«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет9/10
Дата27.12.2016
өлшемі1,94 Mb.
#5620
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №15.

Тақырыбы:Шығыс қазақстан аймағындағы кәсіпке қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

Дәріс жоспары:



  1. Кәсіпке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тiркестердiң ішкі мазмұнына үңілу

  2. Кәсіпке қатысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау

  3. Халық жанының көрінісі – ұлттық тілдік бірліктер (этнографизмдер)

&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1Кәсіпке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тiркестердiң ішкі мазмұнына үңілу

Ұлттық тіліміздің терең де сан қырлы қатпарларында мазмұны зерделенбеген мағыналық бірліктер аз емес. Небір тарихи дәуірлердің куәгері іспетті халықпен бірге жасап келе жатқан тұрақты тіркестердің бойында сол халықтың өмір кешулерінен ақтарар сыры аз емес. Жылдың төрт маусымын мал соңында өткізіп, көшіп-қонып жүрген, сауда мен қолөнер орталығы қалалардан қашық қазақ қауымы өз тұрмыстарына қажетті киім-кешек, ішіп-жеу, үй-жай, құрал-жабдық, қару-саймандардың барлығын өз қолдарымен жасап алуға ақыл-қайраттарын аямай жұмсады. Мұның негізгі шикізаты мал шаруашылық өнімдері және мекендеген жерлерінің табиғи байлықтары болды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері үй басына тиісті болды, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Қылшықты жүндерден бау, басқұр, қап тоқылды, қылдан арқан-жіп есілді. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілері иленіп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба, көнек істелді. Айыл-тұрман, қамшы өрілді, елтірілер мен аң терілерінен тымақ, ішік, тағы басқа киімдер тігілді. Малдың сүтінен түрлі тағамдар жасалды. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүні кәдеге жаратылды. Керек десе малдың сүйектері мен мүйіздерін және тарамыстарын да іске жаратты. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады, сүйектен төсек-аяқ, тағы басқа саймандарды оюлады, тарамыстан ширатып етік тікті [112, 325].Оның бәрінде ұлттық нәр, нақыш сақталып ол тұрмысқа қолайлы, сәнді, икемді, сыпайы, сүйкімді, берік болуы ескерілген», – деп өнердің әр саласының басын біріктіре отырып, оның бәрі тек байлық бәсекесі емес, елдің елдігін, ауыл әлеуеті, азаматты танытатын дәстүр саналған [91, 105].



Қарастырылып отырған тақырып аясында да шұғылданған кәсібін өнер туындысы дәрежесіне жеткізіп, ел ішінде кәсіби шеберлігінің арқасында танымал болған небір кәсіпқойлар бары сөзсіз. Сондықтан болар, Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің ішінде де өн бойын өнер нәрімен байытқаннан туындаған тұрақты тіркестер баршылық. Мысалы, балықшы түрікпен; уақтан ұл туса, ағашқа күн туады; ақымбеттен ұл туса, ағашқа күн туады; ағаштан түйін түйген ақымбет; байыс – тілгені қайыс, жүрген жері сайыс; бірәліден ұл туса, ағашқа күн туады; көн илеген көнші; тері жинаған көнші; жиреннен ұл туады дегенше, ағашқа күн туады де; Кешу аман болса, Өтеу өлмес т.б.

Тал бойына қолөнерiнiң ағаштан‚ қайыстан, бояудан жасалатын барша құдiрет-құпиясын тоғыстырған‚ киiз үйдiң ағаштан жасалатын шаңырақ‚ кереге‚ уық‚ есiк сияқты бөлiктерiн қазақ сүйегi не қаңқасы деп атайды. Киiз үйдiң сүйегiн үйшi тоз арқылы балқытып‚ морлап, асқан дәлдiкпен бiр-бiрiне келтiредi түбiмiз алаш‚ керегемiз ағаш тiркесi соның айғағындай. Қазақы дүниетанымды бойына сiңiрген бейнелi сөз өрнектерiнiң ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен‚ халықтық пайымдауымен астасып‚ үндесiп жатады. «Первое и главное их рукоделие есть построение своих кибиток, которые делают из тонкого талу. Очистя оной и выкрася в красную краску, связывают в решетку ремнями, которые складываются и на верху делается круг, и на токовых же поставляется изогнутых таловых прутьях» [147, 67], – деп Г.И. Андреев көрсеткеніндей, киіз үйдің жабдықтарын жасаудың шеберлері болғаны турасында тұрақты тіркестер мәлім етеді. Мысалы, Жиреннен ұл туады дегенше, ағашқа күн туады де (қыржының табы). Жиреннің балалары киіз үйдің ағашын (шаңырақ, кереге,уық, есік) жасаған. Олар ер қосқан, арба, шана жасауға шебер болған. Ағашты ию үшін мор пайдаланған. Жиреннің балалары ағаштан түйін түйген шеберлер болғандықтан, ел арасында қанатты сөзге айналған [150, 46]; Бес Байыс Бірәліден тарайтын үш ата Бәйтен, Байтоқ және Жақсылық деген бабалардың атамекені Ақшатау өңірі (Аягөз ауданы) қайың, терек, қарақат, ұшқат, мойыл, долана, шәңгіш т.б. сияқты ағаштарға бай өлке. Бірәлінің кез келген ұлы ұсталық шеберлікті жете меңгеріп, өздері жасаған бұйымдарын (сандық, киіз үй жабдықтары, шана т.б.) өздерінде жоқ заттарға айырбастап, күн көрістің көзіне айналдырған. Атақтары ауыл аралап, содан қолы шебер, ісмер адам нені болса да жайнатып жібереді дегенді білдіретін бірәліден ұл туса, ағашқа күн туады [151] және уақтан ұл туса, ағашқа күн туады, ақымбеттен ұл туса, ағашқа күн туады т.б.деген мағыналық бірліктер қалған. «Ел іші – өнер кеніші» дегендей, өз қажеттіліктерін өтеу үшін, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды, бұйымдарды әр елдің өз шеберлері белгілі бір шебер, яғни сол шебердің өзіне ғана тән ерекшелікпен, сол ортаға, сол жерге бейім өрнекпен жасай білуі – тұрмыс қажеттілігін өтеудің айнымас бірден-бір көзі де болды. Ыждағаттылық пен тиянақтылық, тағат тауысар ұқыптылық, өз ісіне деген асқан сүйіспеншілік «кен асылы – жерде, сөз асылы – елде» дегендей [152, 138],осындай кәсіпке қатысты тұрақты тіркестер қалыптастырғаны сөзсіз. В. Гумбольдт: «Язык есть не продукт деятельности, а деятельность. Его истинное определение поэтому может быть только генетическим. Каждое поколение получает от предыдущего язык в готовом виде, но в этих готовых формах содержится все для обновления языка и вечного движения его в результате человеческого творчества» [153, 50]. Ісмердің ісі іс барысында шыңдала түсіп, өрістей беретін болса, уақыт ауысқан сайын, заманына, тұсына лайық келер ұрпақ атадан қалған мұраны жетілдіре, әрлей, дамыта түсетіні сөзсіз. Ол жөнінде Гердер жақсы айтқан: «Мы являемся людьми еще до того, как становимся мудрецами, мы обладаем таким образом, языком и образом мышления прежде, чем приближаемся к философии, и оба они должны стать основой: язык рассудка – для разума, а образ мышления – для умозрения. Что же тем самым положено в основу? Родной язык, весь объем понятий, который мы усвоили с материнским молоком. Родной язык, целый мир знаний, не являющихся изученными. Родной язык, поле, на котором произрастали все письмена светлого разума, – что это за кладезь идей? Это гора, по сравнению с которой горстки философских абстракций – лишь жалкий искусственный холмик, как несколько капель извлеченного разума по сравнению с мировым океаном языка», – десе, М.М. Копыленко: «В связи с этим Гердер полагает, что национальное это часть общечеловеческого, что любая национальная культура это своеобразная форма проявления общечеловеческой культуры» [4, 6], – деп тілді этнолингвистикалық аспектіде қарастырудың бағдары ретінде көрсетеді.

&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2Кәсіпке қатысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау

&&&

$$$002-015-002$3.2.15.3Халық жанының көрінісі – ұлттық тілдік бірліктер (этнографизмдер)

Тақырыпқа сай материалдардың ішінде небір «жаны сірі» сөздер сол аяда шегенделіп қалған деуге болады. Ол жөнінде белгілі ғалым Н. Уәлиев былай деген: «Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады» [154, 115], – деуі тұрақты тіркес құрамында бүгінгі күнде тарих қойнауына озған сөздердің кездесуінен де көруге болады. Атап айтқанда, көн илеген көнші, көнші деген бір рулы ел, көн илеудің асқан шебері болғандықтан көн илеген көнші деп аталса, тері жинаған көнші – ат әбзелдеріне қолдану үшін мал терілерін жинап, оны илеп, шаруаға қажетті бұйым жасай білгендіктен, осы кәсібіне қатысты бір рулы ел «тері жинаған көнші» атанып кетсе керек. Байыстың Сармырза ұрпағының кіші бәйбішесі Жанығыз есімді әйелінен үш ұл туған. Аттары: Берді, Бегі, Өтей – «үш көнші» атанған. Бұлар Мұрын руларымен аталас. Берді, Бегі, Өтей үшеуі көршілес елдерден 40 жылқы ұрлап әкеледі. Ертеңінде ізін ала қуғыншылар да жетсе керек. Бірақ айғақ боларлық еш нәрсені ауылдан таба алмапты. Жанығыз шешейдің үш ұлы сол түннің ішінде 40 жылқыны сойып, еттерін боршалап, тоғай арасына тығып тастапты. Ал терілерін дәу кеспектегі малмаға салып, көн илеп, ақ қайыс қылып үлгірген көрінеді. Қуғыншылар малманы көрсе де бір түннің ішінде көн шығарады деп ойламаса керек. Осы оқиғаға байланысты жоғарыдағы Жанығыз шешейдің үш ұлының ұрпақтары «Көн илеген көнші» атаныпты.

Жанығыздан – Берді, Бегі, Өтей екен.

Бір даудың түйініне 40 жылқы алып,

Шілдеде, қайнап тұрған, етін жеген!

Қазақтың бір әдеті – барымтасы,

Құн дауы, жесір дауы – қарымтасы.

Қырық жылқы терісін ақ қайыс қып,

Бір түнде пайда бопты «Көнші» атасы!

Атамыз Көнші аталып, ел тамсантқан,

Найманға аты шыққан шебер екен! [100, 169],– дегендей көннен, теріден шаруаға қажетті бұйымдарды, заттарды ел ішіндегі шеберлер өздері-ақ жасап алған. Мысалы, теріден жасалатын ыдыстар:

Саба – сусын жасайтын ыдыстың ең үлкені. Ол қазақта молшылықтың, байлықтың белгісі саналған. Жылқылы байлар сабаның мөлшерін бәстесіп, бәсекелесіп жасатқан; сүйретпе – сабадан кейінгі үлкен ыдыс. Ол жұмырлау, тіктеу келеді; мес – ешкі терісін бітеу сойып, пұшпақтарын байлап жасайды; торсық – ыдыстың шағын түрі. Оның жолаушылағанда қанжығаға байланатын кішкентай түрін жанторсық деп атаған; көнек – бие сүтін сауатын ыдыс; қауға – құдықтан су тартатын көншелек. Қазақ төзімді болу үшін көн ыдысты көбіне жылқы терісінен жасатқан. Ол үшін терінің жүнін шикі күйінде қырғызады, оң жағын ішіне келтіре әр ыдыстың өзіне тән формасын сақтай отырып жіппен тігеді. Жіп түйенің шудасынан иіріледі. Ол шірімейді әрі төзімді. Тігілген ыдысты ішіне топырақ не құм толтырып, күн көзіне қояды. Содан соң ыстайды. Ысталған ыдыста ашытылған сусын өте дәмді келеді; Талыс – бұзау терісінен жасалынған ыдыс. Бұған балға, ыңғыру, таспа, шеттік, қанжыға, қайрақ сықылды күнделікті қажет нәрселер салынады. Терісі шүберектей ғып иленген бұл ыдысты қазақ көбінесе жүкаяқтың, астына белгілі жерге қояды; Шөншік – ешкі терісінен жасалынған кішкене ыдыс. Бұл, біз, тарамыс, тебен, егеу сықылды ұсақ - түйекті салуға керек. Бұның орны да жүкаяқтың асты [156, 109].Көн – иге салып, түгін түсірген ірі қара терісі. Одан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасалған. Көннен көн етік тігіп, көнек, көкжарғақ, торсық, саба жасайтын. Кейде көнді кереге көктеуге де пайдаланады [148, 31].

Белгілі бір кәсіпке қатысты қалыптасқан ру-тайпа, оның табы атауларына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестерден қолынан да, тілінен де келетін жан иесі дегенді білдіретін –Байыс – тілгені қайыс, жүрген жері сайыс – Байыстар мал терісін өңдеп, қайыс жасаудың шебері болса керек. Содан соң өңделген қайыстан әртүрлі заттар жарыса отырып жасайды; Болатшының аузынан, Байғананың ауы артық –Болатшы елі етікші болады. Етікші етіктің қайысын аузымен тарта, жібін тісімен қия отырғандықтан да аузы басы күл-қоқыс болады, ал Байғана балықшы екен. Балықшы күніге жартылай суда тұратын болғандықтан да, оның белден төменгі киімі таза болады. Бұл арада екі туыстас ел кәсіптеріне орай бірімен-бірі қалжыңдаса, бірін-бірі әжуаласа керек; найман біле ме, сайман біле ме?Керей руының адамдары келе жатып бір найман руының адамының жүкаяқ жасап отырғанын көреді де, «Апыр-ай, мынау не деген шебер жігіт. Қолынан келмейтіні жоқ қой тегі – дейді де, –наймансың ба, ей?» – деп айқайлайды. Сонда Найман жігіт: «Найманмын ғой, бірақ бұл істі Найман білмейді, сайман біледі ғой», – деп жауап қайтарыпты, яғни бір кәсіпті жете меңгерумен қатар, жұмыс барысында затты бабына келтірер құрал-жарағың да соған сай болуы қажет дегенді білдіреді [157]; найман болмай хайуан болмайды – ертеде жәрмеңкеге найман елі барғанша төрт түлік малдың таңдаулысы тапшылық болады екен. Жәрмеңкешілер «Ой, найман келмесе, базарда хайуан да болмайды» десетін көрінеді, яғни найман руы, біріншіден, сан жағынан көп болғандықтан, екіншіден, малсақ, мал басы көп өсіп-өнген ел болғандықтан жәрмеңкеге басқа руларға қарағанда найман руы малды өте көп әкелген. Сондықтан жәрмеңкеге наймандар келгенше татымды мал басы да болмаған[119, 146].

Қазақ халқының қолында бар тауары малы болса, сол малын базарға шығарып, саудалап, күнделікті тұрмыста қажетті заттарын мал басына шағып, саудаласып керегін алып, қажетін өтеп отырған. Ал найман көп пе, хайуан көп пе? тіркесі найман болмай, хайуан болмайды тіркесінің квантативті өзгеріске ұшырауынан жасалған, көп жағдайда, негізгі мәнісін түсінбегенде ру намысына тию үшін, сөзді әдейі сыңаржақ айтқан.

Қазақ баласы ана тілінде тек сөйлеп қана қоймаған: тілі арқылы дүниені көрген, естіп білген, бағалаған, өз орнын өлшеген, тапқан әлде таба алмаған. Тілі арқылы өлі дүниені жамыратқан, сөйлескен, қозғалысқа түсірген. Қазақ тілі – қазақтың өзі де, көзі де, жүрегі де, құлағы да [158, 73 б.].Ұлттың өмір сүруінің кепілі және өмірлік мұраты – ұлттық төлтумалықты сақтауға саяды. Төлтумалықтан өзге мұратты бірінші кезекке шығарған ұлт түптің түбінде рухани жадаулыққа ұрынады. Өзгеге еліктеп қана өмір сүреді. Ақыр аяғында басқа мәдениеттің аясына сіңіп жоғалады. Сайып келгенде, адамзат баласының ұзына тарихы осынау қарапайым ақиқаттан тұрады [159, 251 б.]. Қазақ тілінің сөздік қазынасының байлығын, әлеуеттілігін, икемділігін танытатын қазақы ұғымға сай келетін бір алуан тұрақты тіркестер, ол кәсіпке байланысты ру-тайпа атауларына қатысты жасалған мағыналық бірліктер.



&&&

$$$002-012-100$Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

    1. Көшпелі қазақ халқы қандай кәсіптермен айналысқан?

    2. Киіз үйге қатысты тұрақты тіркестерді келтіріңіз, олардығ этнолингвистикалық мәнін ашыңыз?

    3. Киізді қалай басатын болған?

&&&

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

&&&

$$$003-001-000$3.3.1Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасы

Сабақтың жоспары:

  1. «Этнолингвистика» термині жайлы қысқаша түсінік

  2. Этнолингвист ғалымдардың еңбегіне қысқаша шолу

3. «Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік

&&&

$$$003-001-001$3.3.1.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақтың мақсаты:Этнолингвистика ғылымының бастаулары, этнолингвист ғалымдар Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко еңбектеріне шолу жасау. Тіл халықты танудың ең күшті де сарқылмас қайнары екенін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау:Жұмысты орындау барысында тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді оқып қарулану керек.

&&&

$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Этнолингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы



2. «этнос» және «этнос болмысы» ұғымы

3. Б.A..Уорфтың идеясы



&&&

$$$003-002-000$3.3.2Практикалық сабақ №2

Тақырыбы:Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері

Сабақтың жоспары:

  1. Этнолингвистика тіл арқылы этностың болмысын тану

  2. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі

  3. Этнолингвистиканың мақсаты, міндеттері, оған жетудің ғылыми негіздері

&&&

$$$003-002-001$3.3.2.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақтың мақсаты:Этнолингвистиканың зерттеу нысаны болып табылатын Халық тілінің шексіздігі, тілді зерттейтін ғылым салаларының әрқайсысысының мақсат-мүдделеріне жекелей тоқталу.

Әдістемелік нұсқау: Этнолингвистиканың, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Конспект.Терминдерге түсініктеме беру.Этнолингвистиканың негізгі қарастыратын нысанын, лингвомәдениеттанудың тілдің салаларымен байланысын ажырату.

&&&


$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Этнолингвистиканың басқа пәндермен байланысы



2. Этнолингвистиканың әдіс тәсілдері қандай?

&&&

$$$003-003-000$3.3.3Практикалық сабақ №3

Тақырыбы:Қазақ этнолингвистикасының басқа пәндермен байланысы, өзіндік ерекшеліктері

Сабақтың жоспары:

  1. Этнолингвистика және мәдениеттану (культурология)

  2. Этнолингвистика және этнография.

  3. Этнолингвистика және этимология

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақтың мақсаты:Ә.Қайдар негізін салған қазақ этнолингвистикасының даралығына, өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның тіл білімінің басқа да салаларымен байланысын ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқау:Этнолингвистиканың диалектологиямен шендесуі. Қазақ этнолинтвистикасының басқа да лингвистикалық пән салаларымен (фразеология, паремиология, ономастика, терминология, социолингвистика т. б,)байланысы.

&&&

$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінің кейбір өзіндік ерекшеліктерін талқылау.

  2. Этнолингвистиканың этимология, этнографиямен байланысы. Конспект жасау.

  3. Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.

&&&

$$$003-004-000$3.3.4Практикалық сабақ №4

Тақырыбы:Қазақэтнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері, жүйелілік принципі

Сабақтың жоспары:

  1. Этнолингвистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері

  2. Этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі заманғы аспектілері

  3. «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясы

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтың мақсаты:

Этнолингвистика ғылымындағы зерттеу, жинау, жүйелеу процесінің маңыздылығын жете түсіндіру, осы процестерде қолданылатын зерттеу әдіс-тәсілдерінің практикалық орнын саралау.



Әдістемелік нұсқау:Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу тәсіл-әдістері. Қазақ этнолингвистерінің ұстанатын аса маңызды принциптері.

&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Қазіргі таңдағы этнолингвистикалық зерттеулердің әдістері тақырыбына конспект жасау



2.Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру.

&&&

$$$003-005-000$3.3.5Практикалық сабақ №5

Тақырыбы:Этнолингвистикалық арналар, этнолингвистикалық этюдтер

Сабақтың жоспары:

  1. Этнолингвистикалық баламалар. Этнолингвистикалық тұракты теңеулер

  2. Этнолингвистикалық фразеологизмдер.Этнолингвистикалық мақал-мәтелдер

  3. Этнолингвистикалық ауыз әдебиеті үлгілері. Этнолингвистикалық жұмбақтар

  4. Этнолингвистикалық этюдтер

&&&

$$$003-006-001$3.3.5.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Сабақтың мақсаты:Тілдің лексика-семантикалық қорын сан жағынана, сапа жағынан байытып отыратын этнолингвистикалық арналардың танымдық сипатына тоқталу.

Әдістемелік нұсқау:Этнолингвистика мәселелерімен айналысушы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу.

&&&

$$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Этнолингвистикалық арналар, этюдтер туралы конспект жасау.

  2. этнолингвистикалық этюдтердің ерекшеліктері туралы ізденіс жұмыстарын жүргізіңдер.

  3. Этнолингвистикалық араналар туралы мағлұматтарды толық қараңыздар

&&&

$$$003-006-000$3.3.6Практикалық сабақ №6

Тақырыбы:Өсiмдiк атауларынан салт-дәстүрге байланысты жасалған кейбiр тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы

Сабақтың жоспары:

    1. Қазақы таным негізіндегі өсімдіктің рөлі

    2. Салт-дәстүрге, ырым-тыйымға қатысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы

&&&

$$$003-006-001$3.3.6.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Сабақтың мақсаты:Этнолингвистиканың нысаны болып табылатын халық болмысы, халық мінезі, халық танымы тұрғысынан өсімдіктердің рөлі, өмірлік маңызы көрінетін тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық талдау жасау

Әдістемелік нұсқау:Халықтың әр қилы табиғат құбылыстарын, оның даму заңдылықтарын әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты тап басып байқауы, осы байқампаздығының тiлдегі көрiнiсінқарастыру.

&&&

$$$003-006-002$3.3.6.2 №6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Өз бетіншеөсiмдiк атауларына байланысты тұрақты тiркестертуралы ізденістер жүргізу.

  2. Қазақы таным негізіндегі өсімдіктің алатын орнына қатысты материалдарды жинақтап, ғалымдардың еңбектерін оқу

&&&

$$$003-007-000$3.3.7Практикалық сабақ №7

Тақырыбы:Дәрiлiк өсiмдiк атауларынан қалыптасқан тт-дiң этнолингвистикалық сипаттамасы

Сабақтың жоспары:

  1. Өсiмдiк дүниесiнiң адамзат баласына тигiзiп отырған әсерiн тұрақты тркестер арқылы жеткізу

  2. «Күшала» өсімдігіне қатысты халықтық таным, тұрақты тіркестер

  3. Табиғатты аялауға байланысты этнографизмдер: тт, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздерге этнолингвистикалық талдау жасау

&&&

$$$003-007-001$3.3.7.1Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Сабақтың мақсаты:Этнографиялық мағынаға ие өсімдік атауларынан жасалған тұрақты тіркестердің халықтық бастауларын анықтау, талдау жасау
Әдістемелік нұсқау:Қазақ тiлiнде жазылған ғылымнамалық мәнге ие, толыққанды медициналық еңбек Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының "Шипагерлiк баян" еңбегiн қарастыру.

&&&

$$$003-007-002$3.3.7.2 №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Қазақ емшiлерiнiң, балгерлерінің дәріханасы

  2. Өсiмдiк дүниесiнiң адамзат баласына тигiзiп отырған әсерiн тұрақты тіркестер арқылы жеткізу

  3. Улы өсімдіктерге қатысты ТТ-дегі халық даналығы, танымы мен болмысының көрінісі

&&&

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет