5 І – бөлім. Физикалық география



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,25 Mb.
#34981
  1   2   3   4   5   6   7   8
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН

ҰБТ-ға

ДАЙЫНДЫҚ КІТАБЫ
Мазмұны

  1. Кіріспе...................................................................................5

І – бөлім. Физикалық география

§ 1 Жер- күн жүйесінің планетасы........................................... 6

§ 2 Географиялық ашылулар мен географиялық

карта туралы ....... ................................................................. 7

§ 3 Табиғат кешені және литосфера....................................... 11

§ 4 Атмосфера - ауа қабығы..................................................... 14

§ 5 Гидросфера - су қабығы.................................................... 20

§ 6 Биосфера – тіршілік қабығы .............................................. 22



ІІ – бөлім. Материктер географиясы

§ 7 Материктер ............................................................................28

§ 8 Африка ......................................... ........................................ 30

§ 9 Оңтүстік Америка ............................................................... 31

§ 10 Солтүстік Америка ............................................................ 32

§ 11 Аустралия............................................................................. 33

§ 12 Антарктида .......................................................................... 34

§ 13 Ең, ең, ең,...............................................................................35



ІІІ – бөлім. Қазақстан физикалық географиясы

§ 14 Тәуелсіз Қазақстан ............................................................ 37

§ 15 Қазақстанның геохронологиялық,

геологиялық жағдайы........... .............................................. 40

§ 16 Жер бедері ерекшеліктерімен .............................................42

§ 17 Қазақстан таулары .............................................................. 44

§ 18 Климаты, табиғаты ............................................................. 47

§ 19 Ішкі сулары ......................................................................... 49



ІV – бөлім. Қазақстанның эканомикалық және әлеуметтік

географиясы

§ 20 Халықтар географиясы және Қазақстан халқы................. 51

§ 21 Қазақстанның геосаяси орыны, халық шаруашылығының

салалары .............................................................................. 54

§ 22 Шаруашылықтың саяси салалық құрылымы .................... 56

§ 23 Қазақстанның пайдалы қазбаларының кен орындары мен

өндіріс ошақтары ............................................................... 58

§ 24 Машина жасау орталықтары, химия және құрылыс

заттары .................................................................................... 63

§ 25 АӨК Қазақстанның ауыл шаруашылығы және тамақ ,

жеңіл өнеркәсіп...................................................................... 67

§ 26 Көлік және коммуникация кешені ....................................... 70



V – бөлім.Дүниежүлік шаруашылық туралы

§ 27 Дүниежүзінің табиғат байлығы .................................................... 72

§ 28 Халық шаруашылығының өнеркәсіп саласы .............................. 75

§ 29 Ауыл шаруашылық географиясы ................................................... 77

§ 30 Көлік және байланыс ....................................................................... 83

§ 31 ТМД елдерінің географиясы .......................................................... 84

§ 32 ТМД –ның өнеркәсіп саласы ........................................................... 88

§ 33 ТМД – ның ауыл шаруашылығы ..................................................... 97

Қортынды тапсырмалар.......................................................................... ..98

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ................................................................. 96


§ 1ЖЕР - КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ПЛАНЕТАСЫ

  • Күн ауданы жер ауданынан 110 есе , көлемі 3 млн 33 мың есе үлкен.

  • Күн бетінің температурасы 60000С

- Күн төңірегіндегі планеталар жолын – орбита (Із, жол деген аударма) д.а

- Жер күннен үшінші тұрған планета

- Жер шеңбері экватордың ұзындығы 40 075 км және салмағы 6 000 млн тоннаға жуық.

- Жер күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналады

- Жер бетінің ауданы 510 млн км

- Жер бетіндегі су көлемі 360,6 млн км2 пайызға шаққанда 71 %

- Құрлық көлемі 149,4 млн км2 пайызға шаққанда 29 %

- Жер үш бағытта ; өз білігінде, ғарыш бойынша, Күн жүйесінің бөлігі ретінде қозғалады.



  • - Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан 21,4 км – ге аз, сондықтан осындай полюстер маңындағы сығылған шар – сфероид немесе элипсойд деп аталады. Жер шарының нағыз геометриялық пішіні геоид деп аталады.

Жердегі магнит өрісінен атмосфераның жоғарғы қабатындағы сиреген ауаның жарық шашуын полярлық шұғыла деп аталады.

- Жердің өз білігінен айналу кезінде барлық денелердің қозғалысында ауытқу пайда болады бұны Кариолис күші деп аталады.

- Күн сәулесінің түсу бұрышы экватордан полюстерге қарай азая береді де, соған сай температура төмендей береді

- Жер батыстан шығысқа қарай өз білігінен 1 тәулікте айналып шығады.

- Солт. жарты шардан полярлық жұлдыз немесе Темірқазық арқылы кез келген обьектіні табуға болады.

Жердің қазіргідей қалыпқа келуіне 4,5 млн – ға жуық уақыт кетті.

Жер - ғарыштан жасыл және қоңыр дақтары бар әдемі ашық көгілдір түсті шар.Ең алғашқыда жер пайда болған уақытта

жерде бір ғана құрлық – Пангея болды. Ол келе – келе Лавразия, Гондвана материктері болып екіге бөлінді. Бұдан кейін ол қазіргі алты материкке бөлінді. Еуразия, Африка, Оңт. Америка, Солт. Америка, Антарктида, Аустралия. Мысалы Оңтүстік Америка Африкадан 135 млн жыл бұрын жылжып кетті.



§ 2 ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР МЕН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

КАРТА ТУРАЛЫ

Географиялық ашылулар

Дүние жүзінің алғашқы картасын жасаған – грек ғалымы Эротосфен.

География сөзінің авторы немесе географияның атасы - грек ғалымы Эротосфен.


  • ХV ғ. Мартин Бехайм тұңғыш глобусты жасады

  • Градус торы бар алғашқы картаны жасаған ғалым - Птоломей

Географиялық ашылулар туралы симантикалық карта




АШЫЛ

ҒАН ЖЫЛЫ



НЕ ІСТЕЛДІ

КІМ

АШТЫ

1

Ежел

гі дәу


ірде

(б.з.б


V ғ )

1.Гректерге сол кездері мәлім болған Каспий теңізі т.б жерлер туралы Жер картасын жасады.

2.Қазақ жерінде Каспидің тұйық алап екенін айтып Жайық, Еділ, Жем өзендері туралы тоқталды



Геродот

3.Ең алғашқы ендік пен бойлықты нақты өлшеп , тұңғыш дұрыс картаны жасаған, тұңғыш «география» ұғымын енгізген, География ғылымының атасы

Эротосфен

4. «География » деген 17 кітап жазған

Страбон


5. Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Ендіктер мен бойлықтарды сызып көрсеткен., Ең алғаш күн ұзақтығын анықтаған

Птоломей

2

ХІІІ ғ

1. Азияның Памир тауы , Үндістан мен Қытай жерлері туралы мәліметтерді берді.

Венециялық көпес

Марко Поло



2. Орталық Азияға саяхат жасады, қазақ

жері туралы айтты.



П. Карпини

Е. Рубрук



3

ХV ғ.

Парсы, Үндістан теңіздері арқылыы Үндістанға саяхат жасады. «Үш теңіздің ар жағына саяхат» деген еңбек жазды

А . Никитин

4

1492

жыл



1. ГЛОБУС ЖАСАЛДЫ

Бехайм

Вест Индия аймағы ашылды

Х. Колумб

1499-

1503 ж


Х. Колумб ашқан жердің жердің Үндістан емес жаңа дүние екенін дәлелдеді. Кейіннен оған Америго аты берілді

Америго

Виспуччи



5

1519 –

1522 ж


Тұңғыш рет жер жүзін айналып шықты. Тыны мұхитын ашты

Ф. Магеллан

1538 ж

Атақты Картограф Американың оңтүстік, солтүстік бөлігі ұғымын пайдаланып «Жаңа дүние » деп атады

Герард Меркатор

6

ХVІІ ғ

Аустралияның Тасман аралын ашты

А. Тасман

Аустралияның шығысын, Жаңа Зеландиия аралын ашқан

Д. Кук

Қазақстан аумағы туралы «Сібірдің сызба » атты кітап

С. Ремезов

7

1730 жыл

дарға


дейін

Қазақ жері туралы «Диуани – Лұғат – ат - Түрік» кітабы жазылды

М. Қашғари

8

ХV –

ХVІІІ


ғ.ғ

Сондықтан да «Ұлы географиялық ашылулар заманы» деп аталды




9

1819

- 1821 ж




Антарктика материгін ашқан

Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазерев

1835

– 1914ж


Қазақ жерінен

1. Тянь – Шаньді зерттеген, Орталық және солт. Тянь – Шаньді зерттеп Хан – Тәңірі массивін ашқан



П.П Семенов



2 . Арал теңізін, Сырдарияны, Қаратауды зерттеген

Н.А Северцов

3. Солт. Қазақстандағы тұзды көлдер, Арал теңізін зерттеген

Л.С Берг

4. Орта Азия мен Орталық АзияныЖ. Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлеледеген

Ш. Уалиханов

1870

– 1887 ж



Тынық мұхиты аралдарына, , Жаңа Гвинея аралына, Аустралияға зерттеулер жүргізілді

Н.Н Миклуха - Маклай

1909 ж

1. Солт. Полюсті

2. Оңтүстік полюсті



1. Р Пири

2. Р. Амундсен



1939 ж

Қазақстанда арнай География секторы құрылып,, оны Н. Баранский басқарды.. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.

Н. Баранский

Карта және глобус

Карта – математикалық негіздерге сүйеніп жасалған. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшардың, аспан денелері және т.б кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен көрінісі берілген.

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық болып екіге бөлінеді.

Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттердің байланысын бірге көрсетеді бұны кешенді карталар деп атайды.. Жер бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеуді - картографиялық проекция – деп атайды.

- Солтүстіктен белгілі бір бағытқа бағытталған бұрыш аралығы Азимут д.а Азимут тек компаспен анықталады.

- Азимут 00 – 3600 аралығында есептеледі

- Айналадағы көзге көрінетін кеңістікті – көкжиек деп аталады.

- Қағаз бетіне обьектіні кішірейтіп түсіруді – масштаб деп атайды. Масштаб 3 ке бөлінеді : Сандық (1: 1000 000), Атаулық (1см : 10 км), Сызықтық.

Масштаб көлеміне қарай карталар:

1: 25 000 (ірі масштабты);

1: 1 000 000 (орташа масштабты);

1: 1 000 000(ұсақ масштабты) ;


  • План - деп кішігірім жер бетінің бөлігінің белгілі бір масштабпен жасалған проекциямен кескінделген сызуды айтамыз.

  • Картаның планнан айырмашылығы - картада картографиялық тордың паралель мен меридианның болуы

  • Меридиандар мен параллелдердің қиылысуынан – Картографиялық тор пайда болады

  • Жер осьінің жер шары бетімен түйісетін нүктені – полюстер деп аталады

  • Оңтүстік полюс пен Солтүстік полюсті қосатын сызықты - Меридиан деп атайды.

  • Экваторға қарама – қарсы жатқан сызықты - Параллельдер д.а

  • Екі параллель арасы - 111 км немесе 150С – қа тең

  • Әр параллель шеңбер тәрізді болады, ал Меридиан доға пішіндес болады.

  • Бастапқы меридиан мен берілген нүктеге дейінгі градус шамасы – географиялық бойлық деп аталады.

  • Экватордан солтүстікке жне оңтүстікке қарай тартылған градус шамасы – географиялық ендік деп аталады.

  • Жер бетінің мұхит немесе теңіз деңгейінен қосып есептегендегі биіктікті – абсолют биіктік дейді.

  • Жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүкте аралығындағы биіктік айырмашылығын - салыстырмалы биіктік дейді. Оны нивелир немесе тіктеуіш немесе деңгейлегішпен өлшеп анықтайды.

  • Ылдидың бағытын горизонтальға кесе – көлденең қойылған сызықша – Бергштрих деп аталады.

  • Экватордың ұзындығы - 40 000 км

  • Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтық – 6378 км


§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА

Табиғат компонеттеріне: Ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар, күн

сәулесі жатады.



  • Барлық табиғат компоненттерінің өзара байланыста болып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі немесе өзара әрекеттескен аумақтың бір бөлігі – Табиғат кешені деп аталады.

Мысалы орман, шөл, өзен, өзеннің жағасы, Тау алды, тау.

Бірақ табиғат кешенінің ең ірісі – географиялық қабық болып табылады.



Географиялық қабық – литосфераның жоғарғы , атмосфераның төменгі бөлігі. Ол гидросферамен биосфераның өзара байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.

Географиялық қабықтың 4 заңдылығы бар:

1. Тұтастығы 3. Зат және энергия айналымы



  1. Ырғақтылығы 4. Зоналылығы

Зат алмасу деген- табиғаттағы су айналымы ( су буланады, жаңбыр болып қайта жауады), атмосферадағы ауа айналымы (адам СО2 шығарып өсімдіктерге берсе, Өсімдік О2 ні шығарып адамға береді, организмдер қалдықтарын -шірігін топыраққа берсе, шірік өсімдікті қоректендіреді) жатса, Күн мен Жердің ішкі сыртқы энегиясы да осыған жатады.

Ал ырғақтылық – (ритмділік) Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы т.б

Біртұтастылығы – табиғаттағы барлық процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Мысалы Топырақ - өсімдікке, Өсімдік - топыраққа, Өсімдік - жануарға, Жануар - өсімдікке не береді? (Өзің ойланып көр)



Географиялық қабықтар қабаттары да төртеу;

Литосфера – жердің қатты қабаты. Атмосфера - ауа қабаты. Биосфера – тіршілік қабаты. Гидросфера – су қабаты

Адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған жерлер – антропогендік фактор деп аталады. Антропос – қазақша адам деген сөз.

Адам орман егіп парк ашуы мүмкін немесе орманды өртеп сол жерді батпаққа айналдыруы мүмкін.


ЛИТОСФЕРА

Литосфера - мантияның жоғарғы қабаты мен жер қыртысынан тұрады. Литосфера қалыңдығы – шамамен 70 км . Мантия – жер қыртысы мен ядро аралығындағы қабат. Мантияны жер қыртысынан жұқа Мохорович қабаты бөліп жатады

Оның жоғарғы шекарасы – 2900 км – ден басталады

Жер қыртысы – жердің ең беткі жұқа қатты қабығы.Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5- 10 км, материктер астында 35 – 40 км, ал биік тауларда - 70 км – ге дейін жетеді.

Геологиялық жыл санау бойынша жер ғаламшарының жасы шамамен – 5 млрд жылға жуық . Ол 5 кезеңге (эра) бөлінеді.

Жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт шамамен – 3,5 млрд жылдан астам.


  • Жердің ежелден қалыптасқан, қозғалмайтын, тегістелген салыстырмалы түрде тұрақты бөлігін – платформа – деп атайды. Платформа үстінде жер бедерінің жазықтары қалыптасады.

  • Ежелгі және жас платформалардың әртүрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді тау жыныстары басып жатқан бөлігін - тақта – д.а.

  • Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері – геосинклинальдар д.а. Бұл аймақтарда жер сілкіну вулкан процестері жиі болады.

  • Қазіргі ең ірі геосинклинальдық белдеулерге; Альпі – Гималай, Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

  • Жердің ойлы – қырлы беті – жер бедері деп.а

  • Жер бедерінің өзгеруі; ішкі (жер сілкіну ,вулкан, цунами,)және сыртқы (жел, өзен ағысы, күн сәулесі, тұрақты желдер,т.б. ) күштерге жатады.

- Жазықтардан оқшау беттері қия, биік бөліктерді таулар деп аталады

- Жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады

- Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді тау торабы д. а.


  • Литосфералық тақталар:

  • Литосфералық тақталар жылына 2-6 см ге қозғалады

  • Ең ірі 13 тақта бар. Осы ірі тақталар ірі тектоникалық жарықтар (рифтілер) арқылы бір бірінен бөлініп жатады Ең ірілері: Үнді – Австралиялық, Американдық, Тынық мұхиттық, Атлантикалық тақта.

Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

Жердің литосфералық қабатынТау жыныстары құрайды.






  • Шөгінді тау жыныстары - өсімдік, жануарлардың қалдықтары және әртүрлі жыныстар мен фрагменттерінен құралған

  • Метаморфтық жыныстар - жоғары температураның және қысымның әсерінен пайда болған жыныстар. Бұл жағдайда кейбір жыныстар қатты күйге, кейбірі жұмсақ қабатқа айналады.

  • Магмалық жыныстар жер астындағы магма суып , қатты күйге айналғанда түзіледі










  • Магмалық жыныстардың мантиядан жарықтар арқылы сыртқа шығып төгілуін пайда болған лава түріндегі су мен газдан ажырағын бөлігін эффузивті, ал магманың белгілі бір тереңдікте сыртқа шықпай қатқан бөлігін интрузивті дейді.

  • Жер қыртысы негізгі 3 қабаттан тұрады

  • 1) Базальтті, 2) Гранитті, 3) Шөгінді жыныстар қабаты.

  • Мұхит астындағы жыныстық қабаттарда гранитті қабат болмағандықтан мұхит астындағы жер қыртысының қалыңдығы жағалауға қарағанда аз болады

  • Ыстық бұлақтар. Ыстық су мен буды ауық – ауық атқылап тұратын бұлақтарды гейзерлер деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет