5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті-сана



бет6/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті-сана.

Қазіргі таңдағы дінде қалыптасқан ақыл-ой даналығын меңгерудің бағыты, мектебінің де намаз оқуының бұлжымас қағидасы; құранды тек арап тілінде ғана оқу керек, болмаса насихаты, түсінігі ашылмайды яғни ақыл-ойың жетілмейді, сеніміңде дұрыс қалыптасып, иман да келмейді. Ал, енді бұл пәтуаға уақытша ғана келісіп, шындығында не пайда болатынын ақылымызды еркін жіберіп ойлап, болашағын болжап көрейік. Енді мен ақылымды жетілдіру мақсатында, арап тілін меңгергенмен де, бәрібір ана сүтімен берілген ойымды, қазақша бейнелеу қабілетіммен және үн арқылы берілген қасиетімді, яғни ділімді өзгертуге шарасызбын. Олай болса, арап тілін меңгеруім қаншалықты қазақ тілін сөздерін, астарын жетік білуіме ғана тәуелді болуы да, тілдің міндетті заңдылығы және ақылдың да жетілуі де тілге қанымызбен берілген ділдің шамасына, «генімізге» ғана тәуелді. Ал, енді Құранның арап тіліндегі ұғымын түсінуім үшін, екі жағдайға тәуелділік пайда болады. Бірші жағдайда; құранның сөздерінің дайын аудармасын, арап елінің тұрмыстық тілдегі сөз ұғымдарын жатап алумен, ақылым құраның тіліне емес, араптың тұрмыстық тіліне және арап ғалымдарының біліміне міндетті, тәуелді түрде байланып, ойдың еркін, еріктілігін тұсауым шарт. Екінші жағдайда; барлық дін ғалымдарының еңбектерін түгел оқып, танысып және олардың берген шешімдеріне жүгінумен, бәрібір дайын аударма сөздіктерге яғни түркі тілдес тәпсірге жүгінуім керек. Бұл жағдайда да, ақыл еркі шектеліп, қазақ тілінің қазіргі таңдағы европа және басқа тілдерден де келген сөз ұғымдары, заманға қарай қалыптасқан білім де мүлде ақылдың аясынан тыс қалып, еркіде шектелуі хақ. Ал егер мұндай екі қақпанан да бас тартып, өз бетімше Құрандағы арапша атауларға, сөздерге өз еркіммен қазақша ұғым берсем, онда өзіміздің ұлттық тіл ғылымына қарсы болғаным және аяттарды теріс ұқтыруым, түсінігін, ғылымын өзгертуім мүмкін де күнәға батып, шайтанға қызметшілікке тағы да ақылымды байлап береуім де сөзсіз. Ал, егер енді дін имамдарының соңына еріп, ақылдарын алып, тек бұрынғы оқыған тәпсіршілердің ғана аударған, түсіндірген сөздеріне ғана сүйенсем, онда маған қазақ тілін ғана емес, арап тілін де көп білудің босқа тыраштануымның қажеті де шамалы. Себебі, мен үшін ойланған, шешім қабылдаған, осының дұрыс деген ғұлама тәпсіршілер, имамдарымыз бар емес пе? Олай болғанда, олардың бұрынғы ғаламдарымыздың осы береген пәтуаларына қарсылық білдіріп, құранды арапшадан өзің оқып меңгермесең, онда ақалың жетілмейді деген екі жүзділіктерін қалай түсінеміз? Осындай ғана пәтулармен, соңына ерген халықты бұрынғы даналарға, әулиелерге де қарсы қойып, шайтанға жәрдемге тұрған, Алладан басқаға құлшылық қылушы дін имамдарымыздың өздері болып шықпай ма? Ал осындай пәтуаға қарсы қоятын, менің ақыл-ойым; Алла бермеген қабілетті қолдан жетілдіріп; Пушкинді, Лермонтовты Абайдан артық аударамын, өзім олардан да артық түсінемін дегеннен не пайда? Егер кезінде Құранды жетік біліп және ғылымдық насихатын түсіндіру арқылы соңынан жүздеген, мыңдаған әулие, тақуа шәкірттерімен нақты жер бетінде дәлелдері қалған ғұлама кісілердің еңбектерін, әрі қарай заман білімімен толықтырып, түсінуге жаратқаннан немесе, пайғамбарымыз тиым салынған ба? Және пайғамбарымыздың; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айтың ба, иманды кісілердің жолын ұста(600-өсиет) деген өсиетін де жалғанға шығарып, пайғамбарымызды өтірікші атаған болуымыз хақ. Ал енді мен сол дайын нұсқаларды, аудармаларды пайдаланып, арап тілін жетік білдім деген қазақтың алдына барып, осы аяттар пәтуалар туралы өз ойымды, яғни заман біліміне, өз рухымның жетістігіне қарай қалыптасқан тәпсірлік білімімді жеткізуге тырыссам, ол маған мына пікірің бұрыс, себебі арап тілін білмейсің деуі де күнделікті діни сауаттылардың әдетті басты құралы. Олай болса, ол діншінің өз ойын азат қылмай; «Жүз жыл сайын атаулар ұғымы өзгеріп отырады» деген пайғамбарымыздың өсиетін және қазақ сөздік қорының да білімдік мақсатағы даму заңдылығын ескермей, заман атауларларымен, құбылыстармен және білім жетістіктерімен бейнелеп жеткізе алмайтынын білдіреді. Демек, бұл жерде адамдық ақыл ойдың еркіндігін қалыптастыруға емес, керісінше шайтанның құрған тұзағын мойындатуға бағыталған саясат жатқаны да хақ. Оған қоса, өздері бүкіл арап тілін меңгерген қазақтардың, шейхтардың, хазіреттердің білімсіздігін, надандығына, құранды жетік меңгермегендіктеріне ғана куәлік берген болып табылады. Сондықтан енді, Құранды тікелей арапшадан аударып, қазақтарға түсіндіру маған ғана жүктеліп, аманаталып отырғанын ескерткен де болып шығады. Бірақ егер мен қазақ тіліне жетік болып, құранның құпия жасырған атаулары түгіл, тұрмыстық дәрежедегі арап сөзін толық бейнелей алмасам, бәрібір көркем сұхбаттың дәрежесінен айрылып, сөздің дәмі де мәні де болмаса, онан қандай пәтуа болмақ? Керісінше жындылықтың қалыптасып, мақтанның, тәкәпарлықтың өсіп, ақылдың шектелуін, қатын сияқты тілі ұзын болғанмен, сөзі мәнсіз, қатын басты діншілердің қатарын толықтырумен ғана аяқталады. Пайғамбарымыз; «Еркек кісі дәмді сөзімен, тілімен көркем» (376-өсиет) Және атадан қалған әдет-ғұрып, асыл сөз-аманат! Ұлттық тіл мінезі де аманат! Сондықтан аталарымыз, «Мейрімділік-зейнеті көзде, ақыл зейнеті-сөзде» деп, көзді зинадан сақтау мен, тілді ұғымсыз сөздерден сақтауды аманаттаған. Бұндай екі ойлы, яғни екі жүзділікке түскен пенделерді аталарымыз; «Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам.» Иманның жартысы дегеніміз тілден пайда болатын діл екенін ұмытпаңыз ағайын! Және қандай да бір ұлттың өкілінің ана тілі су тілі болып, ал өзге тілдер от тілі болып, яғни рухпен, жынмен байланысты екенін, екеуін араластырудан, діннің бұзылуы, яғни сөздің қуатының өзгерумен, діл білімінің жетілмейін туындатады. Және мұндай ділдік білімді меңгермеуден бас тартып, ана тілін шұбарлаудан да, адам баласының мінезі, қылығы да өзгеріске түсіп, жаны дамып, кеңімей ұлттық дәстүрден қашықтайтыны да хақ. Сондықтан тіл мінезі, барлық мінездердің ірге тасы болып, ұнамсыз істерге жатып, ондай жағдайда мүмін аталуы да мүмкін емес. Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет) Дін дегенімздің аманат екенін ал аманаттың әлмисақ уәдесімен байланысты болған: Жақындық-Махаббат деп түсінгеніміз жөн. Енді діннің құлшылық негізі жалбарыну, сиыну болса оны пайғамбарымыз «Жақындық» деп астарлы атау беріп кетіпті. Сондықтан; Жақындық-жалбарыну; сиыну; ризашылық-қанағат; жақсылық істеу; некемен бір-біріне көбейю мақсатында жақындау сияқты 99-түрлі амалдар жинағынан махаббат пайда болады. Және осындай жақындықтарды қалыптастыруға аманат алған адам баласы, енді нәсілдік ерекшелігін, туысқандығын да бұзбауға УӘДЕ берген жанымыз Раббымызға. Осындай аманатқа қиянат жасамай, уәдесін бұзбаудан ғана жақсы көркем мінез пайда болып, ондай адам баласын момын деп атайды. Сондықтан да пайғамбарымыз бұл жағында ескертіп; «Әрине жағымсыз, ұнамсыз істермен сөздер исламда жоқ нәрселер, оны істеген адамдар жақсы адамдар емес. Момын адамдардың тәуірі-жақсы мінезге ие адамдар.»(219-өсиет) «Ислам дініне кірместен бұрын, түсінбеушілікпен берген аманаттарыңды орындаңыз. Ислам діні берген антқа сенімді күшейтеді. Бірақ ислам дініне жаңадан ант ішу көрсетілмеген, яғни ант ішпеңіздер.» (292-өсиет) Енді ант беріп, жаңадан аманат алу дегенімізді қалай түсінеміз? Антымыз-жан болып, бізді өсіріп, тәрбилейтін дін-жанымызға айналып, негізінен біздің бастапқы және ескі иманымыз, өткен тарихымызда аманаттарды абыроймен орындаған ата –бабаларымыздың шежіре тарихымен тікелей байланысты болып, және құранда да жеті сабақты бидайға ұқсатып түсіндірген. Сондықтан алғашқы аманатымыз, яғни дін жанымыз Адам атамыздан басталып, адамзатқа сәзжде жасаушы барлық періштелердің қызметімен, бұл періштелік сипаттарымыз, адамдық болмысымыз, ғасырлар бойы жалғасты келе жатқан пайғамбарлармен жалғанып, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарымызбен аяқталғанмен, бірақ Раббымыз; Әр елдің өз жолбасшылары яғни елшілері, періштелік-кісілік ерекшеліктері болатынын, және уәдеміз ана тілімізге байланысты, қарама-қарсы жағдайда, аманатарды ақтау және өз орнына ақиретке қайтарып беру, иесі болған пайғамбарларына өткізу керек екенін тапсырған. Сондықтан, енді біз Мұхаммед пайғамбарымыз берген антқа жалғану үшін, әуелі ата-бабаларымыздың аманат-уәделерін, яғни бекіген амалға айналған, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» 91-санды; серттерін толық меңгеріп, аманат ақ баталарын алумен ғана, ортақ исламдық бір үмметік тура жолына, яғни 47-санды құран-кітапқа айналған, аманат дін-жан негізіне жалғана аламыз. Жалпы Раббымыздың да уәдесі, осы 47-санымен белгіленіп, нәтижеленіп, бұл кітапқа толық жалғану үшін де, барылық пайғамбарлық қасиетерден белгі алу арқылы болуы да сөзсіз. Сонымен Інжілден; «Өзінен жоғары ешкім тұрмағандықтан, Құдай Ыбырайымға уәде бергенде Өзінің атымен ант етіп, былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін» Осылай Ыбырайым шыдамдылықпен күтіп, Құдайдың уәде еткендеріне ие болды. Адамдар өздерінің жоғарғының (тәңірлік киелер, пайғамбарлар,қасиетті әулиелер) атымен ант береді. Сол арқылы айтқандарын бекітіп, күллі дау-дамайларын доғартады. Сондықтан Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, Құдай да айтқандарын аятпен (Сандық мәндерімен) бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге; Оның уәдесі мен антына сүйеніп, олардан зор күш жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Онан пана таптық..» (Еврейлерге 6-тарау) Және құранда: «Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғақ әкелеміз. Мұхаммед сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.(89) Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырды. Және де арсыздықтан, қарсылықтардан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінесіңдер (90) Қашан сертесеңдер, Аллаға берген сертеріңді орындаңдар. Антарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткенен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.» (16-91) (Мұқият болыңыз бұл аят алда дәлелденеді. Сондықтан ескерту; Мұхаммед пайғамбарымыз осы саны яғни 16-89-дан бастап құлшылық істерін меңгергендерге ғана қияметте, ақиретте куәлікке тұрып, солар ғана пайғамбар ізбасарлары болып танылады.) Біріншіден; ислам дініне Адам атадан бастап жалғасты түрде ант берген және Ыбырайым пайғамбарымыздың негізгі жұрты болып, және одан кейін Зәбурді, Інжілді де қабылдап, бүкіл діндер құндылықтарын әдет-ғұрпымызға айналдырып, ал құран түскенен кейін, Мұхаммед пайғамбарымызға куәлік келтіріп, уәде беріп, бірақ әдет-ғұрпымызды «аруақ атымен» ант беретін, салтымызды жоғалтпай, кейінгі пайғамбарымыздың ізгі өнегелерін дәстүрімізге сіңірген және арнаулы кітап алып, елші келіп, тура жолдың жемісін көрген ел болғандықтан, арадағы орыс мемелекетіне бодан болған уақытты сылтау қылып, антымызды бұзып, қызылбас елінің антын, серттерін «масһаб» дәстүрін қабылдауымыз, Құдай алдында нағыз «антұрғандық» болып табылады. Екіншіден; Аяттың мәні 91-саны әрбір үметтің тілдік, түстік, рулық, нәсілдік және шаруашылық өмірлік тәжірибесімен, ерекшелігімен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрін көрсетеді. Құрандағы Мариям сүресімен және «Шәміс» сүресімен нәпсіні тазарту амалдарын, тақуалықты меңгерудің ғылымын ескертеді. Бұл 19;91 санымен әрбір ұлттың діл бақшасын өсіріп, жемісін алуымен ана тілімен, уәдесіне байланысты үкімдер жинағы болып табылады. Рухани кемелдену, тылсымнан хабар алу, інжілді меңгеру осы сандарға қатысты. Ал қазақ елінің «аруақтық» антын, сақтардың негізгі ұрпағы ретінде жаратушымыз арнаулы аятпен бекіткен. Және бұл санды аяттар адамзаттың әйел қанындағы 11-санды ділдің көрнісімен, еркек қанындағы 11-санды жұлдыз дін-рухы жағдайымен байланысты болып: «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрынан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Енді біздің үкіметіміз бен муфтияттық «масһаб» дін ұстанмын қолдаушылары мен бүкіл қазақ «намазхан» қауымдары осы 11-Һұд елші арқылы Құдайға берген антымызды, сертімізді, құлшылығымыз, біртұтас ағайындығымызды қалыптастыратын аруақ заңдылығымызды, антымыз бен уәдемізді сатқан, опасыздар деп, қайтадан «аруақ» атап ант ішуге болады. Абай атамыз антпен уәде туралы: «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре-сарсаң күнімнен? Қайрылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнен. Қайғылы, қартаң біздей шал, Қарай берсең қайда жоқ? Есер есірік болмасаң, Тіршіліктен пайда жоқ,..Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жөргекте. Ішіңмен жау боп, сыртымен Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ туған жоқ Шықсын деген жел бетке... Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар,(біріне бірі асық, ғашық болу)! Тоқтатып болмас сырықтап Түзу бол деген кісіге(аруаққа, батаға) Түзу келмес ырықтап.. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз, Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз? Дәулеті жоқ бурыл шаш,(діл бақшасы, зейнеті) үйіңе кет, топтан қаш!... Партия жиып, мал сойса, Бата оқисың, жейсің бас. Басалқы сөз сенде жоқ, Айтқан сөзің «малың шаша» Итше індет тілемей, Жат үйіңде, өлсең аш! Ойлап-ойлап қарасам, Осындай шал қайда жоқ? Қозғау салып қоздырғыш Кезбе шалдан пайда жоқ.» деген өсиетпен 91-санымен белгілеп, қазақтың діл жағдайының кеселдері мен шал емшегімен, жер емшегін еме алмай, өзге елдің әдетімен, дін дәстүріне еліктегеннен, есірік есерге, мастарға айналған бүгінгі күндік бейнемізді де сол замандарда-ақ айқын болжап, ашық дәлелдермен осы аяттарды тәпсірлеп кетіпті. Ал, Шәкәрім атамыз бұл аяттың ішкі жан сырымен, рухани ахуалін ашып көрсеткен. Мемлекетіміз өздерінің жүргізіп жатқан, ел басқару саясатын, діннен бөлек деп түсіндіруден, заң қабылдауларынан; діни шежіремізді былай қойғанда Абай-Шәкәрім аталарымызды ашық мазақ қылған пәтуа, заңдарымен, болашақ жастарымыздың және әлем халқы алдында айқындалатын, жемісін көріп отырған діл бұтағын кескен, тұқымы азып, нәсілі өзгеріске ұшырайтын антұрғандар қатарын ғана толықтырады. Бұл жағдайға алдағы басылымдарда жаратушы үкімдерімен нақты дәлелдер келтіретініміз де сөзсіз. Негізінен құран да пайғамбарымыздың насихаттары да, қазақ қана емес, исламның бүкіл дін ғалымдарының; «құранды тек арапша оқу арқылы ғана сана ашылады» яғни діл білімі жетіледі деген надандық болып шығатынын былай қойғанда және ислам дінінің ондаған ғасырлар өткенен кейінгі пайда болған антын мүлде өтірікке шығарады да, Аллаға жала қойып, Құран аяттарына да ортақ қосады да, жан ғылымынан мүлде білімсіз екенін де әшкере қылады. Жалпы сана мен ұлттың саналығы да, тікелей әйелдер қанының «гендік» тазалығына тікелей тәуелді екенінен, біздің психология саласындағы ғалымдарымызда, хазірет, теиолог сияқты дін ғұламалары да сауатсыз екені да хақ. Сонымен мұндай жан біліміндегі надандықа, діндегі азғындыққа тап болатынымзды ескерген пайғамбарымыз да, мың жыл өткен тәпсірлердің және арап сөздерінің ұғымдарының мүлде күрделеніп, өзгеріп, дін ғылымының «масһабтың» заманың өзгерісіне қарай жарамсыз болып табылған сөз ұғымдарын жетілдіруді қатаң ескерткен: «Алла тағала үмметерім (ұлтық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады». (198-өсиет) (18) Бұл жағдайға аталарымыз: «Елу жылда ел (тіл, үн) жаңа, жүз жылда қазан» деп сөз ұғымының, ақыл-ойдың жемісін жинап, философиялық пайымдаудың, ата заңымызды құран ғылымы арқылы қайтадан жетілдіруді қажет болатынын ескерткен.

Ақыл зейнеті-білім кітаптарға иман келтіру.

Енді діншілер үгітіне еріп, қазақ тілін, аталар аманатын жетік білмей және философиялық сөзбен бейнелеу өнерін, сұхбатты меңгермей және 40-тан асып, ақылым толмай, дін насихатын тікелей арап тілін меңгеру арқылы, яғни солардан алған тұрмыстық тілдегі атауларының мағына түсініктерін қайталап, бар білім-ғылым өнер ізденетін жастық шағымды, бар уақытымды жұмсағанмен ештеме өзгермейді де, білім де қосылмайды. Керісінше бұрынғы өткен аталарымыздай жетік білмегендіктен, Құран сөзінің құнын әрі қарай төмендетуге үлес қосуым керек деген ұғымды білдіреді. Оған себеп, егер мен арап тілінде ойлана білу үшін, араптар арасында өмір сүріп, солай сөйлеп және әртүрлі астарлы сөз ұғымдарын меңгеру үшін де, сол елдің ақын, жазушыларын, шешендік сөздерін өз бетімше оқып меңгеруім қажет. Және арап елі орта үммет болып есептелетіндіктен, солай жаратқаннан үкім берілгеннен кейін, ол елдің сөздік қоры тұрақты және Құран атаулары да ұғымдық сипатта өзгеріссіз қалу шарт. Олай болса, олардың шариғи амалдары да заман біліміне, шаруашылық әдістерінің, тіршілік амалдарының түрленуіне қарай, өзгеріске түспейді де, кеңітіліп отырмайды да, тұрақты болу керек. Сондықтан арап елі үшін тек 60-бұтақты иманды меңгерсе болғаны шейх, әулие аталуы да қалыпты жағдай. Ал, қазақ салт-дәстүрінде өзге елдерден шаруашылық әдістерді жетілдіру, ғылым-білімді меңгеру үшін, сөздік байлығымыз, жаңадан пайда болған атаулар ұғымдарды үнемі тіл-ділімізге қосып алып, өз түсінігімізді кеңітіп, философиялық ой-танымызға, жаратылыстың сырын меңгеру түсініктерімізге сәйкестендіріп отыруымыз керек. Және мұндай жағдайда үндік өсуімен, харіптік таңбалардың да толықтырылып, жетілдіріп отыру арқылы 70-бұтақты иман қуатарын меңгеруіміз керек. Сондықтан, Құран атауларының әрбір сөзіне, көлемді түрде мағынасына жаңдан пайда болған атулар мен ұғымы кеңіген сөздерді қойып, түсінік аясын заман жаңалығына қарай кеңітіп отырған сайын, Құранның насихаты ғылымы да ашыла бермек. Және бұл жағдай, замандық өзгерістерге, адамзаттың білім аясының кеңу дәрежесіне тұрақты түрде тәуелді. Сонымен енді, менің заманға қарай алған білімім, енді өз туған тілімдегі бауырластарыма Құранды тікелей оқып түсіндіруге жеткілікті бола ма? Және Құран құдайдың сөзі болғандықтан өз бетімше қалай құдайдың ұлықсатынсыз, берген дарынынсыз, арап тілін білген екенмін деп, өз бетімше есепсіз сөздермен аудармалауым керек? Әрбір білімді аталған пенде, өз ойын, логикалық түсінігін тықпалап, Құранды жабылып жеке-жеке аударумен насихатын сан алуан бейнемен түрлендірсек, онда сөздің киесі мен қасиетінен не қалады? Бұндай амалмен, Аллаға серік қосып, және сол арқылы аяттарға ортақ қосып, өзіме зұлымдық жасап, Құранды керісінше зияныма алмаймын ба? Ал пайғамбарымыздың; Алла тағала үмметерім (ұлтық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады». (198-өсиет) ескертумен 100-жыл сайын дүние түсінігіміз, яғни бұрынғы құпия, ілім болған сырлар, енді ашық білімге айналады деп ескерткен. Олай болса, құран тәпсірі де, пайғамбарымыздың сүнетері де, әрбір ұлттың заманның сөз біліміне қарай қайтадан електен өтізіліп отыру керек. Осындай шаралармен, енді мен өзімді Құранды түсірген пайғамбарымызбен, онан кейінгі жаратқаннан арнаулы ұлықсатымен тура жолын тапқан және аяттардан түсінік кітап алған, әулие-әмбилермен, өзімді теңдес жасап, оқи сала аударып түсіндірсем, өз білімімнің өмірге деген көз қарасымның, шешендік сәуегейлік жетістігімнің шамасында ғана хабар беремін де, тек менің білгенімдей ғана біл, артық білме деген басқаның ойына қақпан құрған тәккапарлығым, адам аулаған хайуандығым, шайтани қылығым болып табылады. Себебі Құран, бүкіл әлемнің жаратылыс себебінің басы мен аяғын қамтитын ғылым болғанымен, онда менің екі тілдегі де білімдік дәрежем арқылы Құдайдың да білімі менікіндей ғана деген ұғымды білдіреді. Ал төтелей аударып, түсіндіріп жүргендердің жағдайына үңілсек, олар Құран ғылымын ашатын миллиондаған атаулар мен түсініктерді есінде сақтай алатындай миының ой-жетелік дәрежесі мен қан тазалығының есептеу қабілеті қандай да «компютер» құрылғысынан да жетілген болып шықпай ма? Ал енді арап тілін, сол елдің өз ғалымдарындай жетік білген жағдайдың өзінде және өз тілімді ғалымдық дәрежеде терең меңгерсем, онда құран аятының бір сөзін түрлі мағынасын зертеу арқылы, ол атауға лайықты өз тілімде ұғым, атауларын тауып, сандық мәніне қарай салыстыра отыра, есеппен орнына қойып, аудара білсем және ол ұзақ жылдар бойы, көптеген кітапханаларды ақтару арқылы атқарылса да, егер Раббымыз тарапынан қосымша түсініктермен, аят құпияларын көру дарындылығы, уахи берілмесе, бәрібір Құран ғылымын, ақиқатын ашып айқындап көрсете аламын ба? Егер де, арап тілінде, Құран оңай түсінікті болған жағдайда, онда арап елдері неге құран аяттарын дұрыс түсінбей, зиянына алып, бірін-бірі жарып, дінді қысқартып, бір тілді елдер, бір қаланың тұрғындары бөлек-бөлек топтарға бөлініп, ислам құндылықтарын әлем халқына жек көрсетумен надандықтың, шайтанның жетегінде жүр? Сол сияқты басқа ұлттың өкілінің аудармасын, қазақ тілінде пайдаланған, қазақ тілінің жанашыры, философ, психолог, тиелог сөз шешендері, ақынымыз да сөз астарын зертеген діншілер де, Абайдан артық қазақ тілін меңгеруі де мүмкін емес екенін білген болса, бұндай жалған ұғымның жетегінде кетпеген де болар еді. Және құдайдың бермеген дарындылығынан да артық аламын деп тыраштану, бәрібір ақымақтыққа, адасушылыққа соқтырады. Сондықтанда құдайдың көрсетуімен, арнаулы ұлықсатымен, елшілік қасиетімен атқарылып, кез келеген тілді білемін дегендердің өзіне, ойына салмақ түсіріп, тек толық құлшылық амалдарымен ғана, құпиялары, ғылымы ашылатын кітап болып жазылса және болашақта сөз қорының жетілуіне, замандар атауларының өзгеріс түрленуіне байланысты, кейінгі ұрпақтар, әрі қарай толықтырылып жетілдіріп, ұғымдар аясын заман біліміне қарай кеңітіп отыратын, халыққа ортақ бір-ақ кітап болса ғана, діннің де бірлену заңдылығына және тіл, сөз ғылымының заңдылығына, яғни кітаптарға иман келтіру дегеніміз осы емес пе? Ал әулие-әмбилеріміздің аманаттарымен, кітаптарына күмәнданған жағдайдың өзінде; біздің мешітімізде араптардан мадақ алып, марапатталған хазірет кісіміз бар, сол кісінің тәпсірлеген ойы дұрыстау болар деп жазған кітабын, аудармасын көрсетсе, немесе сондай жүздеген имамдардың қол жазбалары болса, онда менің табиғатыма, алған тәрбиеме, жинаған өмірлік тәжірибеме, үйренген сөз байлығыма байланысты, әулие болған аталарымыздың еңбектерімен салыстырып, оқып, шындығын таразылау үшін, құран аяттарымен салыстыра отыра, көңіліме нәр, яғни зейнетін алғаным ақылға қонымды, жүрекке сиымды болар еді. Керісінше, барды көрмей, көргендердің түсінуге шамасы келмей, сондықтан бірін-бірі астарлы да ашық түрде сауатсыз санап, өздеріндегі арап тілін меңгерген бауырына да сенбей, үнемі күдік, күмәнмен арттарын тексеріп, болмаса тек кім екені белгісіз бедеуилерге бар ынтасымен табыну, шала түсініксіз атаулармен, тәпсірлермен, Құранды бөлшектеп, арзан ақшаға, яғни мағынасын жоғалтқан түсініксіз ұғымдарға, аяттарды айырбастап алушы, өтірікші «тажалдар»; қазақ діншілеріне ғана емес, бүкіл ислам әлемі дін ғылымының көрнісі, ортақ кеселі. Жоғарыдағы Інжіл қағидасының, дарындылықты меңгерудің, 8-ші қағидасы, бөтен тілді меңгеру болса, 9-шы қағидасы, одан да жоғары сол тілді түсіндіре білуді, Алла сүйген құлына сыйлайды екен. Демек біздің діни сауаттыларымыздың бөтен тілді түсіну, сөйлесу дарыны қабілеті болғанымен, аударған еңбектерінің ғылымын түсіндіру қабілеттері жоқ, өз тілінде білімдері, сөз қорлары жетімсіз, сондықтан жоғарыдағыдай шалағай пікірлерімен ақталады. Ал жаратқанның киелі сөздерін аудару қабілетін, ұлықсатын ерекше аянмен, сол кітапты алған шапағат иесімен кездесіп, батасын алмай аудару, құдай сөзін адам баласының қолымен жазылғанына теңдес жасап, аз ақшаға-қуатсыз, дәмсіз сөздерге айырбастап алған жоқпыз ба? Бұдан қандай қортынды шығаруға болады? Адам баласының ойының бейнелеушісі ақыл болса, ақылдың көрнісі сөзбен көрініп, оны қалай жеткізуді тілге берілсе, ал тілімді кіндігіммен анама, жеріме еліме байлап қойса, онда менің ойдан бастау алып, тілден көрнісін беретін өмірлік серігім, мәңгілік жолдасым иманым неге басқалардың еркінде болу керек? Менің ойымды қақпанға түсіріп, түрмеге қамап, менің ақыл-ойымды, иманымды да шектеп отыру, дінімді жаулап, өздерінің мақсатында тәрбиелеушілер, адам аулаған аюлар кімдердің қызметшісі, құлы?
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет