5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,68 Mb.
#5917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Оқу жоспары бірнеше түрлерге бөлінеді:


 
              

Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

Оқу жоспарының құрылымы:



 
 


Мемлекеттік компонент – еліміздегі орта білім берудің тұтастығын қамтамасыз етеді, яғни мемлекеттік нормалар деп танылған пәндер жүйесін белгілейді.

Ұлттық-аймақтық компонент – елдегі ұлттар мен халықтардың, аймақтардың ерекшелігіне сай, олардың қажеттілігіне сай пәндерді белгілейді.

Мектептік компонент – ол білім беру мекемесінің типіне байланысты пәндерді белгілейді.

 
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке



пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділікжәне жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне,  санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады.жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы болып бөлінеді.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды:

-   белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын  түсінік хат;

-   пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

-   негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

-   әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

-   пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

-   әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

-   ұсынылған әдебиет.

Ол пән мазмұнын ашатын тараулар, тақырыптар мен оларды меңгеруге бөлінген сағат саны, осы пән туралы және оны меңгеру туралы түсінік хат пен оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларына қойылатын талаптардан тұрады.

Оқу бағдарламасының құрылымытүсінік хат, негізгі және әдістемелік аппарат.



Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен джаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.

Оқулық  оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

 

Оқулық оқушылар  оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда.  Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық  оқулықтар пайдаланып жүр.

 Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту



 

Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. Дидактика - педагогиканың маңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика («didaktikas» - оқытушы, «didasko» -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді.



Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Кейінірек бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде оның неігіздерін анықтайды. Я.А.Коменскийдің ойынша, дидактика «Нені оқыту?» және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі ғылым бойыеша дидактика - Кімді? Қашан? Қайда? Неге оқыту?- деген сұрақтарды қарастырады.

Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ, беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс - әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканыңзерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйрену, оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттары және нәтижелері.Жекеленген  дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әр түрлі оқу пәндерінің оқытылуын, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады.

Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселесі – оқыту.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барсы (Ж. А. Әбиев).

Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесі- бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуі барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі (М.Р. Қоянбаев).

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1)    оқыту – мақсатты процесс;

2)    оқыту – таным процесі;

3)    оқыту -  даму негізі

4)    оқыту – екі жақты процесс;

5)    оқыту -  жоспарлы процесс;

6)    оқыту – бұл күрделі процесс.

Оқыту – мақсатты процесс, оның басты мақсаты, әдіс – тәсілдері, мазмұны, міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту – таным процесі. В.А. Сластенин оқыту – педагогпен басқарылатын танымның ерекше процесі деп анықтады. Тапнымдық іс -әрекет – бұл сезімдік қабылдау, теоретикалық ойлау, практикалық іс - әрекеттің бір бөлігі. Оқытудың міндеті – оқушыны айналадағы ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

Оқыту -  даму негізі. Оқыту процесі ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек жасап, жеке бастың жан – жақты дамуын жетілдіреді. Оқывтуда бала логикалық ойлау болмасының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес іс - әрекет жасауға дағдыланады. Оқыту баланың рухани жетілуін қамтамасыз етеді. Ол бала дамуының алғышарты.

Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс - әрекеттердің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарлы, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.

Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл – ой мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асады.

Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалык дайындылығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл - ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Төменеде оқыту процесінің құрылымы  көрсетілген:

1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны)



2.    Мұғалім,  оның  өмірге,  ғылымға  көзқарасы  және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).

3.       Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті)

4.       Оқыту әдістері.

5.       Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық қүралдары.


6.       Оқыту нәтижесі.

Оқытудың құрамас бөліктері: білім, іскерлік, дағды.

Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.нде қалыптасады.

Сонымен, оқыту процесінде іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.

Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі жэне ақыл-ой дамуытның арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт - ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

 

Оқыту процесінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметінің бірлігі



 

Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

 Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Олар:

• Білімнің   толықтығы   -   негізгі   идеяларды   түсіну   үшін   оқыту процесінің негізгі кезеңдерін, яғни танымдық іс - әрекетінің кезеңдерінің іске асыруды қамтамасыз ету;

•     Білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;

•     Білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді


меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

•     Білімнің  әрекеттілігі - жаңа білім  алу үшін бұрынғы білімді


шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауға әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.

Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту.   Оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттьщ, Ф.А.Дистервергтің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдайды. Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті кұралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.

Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде  даму іске асады.



Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Дамытып оқыту - бүл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең жақын даму зонасын» жасау.

Педагогика ғылымында «Дамыта оқыту» мәселесі 1960 жылдан басталды. Л.В.Занков оқыту процесіндегі ойды дамыту принциптерінің жиынтығын негідеді: теориялық материал көлемін ұлғайту, қиын деңгейде, жылдам темппен оқыту; оқу процесін оқушыылардың терең, саналы меңгеріуін қамтамасыз ету. И.Л.Лернер, М.И.Скаткин оқытудың дамытушылық әдістерінің жүйесін ұсынды. В.В.Давыдов пен Д.Б.Эльконин оқытудығы мазмұндық жалпылау тұжырымдамасын құрды. И.П. Гальрерин, Н.Ф.Талызина т.б. ақыл – ой әрекетініңкезеңдік қалыптасу теориясын негіздеді. Осы сипаттағы ғылыми ізденістер мен педагогикалық тәжірибелердегі  жалпы идея оқытудың дамытушылық ықпалын мәнді кеңейту болды.

Даму өз алдына жеке болып бөлінбейді, ол оқытудың білім беру, тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Жеке тұлғаның толық интелектуалды, әлеуметтік және адамгершілік дамуы – бұл білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметтерін бірлікте жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.
 Оқушылардың танымдық қызметінің кезеңдері

 

Оқыту, білімдер жүйесін меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындар және кезеңдер арқылы іске асады:



1) оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді тудыру;

2) жаңа оқу материалын қабылдау;

3) ұғыну;

4) білімді бекіту;

5) білім мен дағдыны практикада қолдану;

6) оқушылардың білім мендағдысын тексеру, бағалау.

1- кезеңде мақсаты мен мотивін анықтау - белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Ол түрткіден (мотив) тұрады. Мотив - әрекеттің себебін, оны неге жасау керегін анықтаса, мақсат –нәтиженің қандай болу керектігін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотиві – қызығу. Оқу жұмысының қызықты болуы – қызығуға байланысты.

2-кезең қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Түйсік – ол сырқы әлеммен байланыстырушы, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, миымызда бейнеленуі.

3 – кезең – ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғым қарапайым және ғылыми болып екіге бөлінеді. Ұғымның қалыптасуы өте күрделі пароцесс, ол оқушыларды белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау- талдау (анализ), синтез (жүйелеу), абстракция (дерексіздендіру), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

4 – кезең – бекіту – бұл оқушылардың берік ұғынуының тиімді әдіс – тәсілдері. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін бекіту әр түрлі практикалық, лабараториялық  жұмыстар негізінде жүзеге асады.

5 - кезең – білі мен дағдыны практикада қолдану - білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші – практика екені белгілі. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, оның білімі үстірт болады. Білімді практикада қолданудың екі тәсілі бар: жаңа білімді ұғыну үстінде және жаңа оқу міндеттерін шешу үшін қолданылады.

6- кезең – бағалау, тексеру. Бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс құралы. Мұғалім оны жаңа сабақты меңгеру, ұғыну, бекіту, практикада қолдану кезеңінде іске асырылады.

Бұл аталған кезеңдер өзара байланыста, біртұтастықта жүзеге асады
 Оқытудың түрлері

 

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-илюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, багдарламалы (компютерлік).



1. Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталуы тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты.Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бүл жүйедегі негізгі оқыту әдісі – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы пайдалы жақтары:

• Уақытты үнемдейді;

• Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

• Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

• Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
         Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

• Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы

• Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі

• Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.



2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады. Оқытудың бұл турі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып падаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сүрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп; сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызықка қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарғабөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

• Оқу материалының бөлшектенілуі;

• Оқушының белсенді өзіндік жүмысы;

• Тұрақты тексеру;

• Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы;

• Техникалық оқыту қүралдарын пайдалану;


        Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

• Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімсіз

• Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

3. Проблемалық оқыту. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығару қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді: проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындык тұғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою -проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дүрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрьіс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен біліктілікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. эдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

• Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады.

• Оку еңбегіне қызығушылығын арттырады.

• Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету

• Берік білімге, оқытудың жоғары нэтижесіне жеткізеді
        
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

• Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау

• Оқушылардың танымдық іс - әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.      

Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік, олардың даму тарихы

 

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытуды ұйымдастыру формалары қоғамдық талаптар мен қажеттіліктерге сәйкес өзгеріп, дамып отырды. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында оның үш түрі қалыптасқан: жеке - дара, топтық, сынып сабақтық жүйе.



Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихында төмендегідей формалар болды:

• Жекелей оқыту -  ежелгі және орта ғасырларда тараған оқыту формасы.

• Топтық оқыту -  бірнеше оқушыларды  топтастырып оқыту формасы.

• Белл-Ланкастер жүйесі -   Англияда жаңа дәуірде пайда болған “сатылы” немесе өзара оқыту формасы.

• Дальтон-жоспар - ХХ ғ.басында АҚШ- та таралған. Әрбір оқушы өз күшімен бағдарламаны бөлшекетеп жеке дара оқытылды.

• Бригадалық-зертханалық -   Кеңес одағында ХХғ. басында тарған. Оқыту топтарға бөліну арқылы жүргізілді.  Оны бригадир басқарды, топ тапсырмаларды орындап,  оны бригадирлері мұғалімге тапсырған.

• Сынып- сабақтық -   ХVІІ ғ. Я.А.Коменский енгізген оқытуды ұйымдастыру формасы.

• Таңдамалы оқыту формасы:

 - Батовтік жүйе – мұғалімнің уақыты екіге бөлініп, жеке және ұжымдық жұмыстар жүргізілді.

Маннгеймдік жүйе – оқушылар қабілеттіліктері мен үлгерімі бойынша күшті, орта, әлсіз болып бөлінуі ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Жекелей оқыту жүйесі ежелгі  және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім оқушының жеке орындаған тапсырмаларын тексеріп, мәтінді оқытып, тыңдады, үй жұмысын орындау амалын көрсетіп, музыкалық құралдарда орындауды үйретті. Бұл оқу жүйесінде әр түрлі жастағы және түрлі дайындықтағы оқушылар болғандықтан, оқу жұмысы жеке жүргізілді. Мұндай оқыту ұйымдастыруды оқытудың жаппай сипаты пайда болғанға дейін ғана өмір сүрді.

Өндірістің дамуы және қоғамдағы рухани өмір мәнінің жоғарлауы балаларды жаппай оқыту формаларының пайда болуына әкелді. Ондай формалардың бірі, Белорусия мен Украинадағы ағайындық мектептерде ғасырда қолданылған топтық оқыту болды. Бұл оқыту формаларның ерекшеліктері: оқушылар жас ерекшеліктеріне дайындықтарына сәйкес топтарға бөлінді, ол бүкіл топпен бірге, бір оқу материалы бойынша жүргізілді, оқу жылдың белгілі бір мерзімінде, белгілі бір уақытта басталды. Бұл сынып сабақ жүйесінің қалыптасуының алғышарттары еді.

ХVІІ ғасырда Я.А.Коменский сол мектептердің тәжірибесін жинақтап, өзінің «Ұлы Дидактика» кітабында сынып - сабақ жүйесініңтиімділігін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді. Сынып сабақ жүйесінің оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасы ретіндегі мәні, мұнда бір жастағы оқушылар жеке сыныптарға бөлінді, оқу алдын – ала құрылған кестеге сәйкес жеке пәндер бойынша жүргізілді, сыныптағы барлық оқушылар бірдей материалмен жұмыс істеді.

1878 жылы өзара оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе атауы оны бір уақытта Англия мен Үндістандағы қолданған ағылшын А.Белл мен Дж. Ланкастер есімдерімен байланысты. Бұл оқыту формасының мәні: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежесі әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200- 300 немес 600 – ден аса оқушыларды мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған. Түске дейцін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде  жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйреткен.  

ХІХ ғасырдың аяғында таңдамалы оқыту деген формалар пайда болды. Олар АҚШ- тағы Батовтіқ жүйе және ЕуропадағыМангеймдік жүйе. Батовтік жүйеде мұғалім уақыты екіге бөлінді: біріншісінде сыныппен ұжымдық жұмыс жүргізілсе, екіншісінде оқушыларға оқу материалын меңгеруде жеке көмек жасалды. Жоғары сыныптарда оқушылар мұғалімнің көмекшісі боды. Мангеймдік жүйеде оқушылар қабілеттері мен үлгерім бойныша күшті, орташа, әлсіз сыныптарға бөлініп оқытылды.

1905 жылы жекелеп оқыту жүйесін  амарикандық қала – Дальтонда Елена Паркхерст деген мұғалім қолданып, бұл жүйе«Дальтон – жоспар» деп аталды.  Бұл жүйенің ерекшелігі оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаны бөлшектеп оқыту арқылы жүргізілді.

Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде баларадың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық жүйесі ұсынылды. Бұл жүйе бойынша оқу сыныптары 3 – 4 тпқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитын оқушылар мен ұйымдасытрушылық қабілеті жоғары оқушылар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадир жауабына қарай бригада оқушыларына баға қойылды. Мұғалім тек консультант есебінде жұмыс істейді.

Сонымен, ең тұрақты және мектеп тәжірибесінде кең тараған оқытуды ұйымдастырудың сынып сабақ жүйесі болды. Ол оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімінің оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді.



Сынып- сабақ жүйесінің ерекшеліктері:

• Оқушылар құрамы әркез тұрақты;

• Жас шамалары мен таным қабілеттері бірдей оқушылар топтасырылады;

• Жеке пәндерді тұрақты кесте бойынша оқытылады;

• Оқыту оқу жоспары, бағдарламысы және оқулықтарға негізделеді;

• Оқыту белгілі бір тұрақты мерзімде мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылады.

Сынып –сабақ жүйесі оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершіоік қасиеттерін, ақыл – ой қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Сондай- ақ, сабақ балалардың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт – бағдар беріп, жетекшлік атқарады.

Жоғарыда оқытуды ұйымдастыру формаларының даму таризын талдай келе, біз оқытуды ұйымдастырудың анықтамасын береміз.



Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сонымен, оқытуды ұйымдастыру формасы оқытудың  мақсаты, міндеттері, мазмұны,   әдістерінің  біріңғай жүйесі болып табылады.

 

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізігі формасы



 

Оқу жұмысын ұйымдастырудың сынып – сабақ жүйесінің ең негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) – сабақ болып табылады.

Белгілі педагог И.П.Подласыйдың анықтауынша, «Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі».

 Ал И.Ф.Харламов «Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән деп анықтайды.

Сабақ  бүгінгі күні ең негізгі оқытуды ұйымдасыру формасы болып табылады. Сабақ білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық функция атқарады. Бұл функциялар әрбір сабақты жүйелі түрде жүзеге асып отыру тиіс. Сабақты тиімді, мәнді өткізу үшін оған дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық талаптар қойылады.

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

- Мақсаты айқын, мазмұны, жоспары, құрылымы болуы тиіс;

- Оқыту принциптері мен талаптарына сәйкес болуы тиіс;

- Ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дербес ерекешеліктеріне сәйкес болуы тиіс;

- Оқу жоспары, бағдарламасына сәйкес болуы тиіс,

- Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін әр түрлі әдістерді қолдану тиіс;

- Оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру керек;

- Оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметі біртұтастықта іске асуы тиіс;

- Сабақ кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен байланыста болуы қажет;

- Ұжымдық іс-әрекет пен оқушылардың өздік жұмысын өзара байланыста, сәйкестікте жүргізу;

- Сабаққа дайындалу және оны өткізу мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеруі тиіс және т.б.

Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:

- Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндігін айқындау;

- Тек оқу жұмысының мазмұны мен мақсатынан шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

- Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу;

- Оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнату.

Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар:

- Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке деген жағымды мотивтерін қалыптастыру;

- Оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

- Интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуларындағы өзгерістерді болжап, соған сай әрекет ету.

Бүгінгі тәжірибеде сабақтың түрлері өте көп жинақталған Сондықтан оларды классификациялау, яғни жүйелеу қажет.

Сабақ классификациясы - сабақтарды құрлысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.

Сабақты жіктеу әрбір пәннің еркшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.

Бүгінгі педагогикалық зерттеулерде сабақты классификациялаудың ортақ пікірі әлі де толық қалыптаспаған.



Сабақтың жіктелуі зерттеушілердің пікірінше төмендегідей:

И.Н. Казанцев

С. В. Иванов

Б.П.Есипов,

Данилов

Оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсаттары, өткізу

әдістеріне байланысты бөлді.



Оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай бөлді

Негізгі

дидактикалық мақсаттарға

байланысты

бөлді


 

И.Н.Казанцев бойынша сабақтың жіктелуі:

1. Кіріспе сабақ

2. Жаңа білімді меңгеру сабағы

3. Пысықтау сабағы

4. Жаттығу сабағы

5. Тәжірибе сабағы

6. Алғашқы сабақ

7. Қайталау-қорыту сабағы

8. Текесру сабағы

9. Білім сапасын бағалау сабағы

10. Қорытынды сабақ

 С.В.Иванов бойынша сабақтың жіктелуі:

1. Оқу материалымен алғашқы танысу сабағы

2. Кіріспе сабақ

3. Жаңа білімді меңгеру сабағы

4. Меңгерілеген сабақты тәжірибеде қолдану сабағы

5. Дағдылану сабағы

6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабағы

7. Бақылау сабағы

Б.П.Есипов бойынша сабақтың жіктелуі:

1. Аралас сабақ

2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы

3. Пысықтау сабағы

4. Қайталау және қорыту сабағы

5. Оқушылардың білім, дағдысын жаттықтыру сабағы

6. Білімді сынау сабағы

Зерттеушілердің пікірлерін топтастыра келе, қазіргі мектеп тәжірибесінде сабақтың төмендегідей түрлеріне қарай жүйелеу жиі кезедеседі:

1. Кіріспе сабақ;

2. Жаңа білімді меңгеру сабағы

3. Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы;

4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары;

5. Зертханалық сабақтар;

6. Қайталау сабақтары;

7. Оқушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру сабақтары;

8. Аралас сабақ;

9. Өздігінен білім алу сабақтары.

Сабақтарды жүйелеуден көретініміз ол белгілі бір сабақтың мақсатына қарай іске асатынын байқатады. Сабақ күрделі құрылымы бар оқыт формасы. Сондықтан оның құрылымын анықтаған дұрыс.



Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Сабақ құрылымы төмендегідей бөліктерден тұрады:

Ø Сабақтың ұйымдастыру бөлімі

Ø Үй тапсырмасын сұрау

Ø Жаңа білімді меңгертуге дайындық

Ø Жаңа білімді меңгерту

Ø Жаңа білімді пысықтау, бекіту

Ø Қорытындылау

Ø Бағалау

Ø Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру

Бұл сабақ құрылымы сабақтың мақсатына қарай ауысып, кейбір бөліктері алынып тасалуы мүмкін. Барлық бөліктері толық ақамтылса, ол аралас сабақ дегенді білдіреді.



Аралас сабақ -  мұғалімнің оқушыларға жаңа білім беріп, оны практикада қолдануды үйретіп, сонымен бірге білім сапаларын тексеруді бірге атқаратын  сабақ түрі.

Аралас сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

4. Жаңа білімді меңгеру

5. Жаңа білімді бекіту

6. Қорытындылау

7. Бағалау

8. Үйге тапсырма беру

Қазіргі мектеп тәжірибесінде сабақтың екі түрі қалыптасқан.

 

                                         Сабақ түрлері

 

 



              Дәстүрлі сабақ                           Дәстүрлі емес сабақ

         

       Тұрақты құрамы бар,                    Тұрақты құрамы жоқ, мұғалім

       белгілі бір жүйемен                      шығармашылығына негізделген

       өткізілетін сабақ түрі                     сабақ түрі.

           (Мысалы: аралас сабақ).                   



Сабақтың дәстүрлі емес түрлері:

Ø Викторина-сабақ

Ø Ізденіс сабағы

Ø Экскурсия-сабақ

Ø  Пресс-конференция сабақ

Ø Іскерлік, ролдік ойындар

Ø Ертегі-сабақ

Ø Ойын-сабақ

Ø Конференция-сабақ

Ø Сот-сабақ

Ø Лекция-сабақ

Ø Білімді өздік іздену сабағы

Ø Шығармашылық сабағы

Ø Жарыс-сабақ

Ø Пікірталас-сабақ

Ø Спектакль-сабақ т.б

                                                                                       

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.  Оқытудың қандай түрлері бар? Оларға сиапттама беріп, салыстырыңыз.

2.  Оқыту процесінің түрлері неліктен дамып, өзгереді? Бұл өзгерістердің қандай алғышарттары бар?

3. Оқыту процесінде оқушы субъект және объект ролін атқарады дегенді қалай түсінесіз?

4.  Оқыту процесі тиімді жүзеге асуы үшін нені ескеру қажет?

5. Оқыту процесінің құрылымы қандай компоненттерден тұрады? Оларды сипаттаңыз

Әдебиеттер:

1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

2. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.

3. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А., 1998.

4. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

6. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

8. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

9. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

10. Көккөзова М., САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.

11. Исабаев Ә.Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.

12. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995.
5 Дәріс. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар туралы білім беру

Жоспар:



  1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.

  3. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

  4. Фонетикалық талдау.

  5. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.

Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды: а) физиологиялық (жасалу); ә) акустикалық (естілу); б) қызметі (сөз жасау). Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отыруғы тиіс. Мысалы, физиологиялық тұрғыда дыбыс сөйлеу мүщелері жұмысының жемісі, яғни дауыс шымылдығының қалпы, тілдің, еріннің қалпы, жақтың ашылу қалпы т.б. Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты, я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі. Бірақ дыбыстырдың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді.

Дауысты дыбыстарлан білім беру бастауыш сыныпта алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Ол үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырып, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі т.б.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет