6-сынып. Оқылым. (1 балл). Мәтінді оқыңыз


Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы



бет5/9
Дата26.04.2024
өлшемі40,27 Kb.
#201441
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
емтихан материалы 6-сынып
тест косымша, Tourism, 8 е ктп, 5-сабақ .Мейоз. Мейоз фазалары, ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ
Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6










5

30



6-сынып.

  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.
Қазақ халқы сәлемдесу мәдениетіне аса мән берген. "Сәлем – сөздің анасы", "Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше", "Сәлемге сөз таба білмеген халыққа жол таба білмейді" деген мақал-мәтелдер сөз басы сәлемдесу екенін ұқтырады.
Қазақ халқында, әдетте, сәлемдесу жоралғысы – кішіден үлкенге қарай, ал жауап сәлем үлкеннен кішіге қарай жүреді. Бетпе-бет келіп қалғанда бір-бірінің үлкен кішілігін ажырата алмаған кезде жолы кішісі жолы үлкенге алдымен сәлем береді. Үлкенге кіші, әйелге ер адам, аттыға жаяуы, отырғанға тұрғаны, алыстан келгенге ауыл адамы, жатқан адамға тұрған адам, ауру адамға сау адам, көп адамға аз адам бұрын амандық білдіреді. Егер сәлем бермей өтсе, "көргенсіз", "сәлем беруге жарамаған" деп сөгетін болған.
Сәлем бергенде сөзбен бірге қимыл қатар жүреді. Мәселен, қазақ дәстүрінде қолмен амандасу, қос қолдап амандасу, төсіне қолын қойып амандасу, тізесін бүгіп амандасу, иек қағып амандасу, төс қағыстырып амандасу, бас изеп амандасу, маңдайдан, қолдан, беттен сүйіп амандасу, қол көтеріп амандасу тәрізді амалдары бар.
Халқымыздың амандасу барысында саулық есендік сұрау барысында ауыл-аймақтың, туыс-туғандардың, ру-елдің амандығын сұрай отырып, ел-мекеннің табиғаты мен мал-жанының әл-ауқатын, жөн-жағдайын, қалың елдің қал-тұрмысын сұрайды. Ол жайында жазушы Ғабит Мүсірепов былай дейді: «Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем болар... Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады. Келген жерінің қандай қабақпен отырғанын да осы амандасу үстінде болжасып алады. Келген жұмысының жайын аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек...»


1-тапсырма. Берілген мәтіннен негізгі ақпараттарды тап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет