. Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор. Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс-әрекетінде бірыңғай талаптарды сақтау және әдіс-тәсілдерді тізбектей меңгеру қарастырылған. Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгеруімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту міндеттері: 1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту; 2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру; 4) «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру; 5) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
6) «Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі – 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
7) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру;
8) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру; Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру. 
Әрине бастауыш сынып оқушыларына көп көрнекілік дайындау қажет: соның ішінде түрлі суреттер, кестелер, фигуралар. Бұл суреттерге қарап, оқушыларды зейін қоя тыңдауға, әңгімеге тарту арқылы математикалық тілін дамытуға , тапсырма бойынша әрекеттер орындауға үйрету үшін әр мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспеншілігі қажет.Сонымен қатар дифференциалдық, жеке-дара жұмыс жүргізу, түрлі бақылау жұмыстарын, ойын-сабақ, ертегі-сабақ , жарыстар өткізу қажет.
Ойнап отырып, бастауыш сынып оқушылары алған теориясын практикада (немесе ойын кезінде) қолданып, жылдам үйреніп кетеді.
Бастауыш мектептен орта мектепке ауысқан кезде оқушылар күрделі психологиялық қиындықтардан өтеді.Бұл көптеген себептерге байланысты: бір ұстаздың орнына бірден бірнешесі болады, көптеген жаңа түрлі сабақтар, кабинеттік жүйе.т.б. Көптеген математика пәні мұғалімдері баланың 4 сыныптан 5 сыныпқа өткен кездегі бағаларымен І тоқсандағы бағаларын салыстырып, білім сапасының төмендеуін байқайды. Менің ойымша , 5 сыныпта осы балаларға сабақ беремін деген мұғалімдер алдын-ала ,олар 4 сыныпта оқыған кезде , жиі сабақтарына қатысып , балаларды байқап, немесе танысып жүрген жөн деп ойлаймын.5 сынып оқушыларына жаңа жағдайларға бейімделу оңай болу үшін мұғалімнің сабақты түсіндіру барысында бастауыш сыныптарда қолданылатын методикалық әдістерді қолдана отырып бастағаны маңызды.
Егер 5 сыныптың материалдарына қарасақ, оның оқушыладың бастауыш сыныптан келгендегі білімдерінің жүйелілігінің бір бөлігі екенін байқауға болады. Уақыт өте келе сандар туралы білімдері кеңее түседі: балалар жаңа класстарымен танысады, содан кейін қарапайым және ондық бөлшектер туралы түсінік алады, 6 сыныпта теріс сандармен де танысады т. с. 
Есептер шығарған кезде, алдымен 4 сыныпта шығарған есепті шығартып, соңынан дәл осындай, тек кішкене күрделі етіп беру керек.
Мысалы: Самат велосипедпен қаладан саябаққа дейін (дача) 3 сағат жүріп 12км/сағ жылдамдығымен жетті. Ал қайтарда 2 сағатта жеткен болса, оның жылдамдығы қанша болған?(4 сыныптан) жауабы: 18км/сағ
Бір станциядан екінші станцияға дейінгі жолды жүк поезі 9 сағатта , ал адам таситын поез 6 сағатта өтіп шығады. Егер жүк поезінің жылдамдығы 40 км/сағ болса, онда адам таситын поезінің жылдамдығын тап.(5 сыныптан) жауабы: 60 км/сағ т.б.
5 сыныпта да ойын-сабақ, ертегі- сабақ, жарыс-сабақтарды жалғастыруға болады. Сонымен қатар қосымша сыныптан тыс түрлі шаралар өткізген жөн. Бұл балалардың пәнге деген қызығушылығын оятады және балалардың интеллектуалдық ерекшелерін байқауға маңызы зор. 
Ал, енді негізгі мектептен соң 10 сыныпқа келген оқушылар 5 сынып оқушыларындай қиналады деп айта алмаймыз: олар түрлі пәндерге, түрлі мұғалімдерге, түрлі кабинеттерге үйренген. 10 сыныпқа келгенде оларды кішкене қинайтын геометрия пәні. Себебі: стереометрияны көп оқушы дұрыс түсіне білмеіді.Оқушылардың көбі кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа суреттей алмайды , немесе дайын суретті түсінбейді. Олар үшін көптеген макет дайындау қажет, сонан соң оқушылардың логикасын ояту керек. 
Бәрімізге белгілі, адам көзбен көргенді тез қабылдайды. Сондықтан егер бастауыш және негізгі сыныптарда көп көрнекілік , суреттер пайдаланған болсақ жоғары сыныптарда да мұны жалғастырып, тірек карталарын және т.б. жаңа технологияларды пайдалану қажет.

  • Күні: 21-12-2014, 22:54

  • Категориясы: Баяндама




  • Қызықты математика

  • Ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту дұрыс емес - депутат

  • 1-сыныпта шет тілі аптасына бір сағат оқытылады

  • БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАН

  • көтеру болып табылады.
    Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын, өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы, мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп, толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.
    Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі – профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой - өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар – дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
    XXІ ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі – бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
    Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
    Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
    Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
    Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл - ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
    Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
    1 - деңгей: міндетті, оқушылық;
    2 - деңгей: алгоритмдік;
    3 - деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
    4 - денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
    1 - деңгейдегі тапсырмаларға:
    1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
    2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
    3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.
    2 - деңгейлі тапсырмаларға:
    1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
    2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
    3 - деңгейлік тапсырмаларға:
    1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
    Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
    2) Әртүрлі әдіс - тәсілдермен шешілетін есептер.
    3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
    4 - деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
    1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
    2) Олимпиада есептерін шығару
    3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
    Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
    қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
    Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1 - деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12 - балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін - өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға”
    (1 - кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
    1 - кесте
    Математика пәні бойынша 7 «а» сыныптың «Ашық журналы»
    (тақтада ілініп тұрады)
    I тоқсан №5 тақырып
    Бұл жерде: V - үйде орындалған тапсырмалардың белгісі
    Бағалау критериясы: 11 - 12 балл - «5»
    9 - 10 балл - «4»
    5 – 8 балл - «3»
    «V» - 1 балл
    Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгермеген тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған. Мұғалім өзіне де жеке журнал арнайды. Не үшін? үнемі кол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін. Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады.
    Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:
    2 - кесте
    Кеңесбай Аяулымның жеке журналы
    3 - кесте
    Кеңесбай Аяулымның даму мониторингісі
    Қорытынды
    Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:
    - жаңа материалды оқып - үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырдым;
    - жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім;
    - оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;
    - білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;
    - оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан - жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдандым;
    - оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.
    Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.

  • Кері қайту



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет