5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі



бет9/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
ақида» деген ат қойыпты да, ал «ақидасынан» басқалай пәтуаларды жалғандық деп дәлеледейді. Мысалға; «...қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «биғатшыл» (құранмен пәтуа беруші) топтар бар. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипатарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтурули секілді әһлі сүннетік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәләфтардың жолын ұстанатындарды да адасушылардың қатарына қосады.» (152-бет) Қайрат мырза тағы да сәләфтар деген дінің жолы бар екенін «ақидалап» (қайтсін енді, қазақта атау ұғымын ашатын сөз таба алмағасын!), Құранға ашықтай қарсылық білдіргенімен қоймай; «...Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәләф деген атауға анық лайық Әбу Ханифа «истауаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар «истиуаны» истикрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда қандай сәләфи ақидасы?» (156-бет) Енді бұдан ақылы сау, талағында биті бар қазақ оқырманы ештеңе де ұғып түсінбейтіні анық. Негізінен діншілердің осындай өздерінің арам ниеттерін жасырып, білдірмеу үшін, араптың күрделі сөздерін, сол қалпында жалауға айналдырып, арап тілін бүлдірумен ғана емес, құран аяттарын да оп-оңай ертегіге айналдыра біледі де, арзан ақшаға яғни ұғымын жоғалтумен өз пайдасына қарай шешеді. Әбу Ханифа масһабы дегеніміз, діннің тура жолы яғни сәләфтық жол екен. Сәләфтық-деп аталу себебін, ертеден пайғамбардың сахабаларының көзін көрген, «табиғын» деп атаған, ғалымдарға байланысты пайда болған ұғым екенін түсіндіріп те кеткен. Олай қаншама қарулы жасақпен барып, бірге соғысқан және шариғат үкімдерінің, пайғамбар сүнеттерінің орындалуына көмектесіп, батасын, кітабын тікелей жазып алып келген, сақтың ұрпақтары Укаша, Ерқоян, Құттықожа сахабаларды былай қойғанда, 500-жылдай өмір сүріп, бүкіл азия құрлығын аралап, дінді таратқан мазһабтың ең жоғарғы сатысын, білімін меңгеріп, пайғамбарымыздың жаратқаннан түскен, тікелей аманатын жеткізген, Арыстан бабамыздың және оның ұрпағы Мәнсүр-Мақсұр атамыздан тараған, «Суна-ақ» деген бір тайпа елге айналып және «Нихая» деген шариғи заңдар пәтуасының кітабтың да болғанын кім біледі? Қазаққа келген мұндай мұра, «сәләфтардан» да әріден барып қосылмай ма? Діншінің көрініп тұрған, ашық белгісі бар ақиқатты бұрмалауы тек кәпірлік болып есептеледі. Ал «ақида» сөзің ақиқатына келсек, құрандағы мағынасы; «Алаға шүкіршілік жасау» болып түсіндіріледі. Бір ғана мысалмен келтірген бұл тақырыптағы Аллаға шүкіршілік жасау мен діншілердің «ақида»-сөз ғылымын меңгеру түсіндіруінің өзінен-ақ, дін ғалымдарының, масһабшы сәләфтықтардың, білімсіздікпен аяттарды ертегіге айналдырумен ғана айналысып, Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосу пайда болады. Енді «Алла тағала аршыға истауа етті» (155-бет) деп Ағраф сүресі 54-ші аятты аударған. Ал негізінде ол Халифа Алтай аудармасында; «...Раббыларың сондай Алла, көктермен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген...» (Ағраф-54) болып аударылады да, ал жоғарыдағы «истиуа»-«Аллаға ниет етті» болып аударылады. Ал енді; «..Әбу Ханифа «истиуаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр» деген сөз ұғымын орындарына қойып, қазақшаласақ; «Әбу Ханифа «истиуаны»-Аллаға ниет етуді «орнығу, отыру, жайғасу мағынасындағы» «истикрар емес» яғни жетекке алу екенін түсіндіріп отыр.» (Әбу Ханифа –Аллаға ниет етуді яғни жетекке алу екенін түсіндіріп отыр) деген сөз тіркесі пайда болады. Бұндай сөздер оқыған пенденің қандай да сөз ұғымдарының сандық мәндерге, қуатқа, өріске айналуымен, санамен-жады, миында теріс пікір болып қалыптасып және діл бақшасында тақ сандармен бейнеленеді. Онда жаңдайда түйсік қуатына айналып, өрістің қарғыланумен және ақылды да тұзаққа түсіреді. Абай, Шәкәрім аталарымыз осындай жағдайларды; «Аю болып, адамды аулама!» деп ескерсе, ал мұндай жағдайдағы сөз бұзушы, тәпсірші ғұламалықты пайғамбарымыз; «Дүниеде екі тілі болған, екі түрлі сөйлеген кісіге қиямет күнінде, Алла тағала оттан екі тіл береді» (Әнестен 9-өсиет) «Жамандыққа ұшырамайын десең, тіліңді тый, бәле тілден.» (336-өсиет) Енді осылай қазақ діншілері мен теолог мырзалардың кітаптарындағы қателіктерді, Раббымыздың «хабари?» ақылымен (батамен) жүйелеп, салыстырып шықсақ, арап және қазақ тіліне жасалған зұлымдықтардың жүздеп санайтын, құран аяттарына ортақ қосу сипаты шығады. Қазақтың мүфтият және нұр мүбәрәк дін халымдарының пайымдауынша; «ақида» деген «Аллаға шүкіршілік жасау» ұғымын, яғни намаздарды орындауды, дін амалын, дін ғылымына яғни намаз оқу біліміне; «сөздердің ұғымын меңгеру» болып өзгергендіктен, арап тілін меңгергендердің құран тәпсіріндегі өз-ара пікірталасының «ақидасы» деп шатасып кеткен. Сондықтан осындай жалған атауларға айналып үлгірген, сөздерді пайдаланған қандай да пенденің жүргі жабылып, қарсылыққа түсуі хақ. Ал, негізінен «ақида» яғни Аллаға шүкіршілік дегеніміздің өзі, біздерге түсірілген, 8-сипатының дәлел, хикмет иелеріне рахмет айту құлшылық істерін түсіндіреді де, оны «ақида!» яғни «Маған ғана құлшылық жасаңдар» деп ескерткен жаратушымыз. Бұл сипаттарды Абай-Шәкәрім аталарымыз өлеңмен өрнектеп, ғылымын, құлшылығын түсіндіріп, қазақ дүние танымындағы білімін де, дәстүріміздегі алатын орнын көрсеткен. Бірақ екі жүзді ойшылдықпен, бұл жағдайды дін ғалымдарымыз мақұлдап, сосын қайта өз пікірлерін терістеп, тіптен құран аяттарын да мазаққа алған пікірлер бар. Мысалға; «Ахмет ибн Ханбалдың мына сөзін келтіре кетейін: «Алла Тағала өзі қаласа солай сөйлейді. Бірақ қуыстан шығарып айтпастан әрі ауызсыз, екі ерінсіз және тілсіз сөйлейді» Бұл топ өздерінің шатасқанына қарамастан, өздері сияқты ойламайтындықдардың бәрін адасып жүр дейді.» (160,161-бет) Кімнің атынан, кім шатасты деп отыр? Алла тағала тілсіз сөйлейді дегендер ме, әлде «Мен Алламен тілдестім», Алла тағаладан аруақтар арқылы бата, аян, уахи алдым, немесе түсімде хикметтер, ескертулер алдым, деген адамдарды «жын-шайтан» атаған мүфтиятық діншілер тобы ма? Бірақ әйтеуір арасында жаратушымыздың еш нәрсеге ұқсамайтын; дыбыссыз, дауыссыз, үнсіз тілі бар екенін мойындайды, демек арап тілі ғана жаратушы арасындағы дәнекер емес, адамзатқа ортақ ұғынықты сөйлесу тілі бар, деген «ақида» яғни шүкіршілік амалын мойындайды. Осындай шежіредегі тарихи бейнеленген, ақиқатты және кейінен сондай елшілері, сүйікті құлдары, әулие-әмбилері арқылы оқылған аяттардың құпияларын халықтан жасыру үшін: «Ендеше, ана тілдері арапша әрі Мұхаммед (с.а.у-жынды емес) пайғамбарды көздері көрген сахабалардың және сахабаларды көздері көрген табиғиндардың өздері діни мәселерде арасындағы білімділерге (Арыстан баба, Укаша сахаба сияқты) жүгінген болса, кейінгі ғасырдағы адамдарды Әбу Ханифа секілді Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық(тантық?)-қисын, фиқһ негіздерін, сахаба пәтуалары мен басқа да ғұламалардың көзқарастарын т.б ислами ілімдерді жетік біліп, әрбір аятты зерделеп, мыңдаған хадисті мұқият зертеген мүжтәһид ғалымдардың шығарған үкімдерімен жүруге қаншалықты зәру әрі мұқтаж екені айтпаса да түсінікті. Ал өз бетінше әрекет еткен адамның ақиқаттан адасуы әрі өзгелерді де шатастыруы әбден мүмкін. Бейнебір асау толқынды теңізге желкені жоқ әлсіз қайықпен шыққан ақылсыз бейшараға ұқсамақ...» (Дін мен Діл 18-бет) Ақылы толмаған жастардың ақылын, аю болып аулау үшін, осындай көркем пікірмен «масһабты» енді жол көрсетуші, рухани тазартып, рұқтың тұқымын жүрекке егіп, иманды зейнетеуші құдай деп түсіндіреді. Және құдайдан келетін шындықты, аян-аяттарды, әрбір пендесіне көрсететін жобаны да, мүлде жалғанға айналдырып, өздеріне ғана табынып жүруін ескертіп, масһабпен ғана жүрмесең адасқан ақымақсың деп түсіндіреді. Бұндай құбылмалы, оқырманды шатастырып, ақырында өздерінің айтқанмен емес, істегінмен жүргізуге бағыталған әрекеттерді аталарымыз: «Молданың айтқанын істе де, істегенін істеме.!» деп сөз ғылымын меңгермей, ақылыңды азат қылмай, молда айтты деп соңына ере берме десе, пайғамбарымыз; «Жаман ойдан сақтаныңдар, расында жаман ой, сөздің өтірігі, басқаша айтқанда, жаман ойдың түбі өтірік болып шығады. Бір-біріңді мазақтамаңдар, қудаламаңдар, бақталаспаңдар, күншілдік қылмаңдар, ашуландырмаңдар, сырт айналмаңдар, сондай-ақ сендерге Алла бұйырғандай, Алланың туысқан құлдары болыңдар, мұсылман мұсылманның туысы, оған зұлымдық істемейді, одан көмегін аямайды және қорламайды, тақуалық осы жерде, тақуалық осы жерде деп кеудесін көрсетті...» (Бұхари, Термизиден. 13-өсиет) Тақуалық ойдың тілмен, сөзбен бейнеленген нәтижесі, жүрек пен көңілде яғни ана тілімен тікелей байланыста жетілетін ұжданда екенін ескертіпті пайғамбарымыз. Ұжданды, арлы болудың да нәтижесі; тек шүкіршіл жүрек, зікіршіл тіл ғана, қайырлы ғұмырмен ғана өлшенетінін тағы ескерткен. Бұл кітапқа Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза мынандай пікір беріп; «Дін адамға екі дүниеде дұрыс өмір сүрудің, Хақтың ризалығын бастайтын ереже қағиданы қамтыған иләһи(?) бұйрықтар мен тиымдар жиынтығын құраса, діл-халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрін, менталитетті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс тіршіліктері мен ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекетерін біркелкі сипатын білдіреді.» (Дін мен Діл 5-бет) Қандай ой! Қанадай жанашырлық, ұлтшылдық ақыл!- деп таңқалып, риза болып, жалпы кітаптың мақсатына негізгі ішкі «ақидасына» ақыл тоқтатсаңыз, онда мүлде керісінше болып, ал осындай алдарқатулармен тұзақ тастап, яғни жастардың ділін аулап, тұншықтыруға арналаған екеніне көзіңіз жетері хақ. Оған өздерінің тұжырымымен: «..Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге(??) (Қазақша аудармасы; Сабырлыққа келуге, тақуалыққа) байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі, шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейіттердің басына барып мұң мұқтаждарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұрап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуәссулмен (сабырлық амалдарымен) ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (209-бет) Қазақ болып туылып, өліктердің қанына жазылған ділден пайда болған, дін ғалымыз Қайрат Жолдыбайұлы; Ең бастысы өліктерді адам деп атағанмен, Адам атамыздан бөліп тастап, енді олар Аллаға қарсы тұрған ібіліс әскеріне айналып, сондықтан есеп беруге Алланың қасына да, алдына да бармайды, сондықтан мүрделер (шіріген сүйектер) яғни біртұтас адамдар шариғат өлшемдерінен шығып, сәзжде ұғымына кірмейді. Құранда ескерткен тау, тас, ағаштар, құстар, хайуандар, жаратылыс әлемі де, жындарда Аллаға құлшылық жасап, тәспих айтып сәзжде жасап тұрады да, ал оларды сөйлетіп тұрған адам жаны, рухы Алладан басқа деп ұқтырады. Және әрбір зияратаған пенделердің міндетті түрді құран оқып, немесе шырақшылар арқылы оқытқан кездерде де құранның анасы болған Аллаға жалбарынуға кілті де болған, сүрелердің құлшылық маңызы жойылып кететінін де ескертеді. Яғни бұндай жағдайда рухани құлшылық тілі, құран тілі пенденің тілегі алдында әлсіз, кейінгі айтылған пенделік сөзі, тілектері құранан да басым болып, аят болып, қабылданып кету қаупі де зор екен. Және өліктер арқылы ем-шипаны жаратқанымыз беруі де мүмкін емес, әулиелер өз ұрпақтарына Раббымызбен аралықта жәрдемге тұрып, үкімдерін орындаушы құлдары, шапағатшы да бола алмайды екен. Олай болса пайғамбарымыз; «Ей Алланың пенделері, аурудан емделіңдер, Алла тағала ешқандай ауруды әдейі жаратпаған. Ал егер ауру келген болса, сол ауруға лайықты емді жаратқан. Тек бір кеселдің емі жоқ-ол кәрілік.» (549-өсиет) «Азаптың ажалымен өлген адам (шейт болу т,б) ақирет күні өз тегінен шыққан 70-адамға жәрдемдесе алады.»(999-өсиет) «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет) Енді Жолдыбай мырзаға және осындай пәтуа беретін жүздеген дін ғалымдарына сену керек пе, әлде пайғамбарымызға сену керек пе, өзіңіз шешіп көріңіз оқырман. Ал жаратушымыз 18-сүремен өлім, несібе, тағдыр себептерімен, сабырлықты даналықты меңгеруді Мұса пайғамбарымызға қызыр арқылы түсіндіріп және 73-ші сүрені нәпсіні тәрбиелеп, рухан азық, ем-шипа, несібе алуды сабырлық ету (тәуәссил?) амалдарымын, яғни ділдің тәрбиесі, ислам әлемінің бірлігін қалыптастырушы, Ала жолындағы соғыстардың қағидасы ретінде түсіріп; «...Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Ал енді құранан жеңіл келгенін оқыңдар. (Зияратап әуелі;Аруақтарға құран бағыштаңдар!) Сендерден науқас болғандар, басқалай несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, (әулие аралап зияратағандар) тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құранан оңай келгенін оқыңдар. (өлілерге құран бағыштаңдар) Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер (құрбан шалу, садақа беру). Және өздерің үшін алдын-ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында (бейітерде, қорымдарда, ойпатарда, әулие бастарында) жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (73-20) (93-уахи) Адам баласының тағдыр есебі ішкі күндізі-нұры мен қараңғылық күнәсінің көріну үшін, тағдырларыңды түзеу үшін, ауырсаңдар ем-шипа іздеп және басқалай несібе іздеп зираттаңдар. Және құраннан оңайын яғни жалбарыну аяттарын, зікірін ғана оқып, дұға жасап, сосын жалбарынып, өз тілдеріңде жарылқануларыңды тіліңдер, құрбан шалып, бір-бірлеріңе көркем қарыз беріп хайыр жасап, Алладан сыйларыңды алыңдар! Бұл үкімдер, пайғамбарымыздың түнде тұрып, нәпіл намазын оқыған, сүнетімен бірге бір аяттың ішінде болып, енді нәпіл намаз бес уақыт намаздың оқылуымен ғана болатын болса, намаздарды толық орындау дегеніміз мұсылманың бес қарызымен бірге (жоғарыда көрсетілді, қаж парыз емес), ата-баба бастарына зияраттап, құрбан шалып, зекеттер, садақалар таратпайынша орындалмайтынын ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыз; «Алла тағала былай деді: «Мен үшін сәлемдескендерге, отырыс ұйымдастырғандарға, дүние жұмсағандарға, зиярат қылушыларға мейрім түседі. Ал енді қарсы болған дар кәпір.» (596-өсиет) Ал енді осы өсиетке масхаб ғалымдарының және Қайрат Жолдыбай ұлының береген пәтуасын қасына қойсаңыз, онда пайғамбарымыз ата-жолдықтармен бірге соталып, және біздермен бірге жалғаншы сектаның бір мүшесі болып шығады. Бұндай әулиелеріне зияртатап, арап тілінде құран оқу арқылы Аллаға мадақ айтып, артынан дұға жасап ата-баба, аналарымыздың рухына сәлем жолдауды аятта; «Мұхаммед: «Барылық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59)(89-Рабб сыйы) деген ашық үкіммен, Алланың сүйген құлдары Алланың өзі, құдіретті қолы, қанатты періштелері «Бірі», бірліктегілері болып, ал құран аяттары сөзі екенін, сондықтан бұл жағдай жансыз пұтарға табынғанан бөлек екенін ескертеді. Енді дін ғалымыздың яғни бүкіл масһабтық, Ханафилік дін ұстанымы «ақидасы» мен қазақ әулиелері меңгеген «ақида»-Аллаға шүкіршілік жасау, намаздарды орындау амалының, Раббымыздың алдында лайықты екенін, және кімдер Аллаға ашық жала қойып, аяттарына, құранға ортақ қосып, пайғамбарымызға ашық қарсы болып, кәпір және тозақтық болып, құдай сотымен жазалану керек? Бұл жағдайды да, ақылыңызды аю қақпаннан босатыңыз да, өзіңіз шешеңіз оқырман. «Хира қаласына барған едім. Олардың мәзбураға (бастықтарына) сәзжде еткенін көргенімде: «Бұған пайғамбар лайық» дедім. Сосын пайғамбарға келіп жағдайды айттым. Пайғамбар: «Сен бір қабірдің жанынан өткенде оған сәзжде етесің бе? (құран оқисың ба?)» деді. «Жоқ» дедім. Пайғамбар: ендеше ешкімге сәжде етпе. Егер біреудің басқа біреуге сәзжде етуін әмір еткен болсам, Алла тағаланың ерлеріне, таныған қатындарындағы хақтары бойынша, қатындардың ерлеріне-сәзжде етуін әмір етер едім»-деді.» (Термизиден 16-өсиет) Пайғамбарымыз тірі кезінде-ақ, менен де өліктердің дәрежесі жоғары және әулиелерді Алла тағаланың жауынгерлері, ерлері деп астарлап, егер оларға сәзжде етпесең, онда Аллаға да сәзжде жасама, деп астарлап ескерте отыра және бұл сәждеден бір саты төмен тұратын, тіршілік бойынша әйел еріне сәзжде жасауына болады да, ал қалғандарының бәрінің бастықтары өлілер арасында, «Біреуде» деп ескертіпті. Пайғамбарымыздың өзі де, кейбір қабірлердің қасынан өтіп бара жатып, егер ол жаннаттық болса тоқтап, аттан түсіп, құран бағыштап, сәзжде жасағаны өсиет етілгені хақ. Тек қабір үстіне намаз оқуға болмайтынын ескерткен. Сонымен құран оқу арқылы сәзжде жасау мен, намаз оқу арқылы сәзжде жасау ұғымы өз ара жұп болып, сондай бүкіл мұсылмандарға және өлілермен де ортақ жұптасу күнін жұма деп те атаймыз. Осындай үлгімен пайғамбарымыз, бүкіл әлем діндегі жалбарыну, құлшылық амалдарын құран оқу арқылы атқарылғанда, жаратқанға жасалған сәждеге айналатынын көрсетіп кеткені де хақ. Сонымен қандай да бір амалдың алдында, құранның бір аяты оқылса болды, онда жаратақанға арналған құлшылыққа айналып, сәжде, таспих, зікір, Алланың сөзі арқылы, өзін еске алу болып аталады. Енді біздің масһабшыл ғалымдарымыздың пікірінше, ата жолындағы алаяқтықтың негізі де; құранда да, пайғамбар істерінде де болып шығады да, сондықтан кімдердің кәпір болып, ислам дінінен шығып кеткенін оқушының «ақидасына» (шүкіршілік пәтуасына), адамгершілік ақыл-ой парызына қалдырдық.

Иман- түсінік-сана рух егіні.

Көп қалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді: -Бір дихан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шықаннан кейін ылғал жетпегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, жүз еседен өнім береді.-Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: -Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді.Сонда шәкіртері Исадан:-Бұл астарлы әңгіменің мағынасы қалай?-деп сұрады. Иса оларға былай деді: -Құдай өз патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқалар көріп тұрса да шынымен көрмесін, естіп тұрса да түсінбесін деп, оларға осы құпиялар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Ал әңгіменің мағынасы мынадай: Тұқым Құдайдың Ізгі хабарын білдіреді. Жол бойына түскендер Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзәл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне қонған сөздерді ұрлап алып кетеді. Ал тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана өнеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезінде сенімдерінен безіп кетеді. Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап, абыржып, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып өнімі пісіп үлгермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым мынаны белгілейді: бірсыпыра адам Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі, таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.» (Лұқадан 8-тарау) Абай-Шәкәрім аталарымыздың «Бәйшешек бақшасын» өсіру, яғни дін білімін жетілдіру дегеніміздің астарлы сырын, осы әңгімеден байқауға болады. Және рухани өмірдің адам тәніне рух хабарының ұйқы кезінде, жанмен бірге дәні де себілетінін, сол дәндердің қалай иман егіндігі болып, өнім бертінінін түрлі себептерін баяндайды. Және мұндай рухани егінді өсірудің де төрт түрлі себептерден тұрып, арнаулы сынақтардың да бар екенін ескертеді де, аталарымыздың; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген нақылы осы әңгіменің құпия, рухтың сыры болып шығады. Сонымен, бұл әңгімеден қазіргі діндегі, рухани жетілудің маңызы да, және әлемдегі халықтардың түсінік қабілеті де; бірінші есту қабілеттеріне тәуелділікте болып, яғни жермен байланыстылықта, ішкен жеген тамағымен, қаншалықты тәндерін арамдамай, ішкі құрлыстарын таза сақтай алғандығына, ал естіген сөздерді сіңіру, сөз ғылымын қаншалықты меңгеруге, тілге тәуелді екен. Олай болса, мен өзім қандай бөтен тілді меңгеріп, білімімді жетілдіргенмен, ана тіліндегі сөз қорым тапшы болып, немесе қаншалықты сөздерді меңгергенімен, оның сөз астарларын нақты қандай қуатты сипаттайтынын, негізгі болмысын, тарихын біліп, илана алмасам, ол аят туралы түсінігім шала болады екен. Демек тілі бір, бірақ сөз түсіну қабілетінің ерекшелігімен 8-түрлі түсінік белгісі шығады. Олай болса, бір қазақ, бар қазақты 8-түрлі көрністе түсінеді екенбіз. Оған енді, құранда, аяттарда ескерткен 9-түрлі бұзықтығымызбен көбейтсек; 72-топқа бөлініп шыға келеміз. Осыдан барып, елдегі 72-түрлі көз қарастың, келіспеушілік тартыстың, саяси партиялардың тізімдері шығады. Әулиелерміздің, сөз данышпандары билеріміздің, толық басқаруында болған замандарда мамыржай тіршілік кешіп, алтын ғасырды бастан өткізген замандар, қазақ елінде болғаны ақиқат. Өйткені ол кезде, өлімнен ұят күшті болып, бір сөзге тоқтап, бір сөзбен әкесін өлтіргенді де кешіре білетін, ақылдың тазасын меңерген уақыттар еді. Өйткені, әулие бабаларымыз, киелі кітаптардың астарлы сөздерін, қарапайым тілмен халыққа ұқтырып, сөз нұрының жарығын елге жеткізе білді. Өйткені сөздің құдіретті көрнісін көрсететін, оңай жүрекке иман қылып ұялататын, жаратқанның сыйы, «мұғжизалар», ерекше хикметті істері бар еді. Ал қазіргі әулилер санатында жүрген, діни сауаттылар мен хазірет, шейхтарымыз қандай? Ондай аталарымыздай толық иманы бар болса, нұры (шамы) да біріне-бірі ұқсамайтын керемет істері де болу керек. Оны иманның шарты, нақты көрнісі деп түсінгеніміз абзал. «Ешкім шам жаққан соң, оны ыдысымен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып жария болмайтын ешбір құпия жоқ.» ( Л; 8-тарау) Кімде, жүрегінде иманы болса, онда шамы да болып, ол жан-жағына жарығын түсіріп, және жарықпен бірге құпия сыр, білімнің болатынын ескертеді. Қазіргі таңдағы ислам дінінде қалыптасқан; «иман келтірдім» деп өзін-өзі ақтаушылар, осындай шамымды жақтым, құпия білімім алдым, деген белгіні білдіреді. Шындығында бүкіл масхаб діншілерінің ішінде шамы бар, жарығынан жол тауып, нығметке бөленіп жатқандарыңыз, нағыз әулиеріңіз арларыңызда бар ма? Ойланыңыздар! Ал кімде ондай жағдай болса; «Сондықтан қалай тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,-деді Иса.» (Л; 18; 8-тарау) Яғни кімнің жүрегінде батаны, ата-баба аманатарын түсініп, тыңдай білген қышадай болса да, иман дәні болса ғана, оған жарық беріліп, ал жоқ болса керісінше қараңғылыққа түсетіні де хақ. Бұл насихаттан Әл-Фараби атамыздың; «Ғылымды меңгергің келсе, әуелі білмеймін деген ғылымды меңгер» деген астарлы өсиеті шығады. Егер мен бір нәрсені жетік білдім, менен артық білгіш жоқ десем, онда сол білгенім алынып, надандықтың құлдығына түсіп, түбінде күнәкар атанады екенмін. Егер менің мына білгенім, үйренгенім жеткіліксіз, әлде де білсем, бір сөз болса да, баладан болса да, алсам, деп ізденіп, сұрап, жаратқанның алдында мүлде білімсіз екенімді, оңашада мойындап, жалбарынсам тағы сол білгенімдей шамада ғана беріп отырады екен. Онда неге өмір бойы әлі біліп болғаным жоқ, деп алақанымды жайып, жаратқанға жалбарынып өтпейміз? Осы тағлымнан, енді біздің масһаб ғалымдарымыздың құран насихатын тек арапшадан ғана оқып араптардың дәрежесінде ғана тылысым, ақирет өмірін білу керек деген, сонымен бірге олардың иманындай ғана нұр жинау үшін арап еліне ғана «Ғұмыра хаж», тағдырыларына жалғануды дәріптейтін, ал одан жоғары иманның 70-бұтақты білімін қалыптастырған дана әулие бабаларымызға зияртауды; «Серік қосу» деп атаған себін де түсінуге болады. Сондықтан да, енді; «діни сауаттымын, тек мен білемін, қазақта әулиелерде адасқан екен, қазақ елі, тек ислам келгенен кейін ғана дінге келген» дегендер мейлі солай жүре берсін, кел бауырым, әрі қарай білмейтін өмірдің құпиясына, құранның қазақша ғалым атамыз аударып берген нұсқасы арқылы, Раббымыздың үкімдерін, насихаттарын жадымызға тоқып, жүректермізге зерделеп, ұйқы кезінде «кеңшілік өміріне» бірге сапар шегіп, жаратқаннан тікелей сұрап көрейік. Осндай жағдайдалармен бір кітапқа жүгініп, біртұтас қазақ тілінде ойымызды, сөзімізді біріктірсек, орындайтын сәзждеміз де бір болып, әлде де иманның нұрын молырақ алмаймыз ба? Онда ортақ сәзждеміз қандай болу керек?


Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет