6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе


Асқазан рагының эпидемиологиясы



бет4/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
askazan
Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г., Психиатрия, Жүрекшелер тыпыры, Невро тесттер, f60503cc98b5800
Асқазан рагының эпидемиологиясы
Жер шары бойынша 2000 жылы 870 000 адам асқазан рагымен ауырған, ал оның барлық қатерлі ісіктердің ішіндегі меншікті үлесі 8,7% тең болған. Ресейде асқазан рагы барлық қатерлі ісіктердің 10,2 % құрап, ол өкпе, тері рагынан кейін үшінші орында түр.
Қазақстанда бұл көрсеткіш деңгейі 2006 ж. - 10,1% болса ол 2011 жылы 8,8% төмендеп, барлық қатерлі ісіктердің ішінде 4- орынды алған. Соңғы жылы еркектер арасында асқазан рагы өкпеден кейін (20,4%) нақты екінші орында (12,0%), ал әйелдерде - сүт безі (21,4%), тері (11,6%), жатыр мойыны (8,8%) қатерлі ісіктерінен кейін 4- орында (6,2%) тұр. Асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші әр жерде әртүрлі деңгейде тіркелінген, дегенмен жер шары бойынша ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Жапонияда анықталған, ал еркектер арасында бұл көрсеткіш 69,2%ооо; әйелдерде - -28,6%ооо тең болған, ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Африкада қатталған.
Асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған (№4- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (22,2%ооо), Қарағанды (21,5%ооо), Павлодар (27,0%ооо) және Ақмола (22,0%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (13,4%ооо), Оңтүстік Қазақстанда (12,1%ооо), Атырау (13,4%ооо), Маңғыстау (12,4%ооо) облыстарында және Астана қаласында (12,9%ооо) анықталған.


№4- сурет. Асқазан рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.).

Асқазан рагының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№5- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) және Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде және Алматы(19,2%ооо) мен Астана(19,0%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо .


Асқазан рагынан өлім-жітім көрсеткіші Республика бойынша - 15,0%ooo тең болса, бұл көрсеткіштен жоғары болғаны - Қарағанды (24,1%ooo), Павлодар (21,9%ooo) және Шығыс Қазақстан (19,0%ooo) облыстарында тіркелген. Аурушаңдық және одан өлім-жітім бойынша динамикалық көрсеткіші Қазақстанда кейінгі 5-6 жылда төмендеуде, сонымен, 2000 жылы аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіштері осыларға сәйкес 20,9%ooo және 17,6%ooo болса, енді 2008 жылы бұл көрсеткіштер осыларға сәйкес 17,3%ooo және 14,8%ooo-ғе төмендеген.



№5- сурет. Асқазан рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет