6-сынып. Оқылым. (1 балл). Мәтінді оқыңыз


Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы



бет3/9
Дата26.04.2024
өлшемі40,27 Kb.
#201441
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
емтихан материалы 6-сынып
тест косымша, Tourism, 8 е ктп, 5-сабақ .Мейоз. Мейоз фазалары, ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ
Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6










5

30


6-сынып.

  1. Оқылым. (1 балл).

Мәтінді оқыңыз.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады.
Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. Трибун ақынның әлеуметтік өмірге қатынасуының өзі шаруалар көтерілісімен тығыз байланысты еді. Махамбеттің көтеріліске үндеген тамаша шығармаларын шектен тыс езушілік пен теңсіздікті қарсы шықан халық күші туғызды. Демек, ақын толғауларының барлығынан дерлік көтеріліс рухы, елді езгіші хан - сұлтандарға қарсы үндеушілік айқын сезіледі. Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Кейін ұлы ақынның үлгісін Батыс Қазақстанды мекендеген ақындардың көпшілігі пайдаланды, үйренді.
Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді. 


1-тапсырма. Берілген мәтіннен негізгі ақпараттарды тап.
2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйене отырып, Махамбет поэзиясының ерекшелігі туралы комментарий жаз.


2) Жазылым. (3 балл).
«Махамбет – халықтың жалынды жыршысы» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келіспеу-келіспеу себептерін көрсету арқылы эссе жаз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет