5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет3/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,68 Mb.
#5917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Мұғалім бақылауда оқушыларға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сипатындағы ойлау процестерін қолдануға басшылық жасауы тиіс.

3. Мұғалім бақылауды ұйымдастыру үшін алдымен бақылау мақсатын, бақылау затының көлемін немесе мөлшерін анықтап, жоспарын жасап беруі тиіс.

Бақылау әдісі оқушының байқағыштығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Оқудың практикалық әдістері - оқушының іс-әрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік әдістері бірігеді.

Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу әрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мәрте қайталаумен орындау.

Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыралады.



Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.

Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту және олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.

Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше әдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нәтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек  іс-әрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.

Оқушылардың өзіндік әрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.

Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мәні – оқушы орындап жатқан әрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.

Лабораториялық жұмыстар әдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тәжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік және дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады. Лабаратоиялық әдістің тәсілдері:

- лабараториялық сабақтың тақырыбы мен міндеттерін анықтау;

- сабақты өткізу тәртібін түсіндіру;

- сабақ нәтижесін жинақтап өорыту; сабақ нәтижесін талдау.

Лабараториялық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірибе, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б.

Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың түрлі сі- әрекеттерінде қолданылады. Ол мектептің шеберханасында, оқу – тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу- өндірістік комбтнаттарда өткізіледі.  Практикалық сабақтарда ЭЕМ, компьютер арқылы түрлі тапсырмаларды орындайды.

Графикалық жұмыстар - оқушылардың графикалық бейнелеу техникасымен сызу, сурет сабақтарында танысады. Оған кесте құру, диаграмма құру, сызбалар, сурет, графикалық карталар жасау т.б. жатады.

 Оқыту әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыруда төмендегідей әдістер көрсетіледі:түсіндірме көрнекілік, репродуктивті, проблемді оқыту әдісі, эвристикалық зерттеу әдісі.  Төменде олардың сипаттамасы берілген:



Түсіндірме – көрнекілік әдістің мәні – оқытушы әрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді және есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда әсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну әдісі әрдайым тиімді бола бермейді.

Репродуктивті әдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.

Қайта жасау әдісінің, ақпараттық іштей түйсіну әдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл әдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл әдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.



Проблемді оқу әдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-әрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұләдістің мәні – оқытушы мәселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дәлелдер қисынына, ой пайымдау тәсіліне бақылау қояды. Мұндай әдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.

Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны – бұл эвристикалық әдісі. Бұл әдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.

Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс әрекетіндегі әр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.

Оқытудың зерттеу әдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл әдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мән-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік және дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.

Бұл әдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.

Жоғарыда аталған дәстүрлі әдістерінің бәрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау әрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мәніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді және жедел әдістермен толықтыруға болады. Оқытудың белсенді әдістері – оқушы іс-әрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық және ізденісті - зерттеу сипатын беретін әдістер тобы. Оқу танымдық процесте шәкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мәселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.

Жедел әдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-әрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру әдісі). Бұл әдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.

Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тәрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімегенәдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия - иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия – дәрі-дәрмек қолданып оқыту. Бұл әдістердің бәрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.

Сонымен, әдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, әрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.

 

Оқыту әдістерін таңдап алу шарттары



 

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдістерін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмүны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісІн ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

 Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі процеске айналады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа оқушылардың ерекшелігін, ашық шығармашылығын дамытатын потенцальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке-дара психологиялык даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесімен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерешелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.



Мұғалімнің таңдап алған әдістері жұмысындағы дидкатикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес жағдайларда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық - шығармашылық танымдыллығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік жэне демократиялық көз-қарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларды оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тематикасының көлемінің күрделілігіне, техникалык оқу құралдары  мен  жабдықталуы,  психикалық және интелектуалды  денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі мұғалімнің әлеуметтік кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқа да өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптар мен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуынабайланысты болып келеді.

Олай болса, оқыту әдістерін мұғалімнің таңдап алуы белгілІ шарттарға байланысты болады:



1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

2. Қолда   бар   нақтылы   көрнекі   жэне   техникалық   қүралдарын,   кабинет жабдықтарын ескеру.

3. Мектептің   географиялық   орналасуын   ескеру. Мысалы, оқытуды   қала мектептерінде       оқушылардың       өндірІс       орындарына       экскурсия       жасау мүмкіндіктерімен,    ал    ауыл мектептерінде    мектеп    жанындағы    участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

4. Мұғалімнің    іс-тәжірибесінің    шығармашылық    сипатына,    мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Педагогикалық қызмет әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объективті және субъективті себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар:

- оқу заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;

- адамның оқу, тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;

- нақты білімдену –тәрбие міндеттері;

- оқуға болған ынта деңгейі;

- нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;

- материал мазмұны;

- материал игеруге бөлінген уақыт;

- оқу материалының саны мен күрделілігі;

- оқушылардың дайындық деңгейі;

- шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;

- дәріс түрі мен құрылымы;

- оқушылар саны;

- балалар қызығулары мен ықыласы;

- оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не әміршіл - әкімшіл);

- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;

- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дәрежесі.

Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.
Негізгі тапсырмалар:


  1. Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік

  2. Оқыту әдістерін таңдап алу шарттары

  3. Оқыту әдістеріне сипаттама

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. оқыту әдістерін жіктеу

2. практикалық әдіс түрлерін атаңыз

Әдебиеттер:

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
4 Дәріс. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ тілі сабақтары, Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ тілі оқулығы. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы

Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, қазақ тілі сабақтары сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар,сабақты ұйымдастыру жолдары туралы мәлімет беру. Қазақ тілі оқулықтарына талдау жүргізу. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымын анықтау .

Жоспар:



  1. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері.

  2. Қазақ тілі сабақтары

  3. Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары.

  4. Қазақ тілі оқулығы.

  5. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы

Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар.

 

Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           


 


Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:

-   үздіксіз білім беру;

-   барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;

-   жалпы орта білімнің тегіндігі;

-   орта білім нің міндеттілігі.

Standart (ағылшын)– норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:

-   азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;

-   республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне қарамастан барлық оқушылардың ортақ негізгі білім көлемін меңгеруін қамтамасыз ету.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет