6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе


Жас пен жыныс аралық аурушаңдық ерекшеліктерінде, е



бет5/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
askazan
Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г., Психиатрия, Жүрекшелер тыпыры, Невро тесттер, f60503cc98b5800
Жас пен жыныс аралық аурушаңдық ерекшеліктерінде, еркектер (13,2%ooo) әйелдерге қарағанды (7,4%ooo) екі есе жиі ауырады. Жас адамдарда асқазан рагы сирек кездеседі де, жас өскен сайын аурушаңдық көрсеткіші едәуір өсе түседі, әсіресе 60 пен 65 жас аралығындағы адамдарда.
Асқазан рагын қоздырушы себептер
Қазіргі таңда асқазан рагымен және созылмалы ойық жара ауруы бар адамдарда жұқпаның рөлі күшейді, соның ішінде, атап айтқанда Helicobacter pylori (Hp) бактериясы негізгі себебі болып табылуда, себебі ол науқастардың көбісінен табылуда. Бұл феномен ісіктің морфологиялық құрылысына байланыссыз келеді. Әрине, бұдан да басқа себептердің де маңызы анықталды, әрине олар аурудың клиникалық, патогенетикалық түрлеріне сәйкес әртүрлі жиілікте кездеседі.
Ең негізгі себептердің ерекшеліктері:

  1. Жайылмалы клеткалы ракта тұқым қуалаушылықтың және тағамның рөлі анағұрлым басымырақ,

  2. Түйінді (интестинальды) ракта тағаммен бірге түсетін, немесе асқазанда пайда болатын канцерогендік заттардың рөлі, әсіресе, ұлтабардан түсетін өт қышқылы басым болуда.

Жайылмалы рак (интестинальды), оның осы күнге дейін нақты неден пайда болатыны толық белгісіз, алайда көпшілік зерттеушілер оны Helicobacter pylori бактериямен (Hp) байланыстырады. Тағамның әсері осы рак түрінде айқын сезілмейді, сондықтан да аурудың көрсеткіші біркелкі емес. Интестинальды рактың пайда болуында мыналардың әсері басымырақ:

  1. Көп жылға созылған бактерия Helicobacter pylori- дің,

  2. Канцерогендік заттардың тағаммен, сумен, темекімен, немесе дәрілермен бірге түсуі және олардың зиянды әрекеттері бактериямен қабаттасып, күшейуінен,

  3. Өт қышқылдарының асқазанға кері келуінен (рефлюкс),

  4. Маскүнемдіктен,

  5. Артық ас тұзын қолданудан.

Helicobacter pylori (Hp) - бұл бактерия жіп сияқты келеді, ол шырышты қабатта жабысып, фермент пен уытты заттарды өндіріп, асқазанның шырышты қабатының қабыршығын өзгертеді, клеткалардың өніп-өсу үрдісін жылдамдатып, өзгерген ДНК-ы қайтадан қалпына келтірмейді, сөйтіп шырышты қабатты жұқартып, асқазан сөліндегі тұз қышқылын кемітеді.
Ауру бактериялық жұқпасы бар тағаммен, немесе сырқаттанған адаммен кездесу кезде жұғады. Helicobacter pylori табиғатта өте көп тараған тірі жәндік. Қазір жер шарында миллиардқа жуық адам бұл бактериямен зақымданған. Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы бактериялы гастрит, асқазан мен ұлтабарда ойық жара ауруларын тудырады. Сонымен созылмалы жұқарып семіген гастритте осы бактерия 70-80,0% кездеседі, ал асқазанның ойық жарасында - 70-90,0%-ға жетеді. Осы аурулардың арасында, сау адамдармен салыстырғанда, рак 6-8 есе жиі байқалады. Бактерияның рак туғызғыш қасиеті жан-жақты тексерілмеген. Бірақта, жұқпаны жойған кезде, 30,0% жағдайда асқазан рагынан толық сақтануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет